Сомаклондық өзгергіштік – (гр. soma ‒ дене, clon ‒ ұрпақ, бұтақ),
ор. сомаклональная изменчивость, ағ. somaclone variability ‒ өсімдук
жасушаларының ядролық жəне органоидтық геномдарының тұрақты
еместігінен болатын фенотиптік өзгергіштіктер. Нақты мутациялардан
айырмашылығы жиі кездесуі жəне өзгерістердің (геннің, хромосоманың,
геномның құрылысының өзгеруі) комплекстік түрде жүруімен айқын-
далады.
Сомалық будандастыру – (гр. soma ‒ дене, para ‒ маңында, жанын-
да, фр. sexe ‒ жыныс), ор. соматическая (парасексуальная) гибридизация,
ағ. somatic hіbridization ‒ будандастырудың жыныстық шағылыстыру
жолынан басқа жолы. Бұндай жағдайда ата-аналық жасушалар ретінде
оқшауланған сомалық протопластарды пайдаланады; қосылған протоп-
ластардан кейіннен регенерация арқылы будан, тұтас өсімдіктер пайда
болады, өседі.
Өсімдіктер биотехнологиясы бойынша теориялық мəліметтер 183