сомалық будандар – алынады. Протопластар (қабықшасыз жасу-
ша) белгілі жағдайда бір-бірімен қосылып будан жасушасын
түзеді, сол жасушадан кейін будан өсімдік пайда болады. Протоп-
ластарды алу үшін өсімдік жасушада плазмолиз құбылысын ынта-
ландырып, жасушаны целлюлозо-пектинді қабықшаны ыдырата-
тын ферменттермен өңдейді (10-сурет).
А В
10-сурет. Плазмолизге ұшыраған өсімдік жасушасы (А) жəне ферментативтік
гидролизден кейін пайда болған протопласт (В)
Протопластарды қосу арқылы будандастыруды əртүрлі атай-
ды: сомалық будандастыру, парасексуальды будандастыру, жы-
ныстық емес будандастыру, ал пайда болған буданды – сомалық
будан деп атайды. Протопластар құйылысқанда алдымен олар бір-
біріне тоғысып жабысады, оны агглютинация деп атайды. Содан
кейін олардың мембраналары да қосылып, екі протопластан үлкен
бір протопласт пайда болады.
Протопластарды нəтижелі бөліп алу көптеген факторларға
байланысты, мысалы:
96 Тұрашева С.К., Оразова С.Б., Уəлиханова Г.Ж.
1) ұлпаның шығу тегі (жапырақ, тұқымжарнақ, тамыр, тозаң
түйіршіктері, каллус ұлпасы, суспензиядағы жасушалар);
2) өсімдіктің түрі мен сұрпы (оның генотипі);
3) өсімдіктің физиологиялық күйі;
4) ферменттердің құрамы мен сапасы;
5) ортаның рН жəне осмостық заттың түрі.
Протопластардың тіршілікке икемділігін, яғни олардың
метаболиттік белсенділігін анықтайтын арнайы əдіс бар, ол
протопластардың флуоресцеиндиацетатпен (ФДА) боялуы. ФДА –
бұл флуоресценциясы жоқ қосылыс, протопластардың мембрана-
сынан жеңіл өтеді. Тірі протопластардың ішінде фермент эстера-
заның əсерімен ыдырайды, соның нəтижесінде флуоресцеин
босайды, оны протопластардың бүтін мембраналары ұстап қалады.
Сондықтан метаболиттік белсенділігі бар (яғни тіршілікке
қабілетті) протопластар ультракүлгін сəулесінде көзге көрінеді,
себебі іштерінде жинақталған флуоресцеин ультракүлгін сəуле-
сімен қоздырылып, жасыл сəулені тарата бастайды.
Протопластарды сұйық ортада өсіргенде жасушалардағыдай
тығыздығы жоғары болуы керек. Көбінесе бұл көрсеткіш 1мл 10
4
-
10
5
жасуша болады. Протопластардың өсуіне жақсы жағдай жасау
үшін “қоректік қабат” əдісін пайдаланады немесе байытылған
ортаны қолданады, болмаса олар өсіп жатқан ортаның көлемін
минимумға дейін азайтады. “Астыңғы қоректік қабат” ретінде
рентген немесе гамма-сəулелері əсер еткен протопластар мен
жасушалар пайдаланылады. Протопластарды өсірудің кең таралған
əдісі, оларды жоғары ылғалдылықта көлемі 20-40 мкл тамшы-
ларда жəне микротамшыларда өсіру (қоректік ортаның көлемі 1
мкл дейін). Протопластарды агары бар қатты ортада да өсіруге
болады. Ол үшін протопластар суспензиясын 1,2 % агары бар
жылы (45
°
С) көлемі бірдей ортамен араластырады.
Протопластардың сыртында теріс электр заряды болады,
сондықтан олар суспензияда бір-бірінен оқшауланады. Құйылысу
үшін оларды алдымен бір-бірімен жанастыру керек, сондықтан
плазмалемма зарядын өзгерту қажет. Протопластардың құйылы-
суы үшін химиялық жəне электрлік əдістер пайдаланылады.
Химиялық əдіс протопластардың құйылысуына жағдай жасайтын,
плазмалемманың электрлік зарядын өзгертетін заттарды суспен-
зияға қосуға негізделген. Электрлік құйылысу əдістің негізінде
Өсімдіктер биотехнологиясы бойынша теориялық мəліметтер 97
электр өрісі пайдаланады. Протопластар суспензиясы екі электрод-
тың арасында орналасады. Айнымалы ток диэлектрофорезді қоз-
дырады, протопластар бір-біріне тақалып бір қатарға тізіледі. Бұл
тізбектер тек электр өрісі болған кезде тұрады. Оларға қосымша
жеке қатты электр импульсін (600 В/см, 10-20 мксек.) бергенде,
қатты қысылып тұрған плазмалық мембраналарда тесіктер пайда
болады да, протопластар бір-біріне құйылып кетеді. Екі протопласт
қосылған кезде, егер олардың ядролары қосылса, нағыз будан
жасуша, яғни ядролық будан пайда болады. Ядролары қосылмаған
будан жасушаны гетерокарион деп атайды. Гетерокарионды ата-
аналық біреуінің немесе екеуінің субпротопластарын будандас-
тыру үшін пайдалануға болады. Субпротопласт – протопластың
бөлігі, цитоплазмалық мембранамен қоршалған құрамында кейбір
органоидтары бар протопласт; ядросы болса – ол нуклеопласт,
ядросы жоқ болса – цитопласт, ядро мен цитоплазманың бөлігі
болса – мини-протопласт. Хлоропластар мен митохондрияларды
бір жасушадан екіншісіне көшіру үшін цитопластарды пайдала-
нуға болады. Ата-ананың біреуінің ядросы бар жəне цитоплазма-
лық гендерді екеуінен немесе біреуінен болса, онда цитоплазмалық
будан (цибрид) деп аталады. Ата-аналық біреуінен цитоплазмалық
гендері иеленген будандарды цитоплазмалық гетерозиготалық
будан (цитогет) деп атайды. Жасушада цитоплазмалық гендер
хлоропластар мен митохондрияларда болуы жəне кейбір ядролық
жəне цитоплазмалық гендерінің жойылуы (сегрегация) арқасында
сомалық будандастыру нəтижесінде будандардың 27 түріне дейін
алуға болады (11-сурет)
Сонымен, сомалық будандастырудың артықшылығы мынада:
əдетте жыныстық жолмен будандаспайтын тектер алыс-
жақын түрлерді будандастыру;
ассиметриялық буданды алу, оларда аналық немесе
аталықтарының гендер жиынтығы толығымен болса,
сомалық буданда бірнеше хромосомасы болса жеткілікті;
сомалық буданда үш немесе оданда көп ата-аналық
жасушаларын қосуға болады;
ядродан тыс цитоплазмалық гендері бойынша гомозиго-
таларды алу;
жыныстық жолдармен көбейе алмайтын түрлердің
сұрыпын алу.
|