26 Тұрашева С.К., Оразова С.Б., Уəлиханова Г.Ж.
дырушы заттар төмендегі талаптарға сəйкес болулары тиіс: а) өсім-
діктің сыртқы бөлігіндегі саңырауқұлақтар мен микроағзалардың
спораларын залалсыздандыра отырып, оның ішкі ұлпаларын
зақымдамауы тиіс; б) өсімдікті өңдеп болған соң заттың стериль-
денген сумен тез жуылуы немесе тез арада ыдырап кету қасиеті
болуы тиіс. Стерильдеу жұмыстарын бастамас бұрын қақпағы бар
4 залалсызданған ыдыс дайындайды, оның біреуіне стерильдеуші
ерітінді құйып толтырады, қалғандарына стерильденген дистиль-
денген су құяды. Тазаланған жəне дистильденген суда жуылған
өсімдік материалын бірнеше секундқа 96%-дық этил спиртіне ба-
тырып, содан кейін оны стерильдеуші ерітіндіге салады да, осы
кезден бастап уақытты белгілейді. Стерильдеу уақыты аяқталысы-
мен өсімдік материалын стерильденген пинцет көмегімен залал-
сызданған су құйылған ыдыстарға салады да, əрқайсысында 5 ми-
нуттен ұстайды. Осылай залалсызданған өсімдік материалын
стерильденген Петри тостағаншасына салып, оның мүшелерін,
ұлпаларын жəне т.б. бөліктерін жасанды қоректік ортаға отырғы-
зуға пайдаланады.
Бірінші кезеңде қоректік ортаға отырғызылған өсімдік жасу-
шалары өзіне тəн функцияларының көбісін жоғалтып, дедиффе-
ренциацияға ұшырайды да, каллус ұлпалары пайда болады. Жасу-
ша құрылымдық жəне химиялық тұрғыдан неғұрлым аз жіктелсе
(дифференциацияланса), соғұрлым каллус алу оңай болады.
Іn vitro
жағдайда алынған каллус ұлпасы кəдімгі жасушаларға тəн құры-
лымы жоқ, аморфты, жұқа қабықты паренхималық жасушалардан
тұрады. Екінші кезеңде С. Мурасиге, Ф. Скуг, Р. Готре теория
бойынша каллус ұлпаларында, редифференциация процестерінің
нəтижесінде, морфогенез жəне регенерация процесі басталады.
Яғни өсімдік жасушаларының ерекше қасиеті –
тотипотентік
Достарыңызбен бөлісу: