Криопротектор – жасушаның мұздап қату нүктесін төмендетіп,
жасуша ішіндегі сумен байланысып, жасушаны механикалық жəне
осмостық бүлінуден қорғайтын зат.Криопротекторларға диметил-
сульфоксид (ДМСО), глицерин, пролин, сахароза жатады. Сахароза
жақсы табиғи протекторы. Криопротекторлардың өздері осмостық
стресске себепкер болмауы үшін олардың концентрациялары жеке
іріктеліп алынады. Бірқатар жасушалық суспензияларын нəтижелі
қорғау үшін криопротекторлардың қоспаларын жəне криопротек-
торлар мен осмотиктер (сорбит, маннит) қоспаларының əртүрлі
концентрациясын пайдалану қажет.
Мұздату баяу, бірте-бірте, жылдам, өте тез, лезде өткізіледі.
Баяу біртіндеп мұздатқанда температура 0
о
С-тан – 40
о
С арасында
минутына 0,5
о
С- 1
о
С төмендейді. Жылдам мұздатқанда нысана
криопротектор қосылған ампуласымен шапшаң сұйық азотқа
салынады. Ал өте тез мұздатқанда нысанның өзі сұйық азотқа
лезде салынады.
Криобанктегі нысаналарды көп мөлшерде жəне ұзақ мерзімде
сақтағанда бағдарламалы мұздату қолданылады. Бұл үшін арнаулы
қондырғы қажет, оныңкамерасына бағдарламаланған жылдамдық-
пен сұйық азоттың буы беріліп тұрады.Басқа түрлі мұздатқышта
жасушалар балқу температурасы төмен сұйық зат құйылған ка-
мераға салынады. Ол камера электрмұздатқышпен суытылып тұра-
ды. Оның температурасы бағдарлама бойынша реттеліп тұрады. Ең
қарапайым аспаптарға Дьюар ыдыстары (16-сурет) жəне пеноп-
ласттан жасалған қораптар жатады.
Өсімдіктер биологиясы жəне биотехнология институтында
академик І.Р. Рақымбаевтың жетекшілігімен экономикалық маңыз-
ды өсімдіктердің гермаплазма криобанкі жəне жеміс-жидек
өсімдіктердің гермаплазмасын криосақтау əдістері үйлестірілді.
Бұл үшін витрификация, инкапсуляция-дегидратация жəне баяу
бағдарламалық салқындату əдістері пайдаланылуда. Сонымен, іn vіtro-да сақталатын генофонд – ғылыми зерттеулер мен биотех-
нологияда қолданылатын гендердің бағалы қайнар бұлағы болған-
дықтан, дүние жүзінде криобанктерді жасау жұмыстары қарқынды
жүргізіледі.