С. Б. Оразова Г. Ж. Уəлиханова «биотехнология негіздері: Өсімдіктер биотехнологиясы»



Pdf көрінісі
бет214/217
Дата31.12.2021
өлшемі2,87 Mb.
#21818
1   ...   209   210   211   212   213   214   215   216   217
Сомаклондық өзгергіштік – (гр. soma ‒ дене, clon ‒ ұрпақ, бұтақ), 
ор.  сомаклональная  изменчивость,  ағ. somaclone variability ‒  өсімдук 
жасушаларының  ядролық  жəне  органоидтық  геномдарының  тұрақты 
еместігінен  болатын  фенотиптік  өзгергіштіктер.  Нақты  мутациялардан 
айырмашылығы жиі кездесуі жəне өзгерістердің (геннің, хромосоманың, 
геномның  құрылысының  өзгеруі)  комплекстік  түрде  жүруімен  айқын-
далады. 
Сомалық будандастыру – (гр. soma ‒ дене, para ‒ маңында, жанын-
да, фр. sexe ‒ жыныс), ор. соматическая (парасексуальная) гибридизация, 
ағ. somatic hіbridization  ‒  будандастырудың  жыныстық  шағылыстыру 
жолынан  басқа  жолы.  Бұндай  жағдайда  ата-аналық  жасушалар  ретінде 
оқшауланған  сомалық  протопластарды  пайдаланады;  қосылған  протоп-
ластардан  кейіннен  регенерация  арқылы  будан,  тұтас  өсімдіктер  пайда 
болады, өседі. 


Өсімдіктер биотехнологиясы бойынша теориялық мəліметтер                        183 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   209   210   211   212   213   214   215   216   217




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет