«Жасушалық инженерия» тарауы бойынша тест жəне есеп тапсырмалары 1. Протопластардан регенерант өсімдіктердің шығуына мынандай факторлар əсер етеді (бұрыс жауапты белгілеңіз): A) Бастапқы ұлпаның физиологиялық күйі;
B) Өсімдіктің түр ерекшелігі;
C) Протопластардың мутагендермен өнделуі;
D) Протопластарды суспензияда өсіргенде тығыздығы;
E) Қоректік ортаның құрамы;
F) Су мөлшерінің өсуі;
G) Климатикалық факторлардың əсері;
H) Дифференциацияға қабілеті.
2. Сомалық будандастырудың мүмкіндіктері (теріс жауап- ты белгілеңіз): A) Филогенезде түпкі тектері алыс жатқан өсімдіктерді
будандастыру;
B) Асимметриялық будандарды алу;
C) Цитоплазмалық гендері бойынша гетерозиготаларды алу;
D) Генеративтік жүйелерінің сыйымсыздығын жеңу;
E) Белгілі гендері бар будандарды алу;