Өсімдіктер биотехнологиясы бойынша теориялық мəліметтер
99
биосинтезіне қабілеттілігінен айырылған. Будан жасушаларды
сұрыптаудың тағы бір əдісі
– физиологиялық комплементтену.
Кейде ата-аналық ретінде қолданылған жасушалардың көбеюіне
жəне морфогенезге қабілеті болмайды, ал олардың протоплас-
тарын қосудан пайда болған сомалық будан жасушалар ондай
қабілетті көрсете алады. Протопластар құйылысып, будан жасу-
шалар пайда болғанда олардың метаболизмі жөніне келеді, яғни
биохимиялық комплементтену өтеді.
Будан өсімдіктерді талдау үшін генетикалық (гибридизация-
лық əдіс, цито-генетикалық əдіс) жəне биохимиялық (изофермент-
тік талдау) əдістері қолданылады.
Жасушалық инженерияның тағы бір бағыты – жасушалық
реконструкция.
Жасушаны қайта құрастыру (реконструкция) –
жасушаның құрамына кіретін ядроны, цитоплазманы, митохон-
дрияларды, хлоропластарды, хромосомаларды бір жасушадан
басқа жасушаға көшіру негізінде мүлдем жаңа жасушаны жасау
(12-сурет).
Осындай əрекеттер нəтижесінде ядролық жəне цито-
плазмалық гендер тіркестігі əдеттегідей емес, тіпті өзгеше жасу-
шалар пайда болуы мүмкін. Жеке хромосомаларды тасымалдау
арқылы анеуплоидтық линияларды алу мүмкіншілігі болса,
ғалымдарды одан да артық қызықтырып келеді.
Достарыңызбен бөлісу: