С. Д. Якушева педагогикалық шеберліктің негіздері


Мақамды түзетуге арналған жаттығулар



Pdf көрінісі
бет79/134
Дата24.11.2022
өлшемі4,2 Mb.
#52352
түріОқулық
1   ...   75   76   77   78   79   80   81   82   ...   134
Байланысты:
Якушева С.Д. Педагогикалық шеберлік негіздері. Оқулық

Мақамды түзетуге арналған жаттығулар 
 
Дыбыстарды айту кезіндегі барлық кемшіліктерді тілдік 
жаттығулар арқылы жоюға болады. Тілдік жаттығуға массаж 
жатады — бҧлшық етке кҥш тҥсу мен шаршауды басатын дəстҥрлі 
тəсілдердің бірі. Ол денсаулықты қалпына келтіреді, зат 
алмасуды, қан айналымын жақсартады. Сөйлеу органдарына 
жақын орналасқан, ауыз қуысының жҥйке тамырына əсер ете 
отырып, ол жанама тҥрде жақсы естуге ықпал тигізеді. Өз-өзіне 
массаж жасау бойынша əрбір жаттығуды 5-10 рет қайталау керек. 
1. 
Бетке массаж жасау:
1)Екі қолдың саусақ ҧшымен маңдайды, маңдайдың ортасынан 
самай ойығы мен қҧлақтарға қарай сипалаңыз; 
2)Бетті мҧрынның қырынан танауға дейін, содан соң жақтың 
төменгі жағына жəне қҧлаққа қарай сипаңыз; 
3)Дем шығарғанда мына дыбыстарды айтыңыз: «м», «и», 
саусақпен танауды айналдыра отырып; 
4)Иектің ортасынан қҧлаққа дейін, буынның сырт жағымен 
сипаңыз, сосын — қҧлақтан иекке дейін алақанмен сипаңыз; 
5)Мойынды, бас бармақ жҧтқыншаққа қысылатындай ҧстаңыз, 
ал бас бармақпен артқа, содан кейін екі қолмен алға қарай 
мойынның бҥйір бетін сипаңыз. 
2. 
Тілге арналған жаттығулар:
 
1)жаттығу — ауызды ашып, тілдің ҧшымен біресе жоғарғы, 
біресе төменгі тістерді ішкі жағынан кезек кезек тигізіңдер; 
2)«Айқастыру» жаттығуы — ауызды кеңінен ашу, тілдің 
жоғары 
(тістің арасынан), төмен (тістің арасынан), солға 
(тілдің ҧшымен сол дақ бетті), оңға (оң жақ бетті) айқасқан 
қимылдар жасау; 
3)«Кілемше» жаттығуы — тілдің ҧшын жоғары қарай бҧрып, оны 
жоғары тістерге іліктіріп, оны ауыз қуысына, жҧмсақ таңдайға 
тиетіндей тартыңыз (оны ораған секілді). Есінеп, тілді 
«жазыңыз»; 
4)«Тісті тазалаймыз» жаттығуы — ауызды ашыңдар, сосын тілдің 
ҧшымен жоғарғы, біресе төменгі тістердің бір жағынан екінші 
жағынан тазалаңыз. 
5)«Экскаватор» жаттығуы— тілге оржау» пішінін беріп, оны 


барынша алға қарай тартыңыз, сосын ауыз қуысына барынша 
терең итеріңіз. 
3. 
Ерін мен жаққа арналған жаттығулар:
1)«Шаю» жаттығуы — ауыз қуысыңда əуе шарын домалатыңдар 
оны біресе бір жаққа, біресе екінші жаққа, біресе жоғары ерінге, 
біресе төменгі ерінге қуу; 
2)«Шарды ҥрлейміз» жаттығуы — жақты барынша ауыз қуысыңа 
тартыңыз, оларды «жҧтып» жатқандай, содан кейін барынша 
ҥрлеңдер; 
3)Жоғары еріндерге арналған жаттығу — еріндер жҧмулы, бір 
дегенде жоғарғы ерінді, қызыл иекке сырғанай отырып, жоғары 
көтеріңіз. Төменгі ерінді тістейтін, жоғары тістер көрініп тҧруы 
тиіс; 
4)Төменгі еріндерге арналған жаттығулар — еріндер жҧмулы, 
«бір дегенде, төменгі ерін, төменгі тісті жалаңаштай отырып, 
жоғарғы ерінді тістейді. 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   75   76   77   78   79   80   81   82   ...   134




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет