Иммобилденген ферменттер (лат. Immobilis – жылжымай-
тын, қозғалмайтын) – табиғи немесе синтетикалық заттардың беткі
қабатына бекіген немесе полимерлік гельдер құрамына енгізілген,
қозғалысы шектелген ферменттер. Бекітілген ферменттерді қол-
дану бұрыннан белгілі, мысалы, 1916 жылы Дж. Нельсон мен
Е. Гриффин көмірге адсобцияланған инвертаза өзінің каталитика-
лық белсенділігін сақтайтынын көрсеткен. Иммобилденген фер-
менттердің нативті ферменттермен салыстырғанда елеулі артық-
шылықтары бар. Мысалы, олар реакциялық ортадан оңай бөлінеді.
Бұл реакцияны кез келген уақытта тоқтатып, катализатормен лас-
танбаған өнімдерді алуға жəне фермент препаратын бір немесе
бірнеше рет пайдалануға мүмкіндік береді. Иммобилденген фер-
менттердің технологиялары, сондай-ақ, биотехнологиялық жүйе-
лерді үздіксіз жүргізу, катализдейтін реакцияның жылдамдығын
реттеу ағынның жылдамдығын өзгерту жолымен, өнімді шығару
мүмкіншілігімен анықталады. Иммобилизация əдістерімен сəйкес
тасымалдаушыларын іріктеп алу, ферменттердің арнайылығын
көрсететін pH, температурасына тəуелділігін, сондай-ақ денатур-
лаушы əсерлерге тұрақтылығы сияқты қасиеттерін мақсатты түрде
өзгертуге болады.
Ферментті арнайы тасымалдаушы (органикалық, бейорганика-
лық, синтетикалық) субстратпен байланыстырады. Целлюлоза,
декстран, агароза жəне олардың туындылары сияқты полисахарид-
терді тасымалдаушы ретінде кеңірек пайдаланады. Олардың
ерекшеліктері: əртүрлі функционалды топтарының болуы, жоғары
деңгейдегі гидрофильділігі, қолайлылығы болып саналады. Соны-
мен қатар қосылыс-тасымалдаушылар каррагинан, альгин қышқы-
лы жəне олардың тұздары альгинаттар төмен температурада қолай-
лы, белгілі жағдайларда гель түзеді. Соңғы жылдардағы жұмыс-
тарда тасымалдаушы ретінде хитин мен хитозанның пайдаланып
жүргені жарияланды. Бұл тасымалдаушы иммобилденген фермент-
тердің белсенділігі жоғары, термотұрақты, бактерияларға төзімді
56 Тұрашева С.К., Оразова С.Б., Уəлиханова Г.Ж.
келеді. Ферменттердің иммобилизациясына арналған синтетика-
лық полимер тасымалдаушылар – стиролдардың негізінде диве-
нилбензол сияқты тігуші агенттер, полиуретан негізінде полимер-
лер жасалады, ПААГ, поливинил спирті негізінде тігуші агент
ретінде глутар альдегиді пайдаланылады. Органикалық төмен
молекулалы тасымалдаушылар – бұл табиғи липидтер немесе
олардың синтетикалық аналогтары. Липидтік тасымалдаушылар
əртүрлі беткейлерде моноқабат түрінде немесе сфера пішінді биқа-
бат (липосома) түрінде пайдаланады. Органикалық емес тасымал-
даушылар – силикагель, саз–балшық, керамика, табиғи минералдар
жəне олардың оксидтері негізіндегі саңылаулы жəне саңылаусыз
матрицалар болуы мүмкін жəне олар түйіршікті түрінде немесе
монолиттік түрінде қолданылады. Бұл тасымалдаушылардың ар-
тықшылығы – оңай регенерацияланады жəне кез келген құрылым-
ды бере алады.
Иммобилденген ферменттер мен иммобилденген жасушалар
биокатализаторлық жүйе ретінде өнеркəсіпте қолданылады. Жыл-
жымайтын жəне агар қосылған ортада өсірген жасушалар сұйық
ортада өсірген жасушаларға қарағанда қосымша метаболиттерді
көбірек синтездейді. Иммобилденген ферменттер мен жасушалар
технологияда ұзақ уақыт пайдаланылатын болғандықтан биоката-
лиз жүйесі арзанға түседі.
Жасушаларды 4 тəсілмен:
1) жасушаларды əртүрлі оқшау (инерттік) заттармен қап-
таумен (альгинат гель, агар, полиакриламид гелі (ПААГ),
желатинмен, коллагенмен);
2) оқшау заттың беткі қабатына ферменттерді жəне жасу-
шаларды адсорбция арқылы орналастырумен;
3) оқшау заттың беткі қабатына жасушаларды биологиялық
макромолекулалармен (лектиндермен) «тігумен»;
4) ферменттерді жəне жасушаларды коваленттік байланыстар
арқылы оқшау субстратқа орналыстырумен (мысалы, кар-
боксиметилцеллюллозаға-КМЦ) (4-сурет) иммобилдеуге
болады.
Өсімдіктер биотехнологиясы бойынша теориялық мəліметтер 57
а – жасушаларды инерттік субстратқа ендіру; б – жасушаларды инерттік
субстратқа адсорбция арқылы бекіту; в – жасушаларды инерттік субстратқа
биологиялық макромолекулалар көмегімен адсорбция арқылы бекіту;
г – жасушаларды ковалентті байланыстыру.
Достарыңызбен бөлісу: |