С. Д. Якушева педагогикалық шеберліктің негіздері


Ықыластылық. Берілген қимылдар мен әрекеттерді



Pdf көрінісі
бет56/134
Дата24.11.2022
өлшемі4,2 Mb.
#52352
түріОқулық
1   ...   52   53   54   55   56   57   58   59   ...   134
Ықыластылық. Берілген қимылдар мен әрекеттерді 
қайталау. Екі адамнан басқасы залдан шығады. Қалғандары (жігіт 
пен қыз) «мҥсіндік топ» қҧрады. Екеуден кіретіндер 5 с ішінде 
жолдастарының тҧрысын еске сақтап, қайталауы тиіс. Жаңа жҧп та 
соны қайталайды жəне т.б. Бəрі бір-бірін алмастырғаннан кейін
бірінші жҧп қайта оралады жəне жаттығу басталған кездегі кейпіне 
енеді. Бірінші жəне соңғы жҧптың тҧрыстарын салыстырып, 
тҥпнҧсқадан ауытқуларды көруге болады. 
15. 
Сабақтың аяқталуы және кету. Әркім өзінің орындығын 
алады жəне оқытушының бҧйрығы бойынша жалпы сапқа тҧрып 
кетеді. Барлық сабақтар жақсы қарқында өтуі тиіс жəне ҧзақтығы бір 
сағаттан аспауы керек

Тест «Сіз қаншалықты сүйкімдісіз?» 
Сіздің бойыңызда сҥйкімділік бар ма? Сіз айналаңыздағыларғы ықпал 
етіп, олардың сеніміне кіре аласыз ба? «Иə» немесе «жоқ» деп жауап беріңіз. 
1. 
Сіз телефонмен сөйлесе отырып, өз идеяңызға адамды тарта аласыз 
ба? 
2. 
Сіз онша сҥйкімі жоқ адамның жанында кҥтпеген жерден табысқа 
жеттіңіз. Сол сəттен бастап ол туралы ойыңыз өзгере ме, ол сізге ҧнай 
бастай ма? 
3. 
Сіз жазып жатқанда, жолдар жоғары шығып кете ме? 
4. 
Сізге ҧнамсыз сҧрақтарға жауап бермеу ҥшін кҥлімсіреп кете аласыз 
ба? Дауласпай-ақ өз пікіріңізде қалуға қабілеттісіз бе? 
5. 
Дауласу кезінде өзіңіз келіспейтін пікірлерге қҧлақ асасыз ба? 
6. 
Бала кҥніңізде ересектердің сҥйкімдісі болдыңыз ба? Сізге таңданып 
қарады ма? 
7. 
Сізге мақтауларды, шын жҥректен, риясыз жиі айта ма? 
8. 
Айнаға қарамағаныңызға көп болды ма? 
Н ə т и ж е л е р д і ө ң д е у . 
«Иə» жауабы — 1 ҧпай, «жоқ» жауабы — 0. 
8 — 7 — тым əбігер жəне өзімшіл, өзіне сенімді; 
6 — 5 — сҥйкімді, қатынаста ҧнамды, жеке басын қадірлейді, 
əбігерленбейді. 
4 — 3 — жасқаншақ, өзіне сенімсіз, сенімсіз. 
2— 
1 — сҥйкімсіз, жеке басын қадірлемейді, өз-өзін сҥймейді. 




Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   52   53   54   55   56   57   58   59   ...   134




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет