С. Б. Сатымбекова компьютерлік желілер оқулық



Pdf көрінісі
бет83/109
Дата04.01.2023
өлшемі2,3 Mb.
#60360
түріОқулық
1   ...   79   80   81   82   83   84   85   86   ...   109
Байланысты:
ИС лекция КЖ

Megaline – Қазақстанның телекоммуникациялық нарығындағы бірегей 
ҧсыныс! Бҧл жоғары сапамен және қол жететін бағамен ерекшеленетін жоғары 


169 
жылдамдықпен Интернетке қатынау қызметі. Сіз оған кіру жылдамдығы 128 
Кбит/с-тен 512 Кбит/ске дейінгі дербес арна (сіздің таңдап алған тарифтік 
жоспарыңызға байланысты), динамикалық IP-мекен-жай аласыз. Жылдамдық 
Сіздің телефон желіңіздің сапасына, Сіз таңдаған тарифтік жоспарға және Сіз 
сҧраған сервердің жҥктемесіне байланысты. Бҧған, арнаны жиіліктік бӛлу 
кӛмегімен қол жеткізіледі немесе телефон бір жиілік диапазонда жҧмыс істейді, 
ал мәліметтерді жіберу басқасында болады. Бҧл ADSL технологиясының 
ерекшелігі. 
ADSL – ол жоғары жылдамдықпен Интернетке қатынау технологиясы. 
Megaline қызметіне қосылу ҥшін дербес абоненттік желі болу керек. 
Қосақталған желіде ADSL жабдықтары жҧмыс істемейді. ―Қазақтелеком‖ АҚ 
жергілікті филиалының абонемент бӛлімінде, қосақталған телефоныңызды 
ажырату тҧрғысынан ӛз желіңізді тексере аласыз.
Megaline 
қызметіне 
қосылған 
сәттен 
бастап 
Сіз 
ай 
сайын 
телекоммуникациялар қызметі ҥшін бірегей есепшот аласыз. Белгіленген 
мерзімде осы есепшотты тӛлемеген жағдайда, осы есепшотқа енгізілген барлық 
телекоммуникациялық қызметтер ажыратылатын болады. 
Бірнеше сессияның пайда болу себебі, кейбір ақпараттық пакеттердің 
желісінен айырылып қалуында немесе олардың белгіленген тәртіппен 
келмеуінде. Мҧндай жағдайларда бір нақты сипатты білдіретін ондаған 
виртуалдық сессиялар пайда болуы мҥмкін. Бҧл бейнелеу тәртібінің ешнәрсеге 
ықпалы болмайды және сіздің алаңдауыңызға себеп болмауы керек.
Аппараттық қамтамасыз етудің ең тӛменгі талаптары мынадай: 200 MHz 
CPU, 64MB RAM, интерфййсті желілік карта Ethernet 10Base-T (Ethernet-кабель 
бойынша қосылу барысында) немесе USB-портпен (USB-кабель бойынша 
қосылу барысында), Microsoft Windows XP операциялық жҥйе, ADSL-модем 
және жиілік сҥзгісі (сплиттер). Windows NT4.0 операциялық жҥйе ретінде 
ADSL-модем тек қана Ethernet 10Base-T интерфейсімен қолданылады. 
Сіздің компьютерде Microsoft Windows 95/98/2000 операциялық жҥйесі 
орнатылған жағдайда, Сізге операциялық жҥйені PPPoE хаттамасымен жаңарту 
керек. PPPoE хаттамасы бар драйверлерді кӛптеген бӛгде жасаушылар ӛндіреді. 
Сондай нҧсқалардың бірі жалаушының http://www.raspppoe.com/ сайтынан 
жҥктемелеуге болатын RASPPPoE драйвері болып табылады. 
Megaline қызметін кӛрсетуге қосу қҧны Интернет желісіне қатынаудың 
стансалық жабдығына Сіздің абоненттік желіні қосу және абонент жағына 
ADSL-модемді жайғастыру жҧмыстары нақты орындалғаннан соң тӛленеді. 
Қосу қҧны телекоммуникациялар қызметін кӛрсету есепшотының ―Басқа 
есептеулер‖ бӛліміне кіргізіледі, ол қосылған айдан кейінгі айдың орта тҧсында 
ҧсынылады.
Телекоммуникациялар қызметін кӛрсету есепшоты оны алғаннан кейін 
айдың аяғына дейін тӛленуі тиіс.
Megaline - бҧл ADSL технологиясы бойынша ҧйымдастырылатын жоғары 
жылдамдықпен Интернетке қатынау.


