С. Б. Сатымбекова компьютерлік желілер оқулық



Pdf көрінісі
бет3/109
Дата04.01.2023
өлшемі2,3 Mb.
#60360
түріОқулық
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   109
Байланысты:
ИС лекция КЖ

КІРІСПЕ 
Қоғамды ақпараттандыру ҥдерісі болашақ мамандардың біліктілік 
деңгейіне кӛптеген талаптар қойып отыр. Ӛйткені экономиканың барлық 
саласында ақпараттық және коммуникациялық технологиялар белсенді 
қолданылуда. Қоғамды акпараттандыру дегеніміз - әр тҥрлі ақпараттық 
қорларды қалыптастыру мен пайдалану негізінде азаматтардың, мемлекеттік 
ӛкімет органдары мен жергілікті ӛзін-ӛзі басқару органдарының, ҧйымдардың, 
қоғамдық бірлестіктердің қҧқықтарын жҥзеге асырып, олардың ақпараттық 
талаптарын қанағаттандыру ҥшін тиімді жағдай жасау мақсатында 
ҧйымдастырылған 
әлеуметтік-экономикалық 
және 
ғылыми-техникалық 
ілгерілеу. Бҧл кезде қызмет салаларының барлығында білімді айқын, тҥбегейлі 
және дер кезінде барынша толық пайдалануды қамтамасыз етуге бағытталған 
кешенді шараларды жҥзеге асыруға басты назар аударылады. Кӛптеген елдер ӛз 
ерекшеліктерін ескере отырып, ҧлттық ақпараттандыру бағдарламаларын 
қабылдады. 
Ақпараттандырудың негізгі мақсаты – Қазақстан Республикасында 
біртҧтас білім беретін ақпараттық ортаны қҧру болып табылады. Олай болса
білім беру саласына жаңа ақпараттық технологияны шоғырландыру, Қазақстан 
Республикасындағы ақпараттық кеңістікті әлемдік білім беру кеңістігімен 
сабақтастыруға мҥмкіндік береді. 
Білім беруді ақпараттандырудың негізгі міндеттері: 

ақпараттық және телекоммуникациялық техникалық қҧралдармен 
қамтамасыз ету; 

білім беруді ақпараттандыру бойынша тәжірибелік шараларды анықтап, 
жҥзеге асыру; 

оқу-тәрбие ҥдерісіне жаңа ақпараттық технологияны енгізуді қамтамасыз 
ету бойынша ғылыми-ізденушілік және оқу-әдістемелік жҧмыстар жҥргізу; 

пәндер бойынша жасалатын жалпыға міндетті білім стандарттарының 
және оқу-әдістемелік кешендерінің мазмҧнын ақпараттық технологияны 
пайдалану мҥмкіндіктерімен жетілдіру, білім беруді басқаруда ақпараттық 
жҥйе қҧру;

білім 
беру мекемелерінің қызметкерлері ҥшін бағдарламалық-
техникалық қҧралдарды қамтамасыз ету және мультимедиялық бағдарламалар, 
электрондық оқулықтар жасау

оқытушыларды жаңа ақпараттық технологияны ӛз қызметтеріне еркін 
пайдалана білуге дайындау және жҥйелі тҥрде біліктіліктерін арттыру. 
Білім беру саласын ақпараттандырудың басты мақсаты: жастарды 
ақпараттық қоғамда ӛмір сҥруге дайындау, оқыту, тәрбиелеу және басқару 
ҥдерістеріне ақпараттық және телекоммуникациялық технологияларды енгізу, 
Қазақстанның білім беру жҥйесін әлемдік білім беру кеңістігіне ықпалдастыру.
Адамзат ӛркениетінің дамуы тарихындағы ақпаратты ӛңдеу саласында 
орын алған елеулі ӛзгерістер қоғамдық қатынастардың да ӛзгеруіне себепші 
болды. Осындай ӛзгерістер қоғамның жаңа сападағы ҥлкен мҥмкіндіктерге 



толы кезеңдерін дҥниеге әкелді. Ақпараттық ӛнім беретін ӛндіріс қоғамды 
дамытудың қозғаушы кҥшіне айналды. Ғалымдар осы жаңа қоғамдағы 
ақпараттандыру ҥдерісі адамдарға мәліметтердің сенімді кӛздерін ашып, 
оларды жалықтыратын бірсарынды еңбек тҥрлерінен босатып, ӛндірістік және 
әлеуметтік аймақтарда ақпараттарды ӛңдеу ісін жоғары деңгейде 
автоматтандыруды қамтамасыз етеді деп санайды.
Қазақстан Ҥкіметінің маңызды кызметі білімге деген сҧранысты 
қамтамасыз ету, ал ең басым міндеті – ақпараттық-коммуникациялық 
технологияларды дамытып, оларды жер-жерде енгізу болып табылады. Ол ҥшін 
білім беру орындарындағы бҧл технологияларды игеруді қолдайтын оқу-
әдістемелік қҧралдар мазмҧнды және дидактикалық қағидаларға сәйкес болуы 
тиіс. Осы кӛзқарастар ортаға салынып, ҧсынылып отырған оқулықта желілік 
технологияларға сипаттамалар беріледі. 
Оқулықта компьютерлік желіні қҧрастыру шарттары мен жергілікті 
есептеуіш желіні ҧйымдастыру жолдары, халықаралық байланыс моделі, 
ережелері қарастырылады. Сонымен қатар ауқымды желі және оның қызметтері 
жайлы да баяндалады. 





Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   109




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет