С. Б. Оразова Г. Ж. Уəлиханова «биотехнология негіздері: Өсімдіктер биотехнологиясы»



Pdf көрінісі
бет174/217
Дата31.12.2021
өлшемі2,87 Mb.
#21818
1   ...   170   171   172   173   174   175   176   177   ...   217
Байланысты:
ebin.pub 9786010406766

Мұздатып  сақтау  (криосақтау) – жасушаларды  қатты  мұз-
датып  алып  өте  төмен  температурада  сақтау,  мысалы  сұйық  азот 
температурасында (-196 
о
С).  Қазіргі  уақытта  жасушаларды, 
ұлпаларды,  мүшелерді  қатты  мұздатып  сақтау  медицина  мен  мал 
шаруашылығында  кеңінен  пайдаланылады.  Ал  өсімдіктерге  кел-
сек,  өкінішке  орай,  жағдай  басқаша.  Басты  қиындығы, ол  өсімдік 
жасушаларына  тəн  ерекшеліктері  жəне  мұздың  оларға  əсері. 
Өсімдік  жасушалары  көлемі  үлкен,  вакуолі  зор,  суы  көп  болған-
дықтан мұздату жəне еріту кезеңдерінде олар қатты зақымданады. 
Ол  мұздың жасуша  ішінде  де,  сыртында  да  қатуына  байланысты. 
Температура  баяу  төмендесе,  жасушаның  бос  суы  жарым-жарты-
лай сыртқа шығып үлгереді де, сыртқы ерітіндіде мұзға айналады. 
Ал  мұздату  өте  жедел  өтсе,  жасушаның  дегидратациясы  жүріп 
үлгермейді  де,  мұз  цитоплазма  ішінде  түзіле  бастайды.  Мұндай 


Өсімдіктер биотехнологиясы бойынша теориялық мəліметтер                        147 
қиыншылықтарды  жеңу  үшін  жасушаларды  мұздатып  сақтағанда 
арнайы  қорғаныш  заттарды  (криопротекторларды)  пайдаланады. 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   170   171   172   173   174   175   176   177   ...   217




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет