50
Ӛлгендерді қҧрметтеу – конфуциандық дінінің ажырамас бӛлігі. Ата-
аналарға қҧрмет кӛрсету одан әрі зор маңызға ие. Балалардың ата-аналарын
а ізеттілік танытуы қасиетті парыз саналады. Балалар ӛмір
бойы ата-
аналарына арқау болып, сӛздеріне әрдайым қҧлақ асулары қажет. Әкелері
адамгершілікке жат ӛмір салтын жҥргізсе де (ҧрлық жасайды, шарап ішеді,
шешелерін қорлайды және т.б.), ҧлы немесе қызы оны жазғыруға қҧқығы
жоқ, олар тек жаман қылықтарды жасамауын ӛтініп сҧрайды. Қажет болған
жағдайда, балалар ата-аналарының денсаулығы мен тыныш ӛмір сҥрулері
ҥшін қандай да болмасын тәуекелге барулары қажет.
Балалары кез-келген
шешімді ата-аналарының рҧқсатымен ғана қабылдай алады. Шешесі немесе
әкесінің ӛлімінен кейін балалары ҥш жылға дейін қаралы кҥйді бастан
кешеді.
Конфуциандық діні ата-аналарды қҧрметтеуден басқа, отбасын да
қҧрметтеуді меңзеген, әр отбасы мҥшесінің мҥддесі қорғалған.
Қытайда отбасы-туысқандық байланыстарға кӛп кӛңіл бӛлінген.
Ҥйленген ҧлдары,
келіндері, немерелері және шӛберелері бар ҥлкен
отбасылар бір шаңырақтың астында болмаса да, жақын жерлерде тҧруы
қажет. Қазіргі заманғы Қытайдың ӛзінде де туысқандар тобын қҧрайтын
ҥлкен деревнялар бар. Мҧндай рулық қауымдастықтарда ӛзара кӛмек
кӛрсету арқылы жҥзеге асырылатын қатаң тәртіп сақталады, салт пен әдет-
ғҧрыптарды сақтамайтындар қатаң тҥрде жазаланады. Бір адамның мәселесі
барлық отбасы мҥшелерінің мәселелеріне қатысты қарастырылады.
Конфуций отбасы мен туған-туысқандарды қай жерде жҥрсе де, естен
шығармауға ҥйретті: әрбір қытайлық ӛз Отанынан қанша алшақ жҥрсе де,
қартайған шақта, ауру мен ӛлім аузына жеткенде, қалай да ӛз жеріне жетіп,
руластары жатқан зиратқа кӛмілуі қажет.
Достарыңызбен бөлісу: