Есеп тапсырмалары: 1-тапсырма Егер ИСҚ-ның концентрациясы 2 мг/л темекі өсімдігінің
каллустың түзілуіне əсер ететіні белгілі болса, онда каллус түзі-
луіне (каллусогенез индукциясына) арналған 1,5 л Мурасиге-Скуг
қоректік ортасын дайындауда ИСҚ-ның 1% бастапқы (stok-ерітін-
дісінен) ертіндіден қанша көлемде (мл) алу керегін есептеңіз.
2-тапсырма Картоп жасуша дақылында каллустадағы геммо-ризогенезді
индукциялау үшін қанша кинетин жəне ИСҚ ерітінділерінің мөл-
шері керек екенін есептеңіз.
Егер морфогенез (геммо-ризогенез) процесін стимулдеуге
ИСҚ 1 мг/л жəне кинетин 3 мг/л қажет екені белгілі болса,
Гамборг-Эвелег (В5) қоректік ортасын 2 л дайындау үшін 1% ИСҚ
мен кинетин ертіндісінің қанша көлемін алу керек екенін есептеңіз.