168
Қалааралық (халықаралық) байланыс телефондық серверлер кӛмегімен
орындалады, ҧйым немесе қызмет ету операторы қоңыраудың қайдан және
қайда жоспарланғанын кӛрсететін орындардың сервері болуы керек. Ондай
байланыстың бағасы қарапайым телефондық арналар арқылы телефондық
қоңырау шалғаннан арзан. Әсіресе бҧл айырмашылық халықаралық сӛйлесу
кездерінде анық кӛрінеді.
Компаниялардың және жеке қолданушылардың Интернет желісі бойынша
жіберетін ақпарат ағындарының кӛбеюі, сонымен қатар корпоративтік
желілерге қашықтан қатынауды ҧйымдастырудағы мҧқтаждық, сандық желінің
ең «тар» орны – абоненттік телефондық арна бойынша деректерді жіберудің
сандық жоғары жылдамдықты арзан технологияларының қҧрылуына деген
мҧқтаждықты туғызды.
DSL технологиясы, абоненттік телефондық арналардың жаңаруынсыз
телефондық сымдардың мыс жҧптары бойынша деректерді жіберудің
жылдамдығын арттыруға мҥмкіндік береді.
Яғни, қолда бар телефондық арналардың деректерін жіберудің жоғары
жылдамдықты арналарына тҥрлендіру мҥмкіндігі, DSL технологиясының
басты артықшылығы болып табылады.
DSL – Digital Subscriber Line (сандық абоненттік арна). DSL телефондық
стансаларды жеке абоненттермен байланыстыратын ескі мыс телефондық
арналардың ӛткізу жолағын айтарлықтай кеңейтуге мҥмкіндік беретін жаңа
технология болып табылады.
Осы уақытта қарапайым телефондық байланысты пайдаланатын кез келген
абонент DSL технологиясының кӛмегімен ӛзінің байланыс жылдамдығын,
(мысалы, интернет желісімен) айтарлықтай арттыру мҥмкіндігіне ие болады.
DSL арнасын ҧйымдастыру ҥшін қолданыстағы телефондық арналар
пайдаланылады; бҧл технологияда қосымша телефондық кабельдер салуды
қажет етпейді. Нәтижесінде, қарапайым телефондық байланыстың қалыпты
жҧмысын сақтай отырып, Интернет желісіне кҥндіз-тҥні қатынау қамтамасыз
етіледі.
DSL технологиясының жан-жақтылығының арқасында қолданушы
деректерді жіберу жылдамдығын ӛзі таңдай алады - 32 Кбит/сек-н 50 Мбит/сек
дейін.
Берілген технологиялар сҧраныс бойынша бейне немесе қашықтықтан
оқыту сияқты кең жолақты жҥйелер ҥшін қарапайым телефондық арнаны
пайдалануға мҥкіндік береді. DSL қазіргі заманғы технологиялар әр ҥйге
немесе әр ортаға және кіші бизнестегі кәсіпорынға, Интернетке жоғары
жылдамдықпен қатынауды ҧйымдастыру мҥмкіндігін береді, қарапайым
телефондық
кабельдерді
жоғары
жылдамдықты
сандық
арналарға
айналдырады. Деректерді жіберу жылдамдығы қолданушы мен провайдерді
байланыстыратын сымдардың сапасы мен қашықтығына байланысты болады.
Провайдерлер, әдетте, оның жеке сҧраныстарына сәйкес келетін жіберу
жылдамдығын қолданушының ӛзінің таңдауына мҥмкіндік береді.
Достарыңызбен бөлісу: