С. Б. Балшыкеев



Pdf көрінісі
бет131/168
Дата06.01.2022
өлшемі1,13 Mb.
#11935
1   ...   127   128   129   130   131   132   133   134   ...   168
Байланысты:
Balshikeev 1

Ислам догматтары. Мҧсылман дін ілімдері бойынша Қҧдай әр тҥрлі 
кезеңде әр тҥрлі халықтарға пайғамбарларды жіберген, олар халықты Қҧдай 
Сӛзімен оқытқан. Пайғамбарлық кезеңді соңғы пайғамбар болып табылған 
«Пайғамбарлардың  мӛрі»  деп  танылған  Мҧхаммед  аяқтады.  Мҧхаммед 
ілімі  Адамның  барлық  ҧрпағына  және  бҥкіл  адамзатқа  арналады  –  басқа 
пайғамбарлар болмайды.  
Мҧхаммед нені оқытты? Ислам дінінің догматтары қандай? 
1. Қҧдайдың  жалғыздығына  сену.  «Алладан  басқа  Тәңір  жоқ»  - 
исламның ең басты догматы. «Алла» сӛзі Дҥниені жаратушы және оны ӛзі 
ешбір  «серіктестерсіз»  жеке  басқарушы  жалпыға  ортақ  Қҧдайдың  есімі 
болып табылады.  
2. Жаратушының Періштелеріне сену. Періштелер кҥдіретті кҥшке ие 
болмайды,  тәні  жоқ,  Қҧдай  алдында  адамдарды  қорғамайды,  кҥнәдан  таза 
болады. Олар біздің арамызда жҥреді, Алланың алдында о дҥниеге аттанған 
соң  ҧсынылатын  жақсы  және  жаман  ойларымыз  бен  әрекеттерімізді 
белгілейді.  Періштелерге  табыну  мен  олардан  кӛмек  сҧрауға  тыйым 
салынады.  
3. Алланың  жолдауына  сену.  Қҧранға  дейін  Қҧдай  адамдарға 
Авраамның  Библиясы,  Моисейдің  Торы,  Давидтің  Псалмасы  және 
И.Христостың  Евагелиесі  сияқты  кітаптарды  пайғамбарлар  арқылы 
жіберген.  Қҧран  алдыңғы  елшіліктерге  қарағанда  айырмашылығы  бар 
соңғы жолдауы: 
-  алдыңғы  жолдаулардың  кӛпшілігінің  бастапқы  мәтіндері  жоғалған 
және  олардың  тек  аудармалары  ғана  бар.  Қҧран  бастапқы  нҧсқасында 
сақталған; 
-  алғашқы  Жазбаларда  адамзаттың  мәтіндері  мен  Қҧдайдың  сӛзін 
адамның  сӛзінен  айыру  мҥмкін  емес.  Ал  Қҧранда  тек  Қҧдайдың  сӛздері 
тҥсірілген; 
-  басқа  кітаптар  жӛнінде,  қай  ғасырда  және  кімге  арнайы  ашылғаны 
туралы мәлімет жоқ. Бҧл мәселе бойынша Қҧранда толық тҥсіндірілген: ол 
Мҧхаммедке VII ғасырда жеткен; 
-  алдыңғы  Жазбалар  ӛлі  тілдерде  жеткізілген,  сондықтан  оларды  тек 
белгілі  бір  шағын  кӛлемдегі  мамандар  ғана  тҥсіне  алады.  Қҧран 
миллиондаған адамдардың қолданысындағы тірі тілде жеткен;  
       Әркім Қҧранды бастапқы ҥлгісінде оқи алады; 
-  алғашқы  Жазбалардың  әрқайсысы  тек  бір  халыққа  және  белгілі  бір 
тарихи кезеңге арналып жазылған. Қҧран болса барлық адамзат ҥшін шексіз 
уақытқа арналып жазылған; 
- алғашқы кітаптарда адамдар кӛптеген ерсі және адамгершілікке жат 
заттарды енгізген. Қҧран болса даналықтың, адамгершілік пен шындықтың 
қайнар кӛзі болып табылады.  


 
87 
4.  Тәңір  пайғамбарларына  сену.  Мҧсылмандар  Қҧранда  жазылған 
барлық пайғамбарларға сенуге міндетті.  
Мҧхаммед  және  оған  дейін  ӛмір  сҥрген  пайғамбарлар  арасындағы 
айырмашылықтарды есте сақтаған жӛн: 
-  алғашқыда  пайғамбарлар  белгілі  бір  халыққа  және  кезеңге 
байланысты  жіберілген.  Мҧхаммед  барлық  халыққа  ортақ барлық   кезеңге 
жіберілген; 
-  кӛптеген  пайғамбарлардың  ілімдері  ҧмытылған  және  бҧрмаланған, 
олар бойынша ӛмір сҥру мҥмкін емес жағдай. Мҧхаммед ілімінің мәні  - ол 
бойынша жаңылысудан қорықпай ӛмір сҥру мҥмкіндігінің болуында; 
-  алғашқы  пайғамбарлардың  әулиелігі  тегіс  қамтылмаған,  ал  әрбір 
жаңа  пайғамбар  алдыңғы  пайғамбарлардың  бҧйрықтарын  жойған  немесе 
ӛзгертіп  отырған.  Мҧхаммедтің  ілімі  барлығын  тегіс  қамтыған,  оны 
қайтадан ӛзгертуге немесе жақсартуға болмайды. 
5.  О  дҥниелік  ӛмірге  сену.  Мҧсылмандардың  пікірінше,  кімде-кім 
қайта  тірілуге  сенбесе,  ол  кәпір  болып  табылады,  ӛйткені,  ӛлгеннен  соң 
ӛмір  сҥруді  жоққа  шығару  барлық  нанымдардың  мәнін  жоғалтады.  О 
дҥниелік  ӛмір  мәңгілікте  ӛмір  сҥрудің  сапалы  жаңа  кҥйі  ретінде 
тҥсіндіріледі.  Діннен  қашқандарға,  мҧсылмандық  адамгершіліктен  бас 
тартқандарға  тозақтың  оты  дайын  тҧрады,  ал  діншіл  мҧсылмандарға 
жҧмақтың шексіз рахаты тарту етіледі.  
Жоғарыда  аталған  догматтар  ислам  дінінің  негізі  болып  табылады: 
оларға сенген адам мҧсылман қауымдастығының мҥшесіне айналады. 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   127   128   129   130   131   132   133   134   ...   168




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет