С. Б. Оразова Г. Ж. Уəлиханова «биотехнология негіздері: Өсімдіктер биотехнологиясы»



Pdf көрінісі
бет27/217
Дата31.12.2021
өлшемі2,87 Mb.
#21818
1   ...   23   24   25   26   27   28   29   30   ...   217
Байланысты:
ebin.pub 9786010406766

қасиеті – сомалық  жасушаның  өзінің  даму  потенциалын  толық 
жүзеге асыруы (біртұтас өсімдік ағзаны түзуге қабілеті) байқалады. 
Тотипотентік қасиет жасушалардың детерминация жəне компетен-
ция қасиеттерімен тығыз байланысты. Жасушалардың компетен-
циясы деген – жасушалардың индукторлық əсерін қабылдап алуға 
қабілеттілігі жəне соның арқасында өзінің даму бағытын өзгертуі.  
Қоректік ортадағы органикалық заттардың жəне фитогормон-
дардың əсерінен морфогенез бен регенерация процестерін реттеуге 


Өсімдіктер биотехнологиясы бойынша теориялық мəліметтер                        27 
болады. Морфогенездің үш жолдары белгілі: гистогенез (ұлпалар-
дың  пайда  болуы),  органогенез  (геммогенез,  немесе  сабақтардың 
пайда болуы; ризогенез, немесе тамырлардың пайда болуы, геммо- 
ризогенез, немесе регенерант-өсімдіктің пайда болуы) жəне сома-
лық эмбриогенез (дене жасушаларынан ұрықтардың пайда болуы). 
 Эмбриоидтардың эксплант жасушаларынан түзілгенде тікелей 
эмбриогенез деп атайды, бірақ көбінесе эмбриоидтар эмбриондық 
жасушалық  комплексі,  яғни  биполярлы  эмбриоидтарды  түзетін 
жасушалар комплексі арқылы пайда болады.  
Каллус  ұлпа  өсімдіктің  көптеген  мүшелері  мен  ұлпаларынан 
түзеле  алады,  мысалы,  жапырақтардан,  сабақтан,  тамырдан,  дəн-
нен,  аталық  тозаң  дəндерінен,  эндоспермнен.  Жіктелудің  соңғы 
деңгейіндегі  өсімдік  жасушасы  жасанды  ортада  өсу  реттегіштері-
нің əсерінен (негізінен ауксиндер мен цитокининдер) дедифферен-
циацияға  ұшырап,  меристемалық  белсенділік  таныта  алады.  Кал-
лус түзілу (каллусогенез) индукциясы, негізінен, тəжірибеге алын-
ған өсімдік эксплантының табиғатына байланысты. Жетілген ұлпа-
лармен  салыстырғанда  жас  ұлпалар  бұл  жұмыстар  үшін  оңтайлы 
келеді.  Каллусогенездің  индукциясын  ынталандыру  үшін  ауксин-
нің жоғары концентрациясы жəне цитокининнің төмен концентра-
циясы бар қоректік орталар пайдаланылады (ауксин: цитокинин ≈ 
10:1). Каллус жасушалары, көп жағдайда, не түссіз немесе сарғыш 
түсті болып келеді. Морфогенді каллустар қара сары жəне жасыл 
түсті  болу  мүмкін.  Құрылымы  мен  морфологиясына  байланысты 
каллустардың екі түрі болады: борпылдақ каллустар – сұйығы көп, 
бір-бірінен  оңай  ажырайтын  жасушалардан  тұрады  жəне  тығыз 
каллустар – меристемалық  (эмбриогенді)  белсенді  зоналары  бар 
жасушалардан тұрады. Морфогенезге қабілеті бойынша каллустар 
морфогенді,  морфогенді  емес  жəне  эмбриогенді  болып  ерекшелі-
неді (2-сурет). 
Түзілген каллусты «аналық» экспланттан ажыратып, асептика-
лық  жағдайда  жаңа  агарлы  қоректік  ортаға  отырғызады.  Жаңа 
ортада  каллус  жасушалары  көбейіп  өсе  береді.  Оның  белгілі  бір 
массасы жиналған соң бірнеше бөліктерге бөліп, əрқайсысын жеке 
жаңа  қоректік  ортаға отырғызады (пассаждайды). Каллустың өсуі 
оны қоректік ортаға отырғызған сəттен басталады  да митоз циклі 
аяқталған соң өсу тоқталады (стационарлы фаза). Каллус жасуша-


28                                                Тұрашева С.К., Оразова С.Б., Уəлиханова Г.Ж. 
 
ларының  өсу  циклі 21-28 күн  құрайды.  Өсіру  барысында  каллус 
ұлпаларын  əр 4-6 аптадан  кейін  жаңа  қоректік  ортаға  отырғызу 
қажет. Жаңа ортаға отырғызылатын транспланттың массасы (жаңа 
қоректік ортаға отырғызылатын каллус ұлпасының бөлігі), 20-40 мл 
қоректік ортаға шаққанда, 60-100 мг болуы керек. Осылай каллус 
ұлпаларын  ұзақ  уақыт  бойы  өсіре  беруге  болады.  Сондықтан 
зерттеу  жұмыстары  үшін  каллус  өте  бағалы  объект  болып  табы-
лады.  Өсіру  барысында  каллус  жасушалары,  бірнеше  бөліну  дең-
гейлерінен кейін, кəдімгі онтогенез жолымен дамиды: ұзару жолы-
мен  өседі,  жіктеледі  (дифференциациялану)  жəне  деградацияға 
ұшырайды.  
 
    
   
 
      А  
 
 
В  
 
 
С 
 
А – морфогенді емес каллус; В – морфогенді каллус; С – эмбриогенді каллус; 
 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   23   24   25   26   27   28   29   30   ...   217




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет