С. Б. Балшыкеев



Pdf көрінісі
бет118/168
Дата06.01.2022
өлшемі1,13 Mb.
#11935
1   ...   114   115   116   117   118   119   120   121   ...   168
г)  альбигойлықтар  (XII  ғ.,  Франция,  Италия,  Германия),  осылар 
катарлардың  дҥниетанымдарын  басшылыққа  ала  отырып,  одан  әрі  папа 
кеңесіне қарсы шығып, оған бой ҧсынбауды бастады.  Католиктік шіркеуге 
қарама-қайшы  альбигойлықтар  «жын-пері  кҥші»  деп  санаған  жеке 
шіркеулерін салды.  
Инквизиция  жоғарыда  аталған  кҥпірлікті  жою  ҥшін  қҧрылған  және 
сан  мыңдаған  жылдар  бойы  папалар  мен  монах-доминикандықтардың 
басшылығымен әрекет етті.   
Инквизиция  арсеналында  барлығы  болды:  қҧпия  тергеу,  сӛз 
тасушылар мен жалған куәгерлерді пайдалану, айлашыл тәсілдерді қолдану, 
мҥлікті  тартып  алу,  ҥшінші  атаға  дейінгі  туған-туысқандарға  айып  тағу, 
кҥпірлік шығармаларды жою және т.б. Қҧрбандарды жазаға тарту тәсілдері 
алуан тҥрлі болды: халық алдында жауап беру, айыппҧл салыну, абақтыға 
қамалу,  шықпырту,  дене  мҥшесін  зақымдаушылық,  отқа  жағып  ӛлтіру. 
Инквизиция қҧрбандарының саны миллиондаған адамға жеткен  – олардың 
арасында атаусыз шаруалар мен қолӛнершілерден бастап, атақты ғалымдар 
мен  бостандық  сҥйгіштер  (Джордано  Бруно,  Галилео  Галилей)  болды.  
Жалпы  парадокстың  мәні  –  инквизиция  жауыздығының  Қҧдай  ҥшін  және 
Қҧдайдың  қҧдіреті  ҥшін  орындалуында.  Инквизиция  –  ортағасырлық 
христиан дінінің тарихындағы ең қанды және ҧятты беттері.  
Мейірімсіз 
инквизициямен 
қатар, 
ортағасырлық 
ойшылдар 
монахтарға, кҥпірлерге арнап, діни догматтардың шыншылдығын дәлелдеу 
ҥшін  тиімді тәсілдерді әзірлеген.  
Тарихи  ғылымда  бҧл  философия  «схоластика»  (латынша  -  schola-
мектеп)  атауына  ие  болды.  Схоласттар  жаңа  ақиқатты  табуға  талпынған 
жоқ,  керісінше,  философиялық  кӛзқарастағы  танымал  діни,  нақтырақ 
айтқанда,  библиялық  ережелерді  дәлелдеуге  кҥш  салды.    Олар  сол 
кезеңдерде  Еуропаның  білім  беру  орталарында  кең  тараған  Аристотель  
философиясын  жоққа  шығара  алмады,  содан  соң,  аристотелизм  мен 
христиандықтың 
теориялық 
синтезін 
жҥзеге 
асыруға 
тырысты.  
Схоластиканың атақты ӛкілі болып Фома Аквинский саналды. 


 
78 
Ортағасырлар келесі жҥзжылдықтарда ӛз жалғасын тапқан білім беру 
жҥйесіне  себепкер  болған.  Әңгіме  XIII  ғасырдың  басында  пайда  болған 
университеттер  жӛнінде  болмақ.  «Университет»  термині  алғашқыда 
студенттер  мен  оқытушылардың  қала  мен  тҧрғындар  тарапынан  тіл 
тигізулерден қорғайтын корпорацияны білдірді.  
Ең  атақты  университеттер  қатарында  Париж,  Болон,  Оксфорд  және 
Кембридж  университеттері  болды,  онда  қҧдайға  қҧлшылық  ету,  қҧқық, 
медицина,  математика,  философия,  астрономия,  риторика  және  музыка 
пәндері  оқытылды.  Ол  жерде  «бакалавр»,  «магистр»,  «доктор»  сияқты 
ғылыми дәрежелер берілген. Сабақ латын тілінде ӛтті, емтихандар кӛпшілік 
алдында  ауызша  және  жан-жақты  тҥрде  тапсырылды.  Әр  университеттің 
белгілі  бір  қҧқықтары  мен  артықшылықтары  болды,  ӛз  мәртебелерін 
бағалады  және  сол  заманға  лайықты  алдыңғы  қатарлы  мамандарды 
даярлады.  
XV ғасырдың басына қарай Еуропада барлығы 75 университет болды. 
Осының  арқасында  мамандарды  даярлау  монастырлар  мен  соборлар 
жанындағы  мектептерден  анағҧрлым  жоғары  және  кӛпшілік  дәрежеге 
ауыстырылды.  
Ортағасырлардағы  католиктік  шіркеулердің  қуаттылығы  айқын 
болатын. Алайда, шіркеуге ҥнемі сырттан және іштен қауіп тӛніп отырды. 
Католиктікті  дҥр  сілкіндірген  ең  басты  ӛзгерістердің  жаршылары  Дж. 
Уиклиф, Ян Гус және Савонарола болып табылды.  


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   114   115   116   117   118   119   120   121   ...   168




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет