88
2. Ауыз бекіту (ораза). Оразаны Рамадан (Рамазан) айының
кҥнтізбесі бойынша тоғызыншы айдың ішінде ҧстайды. Бҧл кезде
мҧсылмандар қасиетті кҥн бойы тағамнан, сусыннан, ерлі-зайыптылардың
қатынасынан, ойын-кҥлкіден және т.б. бас тартады. Тағам мен сусынға қану
тҥнгі уақытта рҧқсат етіледі. Ораза ҧстаудан аурулар, жҥкті әйелдер,
емізетін аналар, жол жҥретіндер, тоғыз жасқа дейінгі қыз балалар мен 14
жасқа дейінгі ҧл балалар босатылады.
Діндарлардың пайымдауынша, ораза ҧстау асқорыту жҥйелерін
жеңілдетеді, жанды жайландырады, аш адамдарға мейірімділік сезімдерін
білдіруді тәрбиелейді.
Егер мҧсылман Рамадан айында келесі әрекеттерді орындаса, ораза
жарамсыз деп саналады:
- жаман сӛздер айту, айқайлау, кҥндіз темекі шегу, киноға бару;
- тағам мен сусынды біле тҧра ішу, жалған әңгіме айту;
- әдейі қҧсық қҧсу.
Әрбір бҧзылған ораза жоғалтқан кҥндерді ӛтеу әрекеттерімен қоса
орны толтырылатынын айта кеткен жӛн: қҧлдарды босатуға, 60 аш адамды
тойдыруға болады және т.б.
Мҧхаммедтің айтуы бойынша, Рамадан айы келген уақытта жҧмақтың
есігі ашылып, тозақтың есігі жабылады. Алла ҥшін ораза ҧстаушының иісі
мускустың иісінен тартымды болады.
Достарыңызбен бөлісу: