С. Б. Оразова Г. Ж. Уəлиханова «биотехнология негіздері: Өсімдіктер биотехнологиясы»



Pdf көрінісі
бет95/217
Дата31.12.2021
өлшемі2,87 Mb.
#21818
1   ...   91   92   93   94   95   96   97   98   ...   217
Байланысты:
ebin.pub 9786010406766

 
3-тапсырма 
Митотикалық индекс қандай формула бойынша есептелінеді?  
Егер зерттелген темекі өсімдігінің каллус ұлпасының 1000 жа-
сушалардан  цитогенетикалық  талдау  бойынша  кестедегі  нəтиже-
лері  белгілі  болса,  онда  темекі  өсімдігінің  каллус  ұлпасының 
митотикалық индексі қанша болатынын есептеңіз. 
 
Қайта-
лымды 
Жасушалар саны
И
П
М 
А
Т
1 65
130
375 
280
150
2 86
153
420 
178
163
3 78
145
510 
140
127
 
Мұндағы: И-интерфаза, П-профаза, М-метафаза, А-анафаза, Т-
телофаза 
 
4-тапсырма 
Егер күріш каллустың бастапқы ылғалды массасы 0,356 грамм 
болса, 10 күннен кейін каллустың соңғы ылғалды массасы 1720 мг 
болғаны  белгілі  болды.  Тапсырма:  күріштің  каллус  ылғалды  био-
массасының өсуін анықтаңыз.  


Өсімдіктер биотехнологиясы бойынша теориялық мəліметтер                        85 
5 т а р а у.  
Гаплоидты технология 
 
 
Өсімдіктерден жаңа сұрыптарды, сауықтырылған өсімдіктерді 
тез  арада  алу  үшін  бірнеше  биотехнологиялық  əдістер  пайда-
ланады.  Олардың  ішінде  жасушалық  селекция  мен  гаплоидтық 
технология,  клондық  микрокөбейтуді  қолданады.  Гаплоидты 
технологияның  негізі – аталық  (андрогенез)  жəне  аналық  гаме-
тофит (гиногенез) дақылдарынан екі еселенген гаплоидтар (дигап-
лоидтар)  алу  технологиясы.  Андрогенез – аталық  гаметофитті 
(тозаң мен тозаңқаптар) in vitro жағдайында өсіру жəне гаплоидтық 
өсімдіктерді алу əдісі (8-сурет). 
 
 
 
8-Сурет. Андрогенез жолымен гаплоидты өсімдіктерді алу 
сызба-нұсқасы (І. Рақымбаев, 1991) 
 
Асептикалық  жағдайда  гүлден  тозаңдарды  бөліп,  алдын-ала 
дайындалған  қоректік  ортаға  отырғызады.  Тозаңдарды  жасанды 
ортада  өсіргенде  əртүрлі  құрылымдар  пайда  болады,  мысалы, 
глобула, полиэмбриоидтар, эмбриоидтар, морфогенді жəне морфо-


86                                                Тұрашева С.К., Оразова С.Б., Уəлиханова Г.Ж. 
 
генді  емес  каллустар.  Одан  кейін  эмбриоид  немесе  каллус  орга-
ногенезге  айналдыру  үшін  жəне  регенерацияны  дамыту  үшін 
арнайы қоректік орта керек. Сонымен андрогенездің тікелей жолы 
–  эмбриогенез,  ал  андрогенездің  жанама  жолы – каллусогенез (9-
сурет).  
 
 
А 
 
      
 
 
 
 
В 
9-сурет. Тозаңдардың даму сатысы (А). Тозаңқап культурасында 
эмбриоидтардың жəне өсімдік-регенеранттардың пайда болуы (В) 
 


Өсімдіктер биотехнологиясы бойынша теориялық мəліметтер                        87 
Тозаңқаптағы  мыңдаған  микроспоралардың  ішінде  тек  кей-
біреулері  ғана  эмбриоидты  түзеді.  Бұл  құбылыс  генетикалық 
деңгейде  белгіленуі  ықтимал.  Көбінесе  пайда  болған  өсімдіктер 
саны  гаплоидты  хромосома  санымен  тең  болады.  Сол  себептен 
дигаплоидты  материал  алу  үшін  бұл  өсімдіктердің  белгілі  даму 
кезеңінде хромосомаларды колхицинмен екі еселендіреді.  
Андрогенезге  бірнеше  факторлар  əсер  етеді.  Андрогенезде 
негізгі  бастапқы  факторлар  өсімдіктің  даму  кезеңі,  қоректік  орта 
компонентерінің əсері жəне дақылдау жағдайлары (физика-химия-
лық  факторлар,  яғни  жарық,  температура,  ауаның  ылғалдығы, 
колхицинмен өңдеу тəртібі) болып табылады. Іn vitro жағдайында 
тəжірибе  жолымен  гаплоидтарды  шығару  əдісінің  кең  таралуына 
екі  кемшілік  тегеурін  болады: 1) гаплоидтық  өсімдіктерінің  аз 
алынуы; 2) олардың  арасында  (əсіресе  астық  тұқымдастарында) 
альбиностардың көп кездесуі. Жалпы алғанда альбинизмнің себебі 
белгісіз, мүмкін ол тозаң дамуының бұрыс өтуіне байланысты бо-
лар.  Бəлкім,  ол  микроспораларды  өсірген  кезде  пайда  болатын 
мутациялардың салдары шығар.  
Тозаңдықтармен  салыстырғанда  ұрықтанбаған  түйіндерді 
өсіру  нəтижесінде  жасыл  өсімдіктердің  түзілу  жиілігі  жоғары  бо-
лады. Тозаң дəндері мен ұрықтанбаған түйіндерден алынған өсім-
діктерді салыстыру барысында гиногендік гаплоидтық жасыл өсім-
діктердің андрогенез жолымен салыстырғанда көбірек түзілетіндігі 
байқалды.  Гиногенез – тұқым  бүршігін  (аналық  гаметофитті)  in 
vitro  жағдайында  өсіріп  гаплоидты  өсімдіктерді  алу  əдісі.  Гино-
генез – апомиксистің  бір  түрі.  Апомиксис – ағзаның  жыныссыз 
жолмен көбеюі. Жалпы алғанда апомиксис табиғи жағдайда кезде-
сетін құбылыс, ал биотехнологиялық əдістермен оның тиімділігін 
арттыруға  болады.  Аналық  гаметофиттен  гаплоидты  каллус 1964 
жылы  жалаңаш  тұқымдылардың  ежелгі  өкілі  Гинкго  өсімдігінен 
алынған  болатын.  Тек  осыдан 7 жыл  өткеннен  кейін  ғана  жабық 
тұқымды  өсімдіктерде  (картоп,  жүгері)  гаплоидты  каллусогенез 
индукциясын жасауға мүмкіндік туды. 
Будан  ұрықтағы  хромосомалардың  селективті  жойылуы 
əдісімен гаплоидтарды алу. Арпаның жəне басқа астық тұқымдас-
тарының  гиногаплоидтарын  шығару  үшін  табиғатта  кездесетін 
партеногенездің бір ерекше түрін қолданған дұрыс. Екпе арпаның 


88                                                Тұрашева С.К., Оразова С.Б., Уəлиханова Г.Ж. 
 
(Hordeum vulgare)  жабайы  пиязшық  арпамен  (H.bulbosum)  тозаң-
дандырғанда, будан ұрық пен эндоспермнің бастапқы даму кезең-
дерінде  жабайы  арпаның  хромосомалары  жойылады.  Гаплоидтық 
ұрық (n=7) 15 күн өткен соң дамуын тоқтатады. Оны сақтау үшін 
бөліп алып іn vіtro жағдайында өсіру қажет. Жабайы арпаны ата-
лық  та,  аналық  та  ретінде  пайдаланып,  гаплоидтар  алуға  болады. 
Осы  гаплопродюсер  əдісімен  арпаның  жаңа  сұрыптары  шыға-
рылған.  
 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   91   92   93   94   95   96   97   98   ...   217




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет