«Кітап тағдыры – қоғам тағдыры: сирек басылымдар
мен қолжазбаларды жинақтау, сақтау және зерттеу»
атты республикалық ғылыми-тәжірибелік конференцияның материалдары.
Астана.11-12 қараша, 2011 жыл
С.БЕГАЛИН МҰРАСЫН ЖАРИЯЛАУДАҒЫ ТҰРСЫН ЖҰРТБАЙ
ЕҢБЕГІ
АЙМҰХАМБЕТ Жанат ,
филология ғылымдарының докторы.
Жазушы Сапарғали Бегалиннің үлкен ұлы Хамит Бегалин марқұм өз
қолымен Л.Н.Гумилев атындағы Еуразия ұлттық университетінің жанындағы
«Отырар кітапханасы» ғылыми орталығына (директоры филология
ғылымдарының докторы Т.Жұртбай) тапсырған қолжазбаларының негізінде
дайындалған жазушының 7 томдық шығармалар жинағы оқырмандар
назарына ұсынылды. Басылымды дайындау барысында қаламгердің кенже
ұлы Қасым Бегалин де көп көмегін беріп, «Қарқаралы», «Тау сыры», «Өрісті
өмір» атты дастандарының көшірмелерін ұсынды. Басылымға ҚР Ұлттық
ғылым академиясының академигі, филология ғылымдарының докторы,
профессор, марқұм Рымғали Нұрғали жетекшілік еткен болатын.
Қаламгердің шығармалары әр жылдары басылып, кітап болып
шыққанымен, ақынның өз мұрағатында қолжазба күйінде қалған, кезінде
баспа бетін көрмеген туындылары да баршылық. Қазір Астана қаласындағы
Л.Н.Гумилев атындағы Еуразия ұлттық университеті жанындағы «Отырар
кітапханасы» ғылыми орталығында ақынның күллі қолжазбасы сақтаулы.
Ғылыми орталықтың басшылығымен қаламгердің 7 томдық шығармалар
жинағы әзірленді. Қолжазбаларды жүйелеп сұрыптай келе және бұрынғы
жарияланған кітаптарды басшылыққа ала отырып, жеті томық жаңа
жинақтың құрылымы төмендегідей болып түзілді: 1-том: Өлеңдер мен
поэмалары; 2-том - әңгімелері мен повестері; 3-том: 4-том: Бала Шоқан.
Повестер; 5-том: Жамбыл. Өмірбаяндық хикаят: естеліктер мен естігендер; 6-
том: Замана белестері; 7-том: Поэмалар.
Томдықтарды құрастыру барысында ақынның шығармашылық мұрасы
түгелімен қайта қаралып, топтастырылды. Кезінде әр түрлі себептермен
жарық көрмеген «Қарқаралы», «Тасарал», «Тау сыры», «Өрісті өмір»
«Жамбыл: өмірбаяндық хикаят» атты шығармалары аталмыш жеті томдыққа
енгізілді. Бұл шығармалар негізінен 1936-1944 жылдары аралығында
жазылған. Тақырыбы кеңестік талапқа сай болса да жариланбай қалған
«Жамбыл» атты деректі хикаятын тарих ғылымының кандидаты Ақыжан
Игенбаев пен филология гылымының докторы, профессор Тұрсын
Құдакелдіұлы Жұртбай 1996 жылы Орталық мемлекеттік мұрағаттан тауып,
әуелі «Жұлдыз» журналында жариялады.
С.Бегалиннің тырнақ алды туындысы – «Қазақ қыз-бозбалаларына»
атты өлеңі «Айқап» журналының 1914 жылғы №9 санында жарияланады.
Осыдан кейін Абай, Сұлтанмахмұт, Тоқай әсерімен бірсыпыра туындылар
жазады.
«Кітап тағдыры – қоғам тағдыры: сирек басылымдар
мен қолжазбаларды жинақтау, сақтау және зерттеу»
атты республикалық ғылыми-тәжірибелік конференцияның материалдары.
Астана.11-12 қараша, 2011 жыл
Қазақ тарихындағы қанды кезеңдердің бірі – 1916 жылғы майданның
қара жұмысына алу туралы жарлығы шығып, қара халықтың көтеріліс
жасауы еді. Кедей отбасынан шыққан жас жігіт алдымен патша тізіміне
ілініп, соғыс жүріп жатқан жерге, окоп қазу жұмысына алынады. Тағдыр
айдауымен Петербург қаласынан жиырма шақырымдай жердегі Колпин
деген жерде темір жолда жұмыс істей жүріп, окоп қазуға өзімен бірге келген
үш жүз елу жігітке аздап есеп білетін, орыс тілінде сөйлей алатын Сапарғали
басшы болады. Осында жүріп, «Азамат арманы», «Көшер ме тұман серпіліп»,
«Құралға», «Ғизатуллаға», «Шаниге», «Естен кетпес жер барақ» өлеңдерін
жазады. Бұл өлеңдері елге деген сағынышты, майдандағы ауыр күндерді
арқау етеді.
1917 жылғы патшаның тақтан құлауымен үлкен өзгеріс басталады.
Жаңа өкіметтің орнауына шын жүректен қуанып, халыққа қуаныш әкеледі
деген сеніммен қоғамдық-саяси істерге белсене араласқан ақын заң
қызметкері болады. Бірақ, өзінің әдебиетке деген құштарлығын жоғалтпай,
шығармашылық қызметке бет бұрады. 1938 жылы «Әдебиет майданы»
журналында «Тау сыры» атты поэмасы жарияланады. Бұл туынды сол кездегі
әдеби ортаға ерекше әсер етеді. Әдебиет әлеміне біржолата бет бұруды
мақсат етіп, Алматыға қоныс ауыстырып, «Темір жолшы» деген газетке
әдеби қызметкер болып орналасқан С.Бегалин осы поэмасы жарияланысымен
өзінің қаламгерлік талантына сеніп, шығармашылық жұмысын қарқындата
түседі. Газет жұмысын атқара жүріп, көркем әдеби туындылар жазады. 1940
жылы «Түркісіб» атты әдеби журналға «Таңсық» поэмасы басылады. 1943
жылы ел аузында аңыз болып айтылып жүрген Тінейдің сары құсы туралы
құсбегілік хикаяны жаңғыртып «Қыран кегі» поэмасын жазады. Бұл поэма
жеке кітап болып басылып шығады және С.Бегалиннің ең алғашқы кітабы
болып саналады. Балалар тақырыбын қамтыған «Төл басы» атты әңгімелер
жинағы 1947 жылы басылып шығады. Бұл жинақты оқырман қауым жылы
қабылдайды. Іле-шала «Пионер» журналында «Сәтжан» повесі басылады.
Бұл повесть сол кездегі одақтас республикалар тіліне аударылып, бүкіл
одақтық конкурс жүлдесіне ие болады. Сондай-ақ «Көксегеннің көргендері»
повесі де марал бағып өсіріп, ел аузына іліккен бала туралы сыр шертеді.
Жазушының балаларға арналған шығармалары «Бала мерген», «Ермектің
алмасы», «Бақыт», «Мектеп түлектері», «Жас бұтақ» әңгімелер жинағына
енген. Таңдамалы әңгімелер мен повестер жинағы 1960 жылы
«Жеткіншектер» деген атпен жарық көреді. 1956 жылы қаламгердің 60 жасқа
толуына орай өлеңдері мен поэмаларының үлкен бір томдығы шықса,
таңдамалы өлеңдері мен поэмалары 1962 жылы жарық көреді. Балалар мен
жас өспірімдерге арналған өлең, поэма, ертегілері жинақталып 1963 жылы
«Сырлы қайнар» деген атпен кітап болып шығады. Осы кезде «Ана қайраты»
кітабы да жарық көреді.
«Кітап тағдыры – қоғам тағдыры: сирек басылымдар
мен қолжазбаларды жинақтау, сақтау және зерттеу»
атты республикалық ғылыми-тәжірибелік конференцияның материалдары.
Астана.11-12 қараша, 2011 жыл
С.Бегалиннің қаламгерлік еңбегінің арналы бір саласы – Шоқан
Уәлиханов өміріне қатысты жазғандары. Жасынан Шоқан туралы әңгімелерді
тыңдай жүріп, қазақ даласының жарық жұлдызы болған осы ерекше тағдыр
иесі туралы «Бала Шоқан» атты повесть жазды. Бұл еңбегін кейін ене
тереңдетіп, «Шоқан асулары» романына ұластырды.
Еңбеккер қаламгер ізденуден еш жалықпаған. Тарихи шежірелерді
жинап, халық ақындарының шығармашылық өмірбаяндарын жазып, халық
ауыз әдебиетінің үлгілерін қағаз бетіне түсіріп, ұлттық рухани игілік үшін
үлкен еңбек етті.
Міржақып пен Ахметтің, Ілиястың кітаптарын жастығының ішіне
жасырып сақтап, кейінгі ұрпаққа жеткізіп, ұлтының рухани мұрасына
адалдығын көрсеткен Сапарғали Бегалиннің Кенесарының қолбасшысы
Ағыбай батырдың ерлігін баяндайтын «Тасарал» дастаны идеологиялық
қысымның кесірінен жарық көрмегені анық. Сондай-ақ, кеңестік тақырыпты
қамтитын «Қарқаралы», «Тау сыры», «Өрісті өмір» атты дастандарының
кейбір тараулары мерзімдік басылымдарда жарияланғанымен, тұтас күйінде
басылым көрмепті. Қаламгер жинағын дайындау барысында Т.Жұртбайдың
басшылығымен бұл дастандардың араб, латын әрпіндегі нұсқалары
салыстырыла отырып көшірілді. Соның ішінде «Қарқаралы» дастанының үш
нұсқасы бар екендігі анықталды. Әр нұсқаның сюжеттік құрылым мен
оқиғаларының ұзына желісі мен жаңғырығы бір-бірін еске түсіргенімен де,
негізгі көркемдік нысаны мүлдем басқа. Сондықтан да латын қарпімен
жазылған нұсқасы негізге алынды. Ал қалған екі нұсқасы дербес үзінді
ретінде берілді. Әсілі, алғашында шағын дастан жазуды мақсат еткен ақын
шығарманы өңдеп, толықтыру барысында «Қарқаралы» атты көлемді роман
жазуға ұмтылған сияқты. Онда осы Қарқаралы тауының өткені мен бүгінін
сабақтастыра келе, оның баурайында әр заманда өткен оқиғалардың басын
біріктіре отырып, ауқымды туынды ретінде оқырманға ұсынуды көздеген
іспетті. Ескерте кететін жай, бұл үш нұсқаны оқу, ондағы оқиғалардың
жүйесін қиыстыру, мәтіндік тұрғыдан салыстыра отырып, жүйелі нұсқа
жасау өте қиындыққа түсті. Сондықтан да жұмыс барысында кеткен кейбір
мәтіндік селкеуліктер үшін оқырмандардан кешірім өтінеміз. Ал «Түріксіб»
атты жинаққа енген «Таңсық» дастанының мәтіні біздің көзімізге түспеді.
Бұл зерттеушілердің алдағы уақытта жүзеге асыратын міндеттерінің бірі
болып қалмақ.
Сапарғали Бегалиннің «Отырар кітапханасы» ғылыми орталығында
сақталған қолжазбалар қорынан алынған шығармаларының 7 томы –
Т.Жұртбадың қажырлы да жауапкершілікке толы істерінің көрінісі.
Алпыстың асқарына шыққан Тұрсын ағамыздың «Отырар кітапханасы»
ғылыми орталығының басшысы ретінде атқарған салмақты бір еңбегі – аға
буын қаламгер С.Бегалин мұрасын толықтай оқырман назарына ұснуы дер
деік. Жалпы, аталған ғылыми орталықтағы сирек қолжазбалар бөлімінде
«Кітап тағдыры – қоғам тағдыры: сирек басылымдар
мен қолжазбаларды жинақтау, сақтау және зерттеу»
атты республикалық ғылыми-тәжірибелік конференцияның материалдары.
Астана.11-12 қараша, 2011 жыл
жинақталған материалдар – халқымыздың бай рухани мұрасының бір саласы.
Олардың оқырман игілігіне айналуында «Отырар кітапханасы» ғылыми
орталығының және оның басшысы Тұрсын Жұртбайдың атқарған және
атқаратын еңбектері қыруар деп білеміз.
Достарыңызбен бөлісу: |