170 
ADSL (Asymmetric Digital Subscriber Line) – бҧл кәдімгі телефон нӛмірінде 
жоғары жылдамдықпен Интернетке қатынауды ҧйымдастыруға мҥмкіндік 
беретін жаңа технология. Бҧл жағдайда телефон желісі бос кҥйінде қала береді.
ADSL 
технологиясын 
қолдана 
отырып, 
тҧрақты 
қатынаудың 
коммутацияланған қатынаудан басты айырмашылығы, Сіздің компьютердің 
Интернетке ҥнемі қосылып тҧруы болып табылады. Ендеше, электронды 
поштаны қарап шығу немесе қандай да бір сайтқа кӛз тоқтату ҥшін, Сізге 
провайдердің модемдік пуліне телефон шалудың қажеті жоқ. Компьютерді 
қосасыз, браузерді ашасыз – міне, Сіз Интернеттесіз! 
ADSL кеңжолақты (broadband) технологиялар сыныбына жатады. Ол 
абоненттің бағытына мәліметтер жіберудің жылдамдығын – кіру арнасы 
бойынша 8 Мбит/с-ке дейін және шығу арнасы бойынша 768 Кбит/с-ке дейін 
қамтамасыз етеді. Жоғары жылдамдық web-сайттармен қолайлы жҧмыс істеуге, 
тез арада ҥлкен файлдар мен қҧжаттарды ӛткізіп алуға, мультимедиамен жҧмыс 
істеуге, интерактивті тіркемелерді толық пайдалануға мҥмкіндік береді.
Megaline арнасын қосу жосығының коммутацияланған қатынауына 
қарағанда, онда тек қана сіздің АТС желіңізді дайындауға қатысты (оны 
цифрлы жабдыққа қайта қосу керек) бір ғана қосымша сатысы бар. Желіні одан 
әрі бабына келтіруді абонент дербес (қосылу Нҧсқаулығына сәйкес) немесе 
біздің мамандардың кӛмегімен (қосымша ақыға) атқарады.
ADSL технологиясының бірнеше маңызды артықшылықтары бар. Ол 
сымсыз қатынаумен салыстырғанда талшықтық-оптикалық желілердің 
сапасына жақын, әлдеқайда жоғары сапалы қосылуды береді. Соның ӛзінде 
қызмет бағасы әлдеқайда тӛмен және dialup-қатынау бағасымен салыстыруға 
болады. 
Megaline абоненті ҥй желілеріне қарағанда дербес пайдалану арнасын 
алады. Ҥй желісінде бір бӛлінген арна, ҥйдегі кӛршілердің арасында бӛліске 
тҥседі. Бҧл жылдамдыққа да, қосылудың сенімділігіне де кері әсерін тигізеді.
ADSL – іс жҥзінде Қазақстанда Интернетке кеңжолақты қатынауға қол 
жеткізуге мҥмкін болатын шынайы бҧқаралық қызметтің бірегей технологиясы. 
Бағасы арзан және орнатуы қарапайым.
Телефон компаниясының орталық кеңсесінен қолданушылар ҥйлері мен 
кеңселеріне баратын абоненттік линиялар телефон кеңсесіне жақындаған сайын 
табиғаты бойынша асимметриялы болып келеді. Олар жалпы кабельге 
жалғанып, басқа линияларға параллель тҥрде ӛтеді. Сәйкесінше олар 
қолданушылар жақтарына қарағанда айқастырылған кедергілерге душар 
болады. Сондықтан, қолданушы бағытында керісінше ҥлкен қашықтық болуы 
мҥмкін. Орталық кеңсе аймағында тӛмен жиілік қолданылатындай етіп жіберу 
мен қабылдау жиіліктерінің спектрлерін бӛлетін болсақ, онда әрекет 
қашықтығын арттыруға болады.
Сӛйтіп, орталық кеңседен қолданушыға дейінгі жылдамдықты керісінше 
қамтамасыз ету жеңіл және сенімді. Алайда кейбір қосымшалар ҥшін, мысалы, 
«Тапсырыс бойынша бейне», жылдамдығы бойынша дәл болады. 


171 
ADSL ҥшін DMT (Discrete Multi Tone кӛптональді дискретті модуляция) 
сызықтық кодтау стандарты болып табылады. DMT технологиясы бойынша 
ADSL-дің толық масштабты нҧсқасында жиіліктің барлық диапазоны 0-ден 
1104 к Гц-ке дейін 4,3125 к Гц қадамы бар 256 тасымалдаушы жиіліктерге 
бӛлінеді. Тасымалдаушыларды туындату ҥшін Фурьенің 256 нҥктелі кешендік 
тҥрлендіруі қолданылады және олардың әрқайсысында 15-ке дейінгі жиілікте 4 
кГц модуляциясын тасымалдайтын бит санды квадратты амплитудалық 
модуляция (QAM) қолданылады. Нәтижесінде абонентке қарай деректерді 
жіберу жылдамдығы 8 Мбит/с-қа дейін, ал керісінше 1,5 Мбит/с-ке дейін 
жетеді.
Артықшылықтары: 

қолданушы бағытындағы жіберудің жоғары жылдамдығы. Интернетке 
кіретін адамдар ҥшін ҥлкен мҥмкіндік.

қабылдау мен жіберу спектрлерінің бӛлінуі нәтижесінде сәйкесінше қҧн 
тӛмен, сонымен қатар, сигналды ӛңдеудің қарапайым техникасы.

барлығының сол қарапайым аналогтық телефония линиясында сақталуы.

халықаралық стандарттарға сәйкес келу.
Кемшіліктері: 

сигналдарды блоктык ӛңдеу нәтижесінде болатын ҧзаққа созылуы, 
мҥмкін уақытша тоқтаулар (latency) нақты уақыт қосымшалары ҥшін АDSL-ді 
қолдануды қиындатады.

спектрді бӛлу жҥйелері кӛрші жҧп кабельдердің кедергілеріне ҧшырауы 
мҥмкін. Мысалы, егер сол кабельде кері бағыттағы ADSL қолданылатын болса, 
онда ӛндіру мен қашықтық азаюы мҥмкін. 
Негізгі қолданылыстары: 

ассиметриялы жіберуді талап ететіндер: 

тҧрғылықты аудандарда Интернеттің дара қолданушылары; 

кішігірім кеңселер; 

ADSL-дің жеңілдетілген нҧсқасы (G.Lite) 
Интернетке жоғары жылдамдықты қосылуды талап ететін нарық ҥшін
UADSL, ADSLlite немесе G.Lite деп аталатын ADSL қарапайым нҧсқасы пайда 
болды. Толық масштабты ADSL-мен салыстырғанда онда жиіліктің жіңішке 
жолағы қолданылады, яғни Фурьенің 128 нҥктелі тҥрлендіргіші мен 552 кГц 
жиілігі. Нәтижесінде, абонент бағытындағы максималды жылдамдық 1,5 
Мбит/с-тан асады, ал керісіншесі 768 Кбит/с-қа тең болады.
Басқа қарапайымдылығы, ол жиіліктік сҥзгілердің (сплиттерлер) болмауы,
оларды орнату ҥшін техника мамандарының келуі міндетті емес. Бҧның 
барлығы жҥйені арзандандатты және нарықтың бҧл секторының дамуын 
тездетті. 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   79   80   81   82   83   84   85   86   ...   109




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет