С. Д. Якушева педагогикалық шеберліктің негіздері


-тест. Іскери келіссӛздерді қалай жҥргізу керек



Pdf көрінісі
бет115/134
Дата24.11.2022
өлшемі4,2 Mb.
#52352
түріОқулық
1   ...   111   112   113   114   115   116   117   118   ...   134
2-тест. Іскери келіссӛздерді қалай жҥргізу керек 
Н ҧ с қ а у . 9 сҧрақтың əрқайсысына «а», «б» немесе «в» жауаптарын 
белгілеуіңіз қажет. 
1. Келіссөздер кезінде сіз неге көндіруді мақсат тҧтасыз? 
а) бітімге келуге; 
б) өз шешіміме; 
в) шешім таңдау кезінде шынайы критерийлерді пайдалануға. 
2. Келіссөздер кезінде сіз бір ғана шешімге келуге тырысасыз ба? 
а) екі тарапқа да қабылдауға қолайлы бір шешімге ҧмтыламын; 
б) өзіме қабылдауға қолайлы бір шешімге ҧмтыламын; 
в) таңдауға көптеген нҧсқаларды ҧсынамын. 
3. Бітімге келу ҥшін көнесіз бе, əлде артықшылықты талап етесіз бе? 
а) бітімге қол жеткізу ҥшін, біржақты шығындарға мойынсҧнамын; 
б) бітім ҥшін марапат ретінде біржақты артықшылықтарды талап етемін; 
в) өзара пайда мҥмкіндігін ойластырамын. 
4. Келіссөздер кезінде сіз «төменгі шекараны», яғни жол берілетін нашар 
нҧсқалар тҥрінде алынатын келіссөз нəтижесін белгілейсіз бе? 


а) өзімнің «төменгі шекарамды» ашамын; 
б) өзімнің «төменгі шекарамды» жасырамын»; 
в) «төменгі шекараны» белгілемеймін». 
5. Келіссөздер кезінде сіз ҧсыныстар жасайсыз ба, əлде қоқан-лоқы 
көрсетесіз бе? 
а) қоқан-лоқы көрсетемін; 
б) тараптардың мҥдделерін зерттеймін; 
в) ҧсыныстар жасаймын. 
6. Келіссөздер кезінде өз көзқарасыңызды өзгертесіз бе? 
а) көзқарасымды жеңіл өзгертемін; 
б) белгіленген көзқарасымды табанды тҥрде сақтаймын; 
в) көзқарастарға емес, пайдаға көз тігемін. 
7. Келіссөздер кезінде оған қатысушыларға сенесіз бе? 
а) иə; 
б) жоқ; 
в) сенімдік-сенімсіздікке қарамастан əрекет етемін. 
Келіссөз қатысушылары мен шешімдерге қатысты сіз қатаң талапшысыз 
ба? 
а) жоқ; 
б) иə; 
в) келіссөз қатысушыларына жҧмсақ болуға тырысамын, ал шешімдерге 
қаталмын. 
8. Келіссөз кезінде қарым-қатынастарды сақтап қалу ҥшін көнесіз бе? 
а) қарым-қатынастарды сақтап қалу ҥшін көнемін; 
б) қарым-қатынастарды жалғастыру шарты ретінде көнуді талап етемін; 
в) келіссөз міндеттерін шешу мен дау-дамай арасын жіктеймін. 
Н ə т и ж е л е р д і б а ғ а л а у . 
Егер сізде «а» тобының жауаптары көбірек болса, сіздің келіссөз 
жҥргізу стиліңіз — көнгіштік. Келіссөздер мақсаты — ымыра. 
Егер сізде «б» тобының жауаптары көбірек болса, сіздің келіссөз 
жҥргізу стиліңіз — қатаңдық, қысым. Келіссөздер мақсаты — тек жеңіс, 
бҧл ретте тек біржақты, өз тарапыңыздан. 
Егер сізде «в» тобының жауаптары көбірек болса, сіздің келіссөз 
жҥргізу стиліңіз — ынтымақтастық. Мақсат — өзара пайдалы шешімдер. 
8-тапсырма. Тестілеу əдісімен тҧлғаның өзін өзі бағалауы. 
Тапсырма мақсаттары — тҧлғаның ішкі шиеленістері теориясының 
негізгі мəсеелелері бойынша студенттердің білімдерін пысықтау, 
тҧлғаның өзін өзі бағалау дағыдыларын дамыту жəне алынған тест 
нəтижелеріне талдама жасай білу мен өзін өзі жетілдіру, сонымен бірге 
мінез-қҧлықты өзіндік тҥзетудің бағдарламасын қалыптастыру. 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   111   112   113   114   115   116   117   118   ...   134




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет