3- жаттығу. Эмпатияны дамыту.
1. Ойланыңызшы, мынандай сҧрақтарға жауап беруге қабілеттісіз бе:
«Менің басымнан не өтіп жатыр?», «Осы сəттегі менің қалауым не?»,
«Мен оны не ҥшін жасап отырмын?» Егер сіз осы сҧрақтарға жауап бере
алатын
болсаңыз, онда сіз басқалар ҥшін ойлану қабілетіне иесіз.
2. Сіз кейде бір біріне ҧқсас жағдаяттарда не себепті əрқалай
əрекеттер жасайтыныңыз жайлы ойланыңыз жəне шешім жасаңыз. Нақты
оқиғаларды есіңізге тҥсіріңіз. Өз іс-əрекеттеріңіздің себептерін білу
қажет. Бҧл сізге басқа адамдардың іс-əрекеттерінің себептерін ҧғынуға
көмек береді.
3. Өзіңізге жақпайтын адамның есімін есіңізге тҥсіріңіз. Ол не себепті
сізге жақпайды?
4. Сіздің ойыңызша өзінің далбаса көзқарасын сҧхбаттасыңыздың
қорғаған кезін есіңізге тҥсіріңіз. Қалай ойлайсыз, ол неге солай жасады?
5. Сіз сөз алған адамды тыңдаған кезде, ол бірнəрсені айта отырып,
басқа нəрсені меңзеп отыр деп ойлаған кездеріңіз болды ма? Неге солай
ойладыңыз?
6. Егер сіз басқа адамдардың қобалжулары мен ниеттерін тҥсіну
қабілетіңізді дамытамын десеңіз, өзіңіздің бойыңызда бақылау əдетін
қалыптастыра біліңіз.
• Қандай да бір адамға көңіл аударған
кезде оның эмоциялық
ахуалына баға беріңіз.
• Басқа адамдарды тыңдауды ҥйреніңіз.
• Бір нəрсені ҧсыну немесе өтініш жасау кезінде сізге қарсылық
білдіру мҥмкін бе? – соны ойланып алыңыз.
• Бір адамды бақылап отырып, келесі ретте сол адам қандай киімде
болуы мҥмкін екендігін ойлап табуға тырысыңыз. Сіздің болжамдарыңыз
жиі растала ма?
• Теледидардан көркем фильмдер көріп отырғанда, кезеңді тҥрде
оның дыбысын сөндіріп отырыңыз. Бҧл ретте оқиғалар желісін жоғалтып
алмауға тырысыңыз. Бҧл өзіңізді басқа адамдармен сəйкестендіру
қабілетіңізді дамытуға ықпал етеді.
7. Сурет галереясында болған кезде суреттерді мҧқият қарап жҥрген
адамдарды бақылап көріңіз: а) қуанышты оқиғаны суреттеген, б) мҧңды
немесе қайғылы оқиғаны суреттеген. Екі топтағы адамдардың бет-
əлпеттеріне, мҥсіндеріне, ымдарына, өзара ой
алсмасу сипаттарына зер
сала
отырып,
олардың
мінез-қҧлықтарын
салыстырыңыз.
Айырмашылықтар байқадыңыз ба?
4-жаттығу. «Жіті кҥйзеліс жағдаяты кезіндегі жедел жəрдем»
аутотренингі.
Бірінші жəне басты ереже: жіті кҥйзеліс жағдаятында ешқандай
шешімдер қабылдамаған жөн (адам өмірін сақтау туралы сөз болатын
табиғи апаттарды қоспағанда).
Мына кеңеске қҧлақ асыңыз: 10-ға дейін санаңыз.
Тыныс алуыңызды бақылаңыз. Мҧрныңыз арқылы ақырындап ауа
тартыңыз да, біршама уақыт деміңізді кідіртіңіз. Деміңізді сыртқа
тынысыңызға байланысты сезімдеріңізге назар аудара отырып, өте баяу,
мҧрныңыз арқылы шығарыңыз.
Оқиғалар екі жолмен дамуы мҥмкін.
1. Егер кҥйзеліс жағдаяты сіздің басыңызға бір орынжайда тҥсетін
болса, онда қысымды келесі əдістермен басуға болады.
Орныңыздан тҧрыңыз, қажет
болған жағдайда кешірім өтініп,
орынжайдан шығып кетіңіз; мысалы, сіз жалғыз бола тҧру ҥшін,
дəретханаға немесе қандай да бір басқа жерге шығып кету мҥмкіндігіңіз
бар.
Маңдайыңызды, самай мен білектеріңізді суық сумен шайып алуға
болатын кез келген мҥмкіндікті пайдаланыңыз.
Жайлап жан-жағыңызға қараңыз, тіптен сіз тҧрған сол орынжай сізге
бҧрыннан таныс немесе айтарлықтай көз ҥйренген болса да, солай
жасаңыз. Бір заттан екінші затқа жанарыңызды ауыстыра отырып,
олардың сырт пішінін сипаттаңыз.
Содан соң терезеден аспанға қараңыз. Нені көріп тҧрғаныңызға
зейін салыңыз. Сіз аспанға соңғы рет қашан қарап едіңіз? Әлем ғажап
емес пе!?
Стақанға су қҧйып алыңыз да (ең болмаса алақандарыңызға),
жинақтала отырып, суды асықпай ішіңіз. Зейініңізді тамағыңызбен
судың қалай ағып жатқанына топтастырыңыз.
Бойыңызды тіктеңіз, мойныңыз
бен иықтарыңызды босатып,
басыңыз бен қолдарыңызды еденге қарай еркін салбыратыңыз да,
аяқтарыңызды иықтарыңыздың еніне қарай алшақтатып басыңыз.
Терең дем алыңыз, өз тыныс алуыңызды бақылаңыз. Осылай 1-2
мин. бойы жасаңыз. Содан кейін денеңізді тіктеңіз (басыңыз айналып
кетпейтіндей, абайлап қимылдаңыз).
2. Егер кҥйзеліс жағдаяты сізді орынжайдан тыс жерде басыңызға
тҥсетін болса, онда жинақтала отырып, келесі жаттығуларды орындауға
тырысыңыз.
Жан-жағыңызға қараңыз. Айналаңыздағы заттарға тҥрлі көзқараспен
қарап көріңіз, көзге тҥскен заттардың барлығының атауларын ойша атап
шығыңыз.
Аспанға мҧқият қарай отырып, көріп тҧрған нəрселердің атауларын
ішіңізден атап шығыңыз.
Қандай да бір ҧсақ зат (жапырақ, шыбық, тас) тауып алыңыз да, оған
мҧқият зер салыңыз. Пішінімен, тҥсімен, қҧрылымымен көзіңізді жҧмып,
нақты елесетете алатындай дəрежеде танысу ҥшін, 4 мин. артық уақыт
затты қарап алыңыз.
Егер су ішу мҥмкіндігіңіз
бар болса, оны пайдаланып қалыңыз -
зейініңізді тамағыңызбен судың қалай ағып жатқанына топтастырып,
жайлап ішіңіз.
Тыныс алуыңызды бақылаңыз. Мҧрныңыз арқылы ақырын дем
алыңыз: тынысыңызды ішке тартыңыз да, біршама уақыт деміңізді
кідіртіңіз, содан кейін жайлап мҧрныңыз
арқылы деміңізді сыртқа
шығарыңыз. Назарыңызды əрбір тыныс алу кезінде иықтарыңыздың
қалай жеңілденіп, төмен тҥскеніне топтастырыңыз. Жайлы сезім екендігі
рас емес пе? Рахаттаныңыз!
1
1
Кампони В.,
Новак Т. Өзіне өзі психолог. — СПб., 1994.
7-тапсырма. Тренинг жаттығуларын тестілеу жəне өңдеу.
Тапсырма мақсаттары — жанжал кезінде шешуге бағытталған
келіссөз ҥдерісін жҥргізудің негізгі мəселелері бойынша студенттердің
білімін пысықтау, келіссөздерге қатысуға психологиялық даярлық жəне
тренинг жаттығулары барысында осындай даярлықты қалыптастыру
бойынша олардың өзін өзі бағалау дағдыларын дамыту.
Келіссөз жҥргізуге даярлық бойынша өзін өзі бағалау.
Достарыңызбен бөлісу: