С. Б. Балшыкеев



Pdf көрінісі
бет112/168
Дата06.01.2022
өлшемі1,13 Mb.
#11935
1   ...   108   109   110   111   112   113   114   115   ...   168
Байланысты:
Balshikeev 1

VII  Дүниежүзілік  соборда  (787  ж.)  иконаны  қҧрметтейтіндердің 
жақтастары  жеңіске  жетті.  Содан  бастап,  православиялық  және  жартылай 
католиктік  шіркеулер  ӛз  әрекеттерінің  әдет-ғҧрпын  иконаларға  табынумен 
байланыстырды.  
Сол шақта шығыс және батыс шіркеулері арасындағы шиеленіс одан 
әрі  ӛрши  тҥсті.  Жоғарыда  аталып  кеткендей,  Шығыста шіркеу  мемлекетке 
толық  тәуелді  болды,  император  бір  мезгілде  рухани  билеуші  болып 
табылды.  Батыста  жағдай  басқаша  болды:  Рим  папасы  бір  мезгілде  Батыс 
Еуропаның рухани және саяси билеушісі болды.  
Сонымен,  христиан  дінінің  бӛлінуінің  соңғы  кезеңіне  алып  келген 
жолы  қандай?  Біріншіден,  оның  ішінде  ең  маңыздысы  болып  Рим  және 
Константинополь  арасындағы  кҥрес,  нақтырақ  айтқанда,  биліктің 
монополизациясы ҥшін кҥресі болды. Екіншіден, Шығыста философиялық-
қҧдайға  қҧлшылық  ету  мәселелеріне,  ал  Батыста  –  саяси,  басқару 
мәселелеріне басты назар аударылды. Ҥшіншіден, Шығыс шіркеуі жалпыға 
ортақ  целибаттан  бас  тартты,  оларды  тек  монахтар  ҥшін  сақтады,  ал 
Батыста  барлық  діни  қызметкерлер  некесіздік  діни  антын    қабылдауға 
міндетті  болды.  Тӛртіншіден,  Шығыста  грек  тіліне  баса  назар  аударды,  ал 
Батыста  –  латын  тілі  басым  болды.  Бесіншіден,  Батыс  ӛзін  епископтық 
кафедраларға сайлауды міндеттеген, ал Шығыс бҧл шараны ішкі жағдай деп 
санады.  Алтыншыдан,  Шығыс  пен  Батыс  мәдениеттерінің  айырмашылығы 
қҧдайға қҧлшылық ету механизмдеріне ӛзгеріс енгізбей тҧрмады.  
Келіспеушіліктер салдарынан туындаған соңғы шегі 1054 жылдың 16 
шілдесінде жҥргізілді, онда Рим папасы Лев Х ӛз елшілеріне қарғыс айтып, 
патриарх    Константинопольскийді  шіркеуден  қудалады.  Патриарх  Михаил 
Керуларий  де  папаның  әрекеттері  сияқты  жауап  қайтарды.  Сол  кезден 
бастап  христиан  дінінің  Шығыс  тармағы  православиелік  (ортодоксальді), 
ал  Батыс  тармағы  –  католиктік  (әлемдік)  деп  атала  бастады.    Ӛзара 
бӛлінісулер,  қарғыстар  II  Ватикан  соборында  1965  жылдың  
желтоқсанында  ғана  Рим  қаласында  Рим  папасы  Павел  VI  мен 
Константинопольдық  Афиногормен  жойылды.  Дегенмен,  қазіргі  заманға 
дейін  шіркеулерді  ортақ  «киелі,  соборлы,  әлемдік  және  апостолдық 
шіркеуге біріктіру» мҥмкін болмады.  
Ортағасырлық христиан дінінің тарих беттерінде XI соңынан бастап, 
XIII  ғасырдың  соңына  дейін  жалғасқан  крест  жорықтарына  арналған 
тараулары 
бар. 
Таяу 
Шығыстың 
ӛзіне 

крест 
жорықтары 
ҧйымдастырылған.  Крест  жорықтары  діни  ҧрандарды  басшылыкка  алып,  
экономикалық  және  саяси  мақсаттарды  кӛздеді:  жат  елдің  билігіндегі 
христиан шіркеуінің әулиелері мен Палестинаны азат ету. Барлық жорықтар 
Рим епископтарының рҧқсатымен жҥзеге асырылып отырды.  


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   108   109   110   111   112   113   114   115   ...   168




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет