ПЕДАГОГИКАЛЫҚ СӚЙЛЕУДІҢ ТҤРЛЕРІ ЖӘНЕ
САПАСЫ
«Сөйлеу шеберлігіне ҥйрету психологиясы» (М., 1999)
кітабының авторы Б. Ц. Бадмаев жəне А.А. Малышев, білім
берудің дəстҥрлі жҥйесінде сөйлеу біліктілігі, яғни, адамның
сөзінде жəне сөйлемінде өз ойын білдіре алуы арнайы оқытудың
нəтижесі болып табылмайды деп санайды. Сөйлеу шеберлігі
адамға (келген жағдайда) негізінен кенеттен, жҥйесіз, кездейсоқ
келеді, жəне ең бастысы, əркімге келе бермейді.
«Бастысы - істі істеу, ал сөйлеуді біз бəріміз қатырамыз» сөзі
танымал болды. Сөздің рөлін осылай ҧғыну қиын.
Сөйлеу мəдениетіне ҥйрету - бҧл ең алдымен қажеттілік, уақыт
талабы, кейде адамдарға қарапайым нəрселерді тҥсіндіруге тура
келеді.
Педагогтың ауызша сөзі екі тҥрде бар – монолог түрінде (мо-
нолог сөз) жəне диалогта (диалог сөз). Студенттермен қатынас
жасауда бҧл сөздердің тҥрлері алуан тҥрлі. Монолог сөзінің кең
таралған тҥрлері əңгіме, лекция, тҥсінік, тҥсіндірме (ережелердің,
заңдардың, терминдердің), кеңейтілген бағалау пікірлері. Диалог
сөзі педагогтың оқушылармен тҥрлі əңгімелерінде ҧсынылған.
Одан басқа, педагогикалық тəжірибеде жиі сəлемдеме,
бағалауды алмасуды талап ететін, кездескен жағдайда педагог пен
оқушылар арасындағы сөздер, қандай да бір проблеманы, тəртіп
нормаларын бірлесіп талқылау жағдайлары қалыптасады.
Соңғы уақытта педагог пен студенттер арасындағы сəлемдеме
алмасу жағдаяты туралы оғаш көрініс қалыптасты. Бірде, алғаш
рет аудиторияға сабаққа кіріп, мен колледж студенттерінің өз
орындарында тыныш отырғандарын көрдім. Неге сендер педагогқа
сəлемдеспейсіңдер деген сауалға колледжде демократия жəне
оқытушы аудиторияға кіргенде олар да сəлемдеспейді деген жауап
алдым. 28 жыл педагогикалық қызметімде мен алғаш рет мҧндай
жағдаймен кездестім. Бҧл не - демократия ма немесе колледж
əкімшілігінің тəртіп этикасын дҧрыс тҥсінбеуі ме? Педагогқа талап
қоя отырып, студенттердің қарапайым əдептілігін де естен
шығармауымыз дҧрыс. Осыған ҥнемі ҥйрету қажет. Себебі кез
келген кəсіби мекемедегі оқу ҥдерісінде оқыту мен тəрбиелеу
қатар жҥреді.
Ауызша сөз тҥрлері жиі автономды, «таза» тҥрде болады. Олар
сіңіскендей, біріне бірі кіріп, байланысты баяндаудың кҥрделі
полифониясын, сөздерді, бағалауды, ескертулерді, сҧрақтарды,
жауаптарды жасайды. Оқытушы мен студенттің коммуникативті
қатынасымен жасалатын ахуал, бір мезеттік, сөзбен берілмейді
(ерекшелікті тек жазба техникалық қҧралдарын пайдалану қҧрайды).
Мҧны болашақ педагогқа ескеру қажет, себебі осыған ҧқсас бір
мезеттіксөздерді таңдағаны ҥшін де, олардың айтылатын ырғағы ҥшін
де, оларға ілесетін қозғалыстар ҥшін де ҥлкен жауапкершілікті жҥктейді.
Себебі олардың барлығы тыңдаушылардың есінде көңіл-кҥй, кездесуден
алынған əсерлер, педагогпен сөйлесу ретінде ҧзақ уақытқа қалып қояды.
Педагогтың сөзі белгілі талаптарға сəйкес болуы тиіс:
нормативтілікке ие болуы тиіс
(сөйлеудің заманауи əдеби тілдің
нормаларына сəйкестігі — акцентологиялық, орфоэпикалық,
грамматикалық жəне
т.б.) сөзді
пайдалану нақтылығымен;
мәнерлілігімен
(көркемдігі, эмоционалдығы, ашықтығы). Сөздің
коммуникативтік сапасы:дҧрыстығы, нақтылығы, орындылығы,
лексикалық байлығы, мəнерлілігі, тазалығы педагогтың сөйлеу
мəдениетін анықтайды.
ПЕДАГОГИКАЛЫҚ СӨЙЛЕУ ҚЫЗМЕТТЕРІ
Педагогтың сөйлеу сапасына қойылатын талаптар ең алдымен
педагогикалық қызметтермен шартталған. Негізгі қызметтерінің бірі -
толыққанды білім беруді қамтамасыз ету.
Оқытушы сөзінің ерекшеліктері жəне студенттермен білімді
қабылдау жəне есте сақтау сəттілігі арасында тікелей байланыс бар.
Педагогтың сөзі бҧл қабылдауды қол жетімді, қызықты ете алады, оны
қиындатуы да мҥмкін.
Сөйлеудің бҧл қызметінің маңыздылығы туралы білім оқушылардың
есінде педагогикалық сөйлеудің ерекшеліктерінің арқасында ҧзаққа
сақталатынын келесі факт айтады: педагог дауысының эмоционалды
реңкі, оның интонациясы, дауыс ырғақтылығы, сөздерді айту сипаты
сақталады.
Д.Гранин, танымал ғалым Н.В.Тимофеев-Ресовский туралы «Зубр»
романында айта отырып, оның сөзінің оқушыларға ықпал етуінің
керемет кҥшін атап кетті: оның айтқаны өмір бойына жатталып қалды,
«ол сөздерді шеге сияқты қадайтын». Онжылдықтар өткен соң оның
оқушылары өз ҧстазының сөздерін, сөйлеу ырғағын, мəнерілілігін
қайталады.
Отандық ғалымдар М.Н.Скаткин жəне И. Я. Лернер жазған «жаңа
материалды беру барысында мҧғалімнің сөйлеуінің педагогикалық
міндеті – оқушыларға білім беру ғана емес, сонымен бірге оларда осы
білімге деген эмоционалды-қҧндылықты қатынасын қалыптастыру,
оларды өз тəрбиесінің басшысы, сенімінің негізі етіп жасау қажеттілігіне
ықпал ету.
Заманауи дидактика білім берудің мазмҧнына оқушылардың білімге
деген
эмоционалды-қҧндылықты
қатынасының
тəжірибесін
қалыптастыруды қосады»
1
.
Жастарды ауызша жəне жазбаша тілдің əсемділігіне тарту
шарттарының бірі - мҥмкіндігінше ертерек оларға тілді жақсы білу не
ҥшін жəне неліктен қажет екенін тҥсіндіру. Өкінішке орай, заман
талабына сай, мəдениетті, зиялы адам болғың келсе, ауызша жəне
жазбаша тілді жетік білу барлық мамандыққа қажет екені барлығына жас
кезінде тҥсінікті болмайды (бҧл туралы барлық қыздар мен жігіттер
армандайды, бірақ оған қалай жету керектігін бар уақытта білмейді).
Б.Ц. Бадмаев жəне А.А. Малышев ауызша жəне жазбаша тілдің
ерекше қызметтерін бөліп көрсетеді.
Достарыңызбен бөлісу: |