68
Библияға деген қарым-қатынас кӛп мағыналылығымен ерекшеленеді:
бір полюсте – толық остракизм немесе оны аңыздар жиынтығы деп
есептеледі, басқа полюсте – толассыз мадаққа немесе табыну нысанына
айналдырады. Осы полюстер арасында библиялық мәтіндердің ӛзара
қарама-қайшы талқылаулары бар. Әлдекім Библияны әркімнің ӛздігінше ән
салатын музыкалық аспап деген.
Библия әдеби жанрларының байлығымен ерекшеленеді: қара сӛз,
поэзия, ӛлең, жоқтау, ӛсиет әңгіме, қысқа хабар, тарихи әңгіме және
басқалары. Онда аса жоғары философиялық мәні бар мәселелер
талқыланады: Дҥниенің бастауы мен соңы, ӛлім мен мәңгілік ӛмір, адам
ӛмірінің мәні мен мақсаты жайлы мәселелер.
Бҧл кітап ой толғауға себеп болады, ойлауға мәжбҥр етеді. Библияның
оқырмандары мен оны қҧрмет тҧтатындар әр тҥрлі ойларымен
ерекшеленеді. Бҧл жағдай христиандық дін ілімінің тармақталған жҥйесінің
туындауына ықпал етті. Қазіргі таңда библиялық ілімді әр тҥрлі жақтан
талқылайтын және тҥсінік беретін кӛптеген дін іліміне байланысты пәндер
бар:
-
апологетика, қҧдайға сенбейтін және ӛзгеше ойды ҧстанушылар
алдындағы негізгі догматтарды қорғаумен айналысады;
-
практикалық (адамгершілік) адамдарға дҧрыс ӛмір сҥру салтын
насихаттайтын дін ілімі;
-
салыстырмалы дін ілімі, берілген конфессияның артықшылығы
мен басқа дін оқуларының дәлелсіздігін кӛрсетеді;
-
Достарыңызбен бөлісу: