С. Бақырғанидың қисса-дастандары – нәзира дәстүрінің қайнар көзі



Pdf көрінісі
бет2/18
Дата07.01.2022
өлшемі0,56 Mb.
#17084
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   18
Байланысты:
2018 3. Матбек Н. Монография

 

Жебірейіл тізгінін тұтты, 

Микаил – үзеңгі басты, 

Исрафил қолтықтап, 

Расул оған мінді-ә. 

Оң жанында – Жебірейіл, 

Сол жанында – Микаил, 

Алдында һәм Исрафил, 

Әзірейіл соң (ынан) ерді-ә [49,59 б.]. 

 

Сол және оң жағынан үн естіледі, Расул бұрылмайды. Расул шөлдеп еді, 

төрт ыдыспен сусын жеткізілді. Екі ыдыстағы шараптан бас тартты. Сүт пен 

шекерді ішті. Төрт тон келтірілді: сары, жасыл, қызыл, ақ. Ақ пен жасыл тонды 

алды. Расул Жебірейілден екі жағынан естілген үннің сырын сұрады: “Біреуі 

– дүние еді, біреуі – жұһуд (кәпір) еді, қайырылсаң, үмбеттерің түзу жолдан 

таяр еді, дұрыс еттің”, – деп жауап береді. Мешіт Ақсаға кіріп, имандық етті. 

Жеті  көкте  періштелерді  көрді.  Төртінші  көкте  –  Ғайсаны,  бесінші  көкте  – 

Мұсаны,  алтыншы  көкте  –  тәнінде  басы  жоқ  періштелерді  көрді.  Расулдың 

аузына балдан тәтті, қардан суық бір тамшы тамады. 

Садра  және  Афақ  мақамға  жетті.  Рафрафтан  асып,  Ламаканға  жетті. 

Алла  Расулдың  тілегін  айтуын  сұрайды.  Мұхаммед  үмбеттерінің  күнәсін 

кешуін өтінеді.  

Жеті  тамұқты  көрді.  Ата-анасы  танып:  “Бізді  отта  қалдырма,”  –  деп 

өтініш етті. Хақ: “Не үмбеттеріңнің, не ата-анаңның жазығын кешіремін, бірін 



таңда”, – дейді. Расул үмбеттерінің күнәсін кешіруін қалады. Ұжмаққа кіріп 

төрт арықты көрді. Расул Меккеге оралды. 

 

Құл Сүлеймен қош айтты, 

“Расул Миғражын” жайды. 

“Расул Миғражын” айтып, 

Досына жадгар (естелік) құйды-ә [49,61 б.]. 

 

“Миғраж  хикаясын”  ХІХ  ғасырдың  соңы  мен  ХХ  ғасырдың  басында 

өмір  сүрген  қиссашыл-ақындар  Жүсіпбек  Шайхисламұлы,  Шәді  Жәңгірұлы, 

Мәшһүр-Жүсіп  Көпейұлылар  да  жырлаған.  Жүсіпбек  Шайхисламұлы  Қазан 

қаласында  бірнеше  рет  жарық  көрген  “Қисса  Хазірет  Расулдың  Миғражға 

қонақ болғаны” (1895) деген кітабын: 

     Қиссаның сөз айтайын сарасынан, 

Мұхаммед екі дүние панасынан, 

Жазайын Миғражды қисса қылып, 

Маулидман Бақырғанның арасынан. 

 

Жүреді имандылар әдеп сақтап, 

Имандыны періште жүрер мақтап, 

Бұ қиссаны шығардым ғибрат үшін, 

Маулидман Бақырғаннан оны жаттап, – [114,2 б.] 

  

деп,  оқиға  желісін  “Бақырғани  кітабынан”  алғандығын  көрсетеді. 

Жүсіпбек дастанының соңын: 

 

 



 

Мұны жазған сұрасаңыз қожа затым, 

 

 

Жақсылар айып етпе жазған хатым. 

 

 

Әкем аты – Шайхұлислам қожазада, 

 

 

Жүсіпбек – мұны жазған менің атым, – [114,12 б.] 


 

деп аяқтайды. 

Қисса Шәді Жәңгірұлының “Назым сияр Шариф” деген кітабында бар. 

Ш. Жәңгірұлының бұл кітабы 1913 жылы Ташкентте жарияланған. Ақын осы 

кітабының алғысөзінде: 

 

         Бұл кітап “Алтыбармақ” қойған аты. 



                 “Сиярдан” алынған ед асыл заты. 

                Шығарып бұл кітапты жария еттім, 

      Мағұлым болғаннан соң рауаяты (хикаясы), – [115,7 б.] 

 

деп жазды. 



Бұл  кітаптардың  жарық  көрген  мерзіміне  және  авторлардың 

жоғарыдағыдай  ескертпесіне  қарап  отырып,  “Бақырғани  кітабының”  желісі 

бойынша  Жүсіпбек  жазған  туындыны  Шәді  Жәңгірұлы  Мұхаммед  

пайғамбардың өмірі туралы жазған кітабына енгізген деп есептейміз. 

Жүсіпбек Шайхисламұлы шығармасын пайғамбарға арналған мынадай 

мадақ  сөздермен  бастайды:  “әлемге  гауһар    шырақ”,  “нұры  күн  мен  айдан 

артық”,  “екі  дүние  патшасы”,  “екі  дүние  шырағы,  сұлтаны”,  “он  сегіз  мың 

ғаламның хақ сәруары”. 

Сүлеймен Бақырғанида: 

 

 





Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   18




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет