Маңызды:
2және 3 санаттардағы бұзушылықтар заң бөлімінде офицердің жауапкершілігімен тіркеледі
|
ЕСКЕРТПЕ: Апелляциялық комиссияға шағымдану кезінде академиялық адалдық саясатының кез келген бұзылуы, сонымен қатар, 2 санаттағы қосымша бұзушылық болып саналады.
6.3 Академиялық теріс қылық 3-санаттағы тәртіптік жаза
3-санаттағы академиялық бұзушылықтар(өрескел):
1) тәртіптік жаза бұрын қолданылғанына қарамастан, 2 санат бойынша қайталанған бұзушылық;
2) кез-келген оқу тапсырмасын, емтиханды, курстық жұмысты, магистрлік немесе докторлық диссертацияны, ғылыми мақаланы, баяндаманы немесе кез-келген басқа жазбаша жұмысты орындау кезінде басқа адамның жұмысын өзінікі ретінде ұсыну;
3) қолдан немесе әдейі бұрмаланған материал ұсыну арқылы деректерді қолдан жасау немесе бұрмалау;
4) балл парағын немесе басқа бағалары бар құжаттарды, емтихан материалдарын оқытушыдан немесе емтихан алушыдан ұрлау / суретке түсіру, ұрланған емтихан материалдарын сатып алу, соның ішінде хакерлік әрекеттерді қолдану;
5) емтихан тапсыру үшін өзін басқа адаммен алмастыру немесе басқа адамға емтихан тапсыру;
6) емтихан материалдарының көшірмелерін сараптама кезеңіне дейін рұқсат етілмеген көздерден алу немесе тарату;
7) емтихан кезінде студенттер рұқсат етілмеген ақпарат алмасу әдістерін әзірлеу мақсатында сөз байласу;
8) осы бөлімде келтірілген кез келген әрекеттерді ұйымдастыру немесе алдын-ала сөз байласу; Шешім шыққан күннен бастап 5 (бес) күн ішінде университеттен шығару.
Достарыңызбен бөлісу: |