28
29
Жапонияда алғашқы тарихнамалар пайда болды: 710 жылы
«Кодзики» (ежелгі тарих), 720 жылы «Нихонги» (жапон анналда-
ры) жазылды. Бұл шығармаларда ежелгі мифтер, ертегілер, тари-
хи мұралар, жылнамалар жиналған. Сарай маңындағы ақсүйектер
қатарынан шыққан бұл шығармалардың авторлары император
билігінің құдайдан тарайтынын уағыздады.
VIII ғасырдың екінші жартысында «Маньесю» (мириад гүлде-
рінің жиынтығы) жинағы өмірге келді. Ол жапонның халық
өлеңдерімен гүлдене бастаған əдеби поэзияның алғашқы жинағы
еді. Жапонияның көрнекті ақындары Хитомара мен Якомоти бол-
ды. Хитомара əсерлі элегиялардың авторы болса, Якомоти ма-
хаббат жайлы лириканың көрнекті өкілі болды. Сондай-ақ, жапон
əдебиетінде ақын Окура айтарлықтай із қалдырды. Оның өлеңде-
рінде феодалдар езгісінен қалжыраған халықтың ащы тағдыры
көрініс тапты.
Сөйтіп, VIII ғасырдың аяғына қарай Жапонияда феодалдық
қоғам орнығып, мəдениеті гүлдене түсті.
Ə д е б и е т т е р:
1.
Васильев Л. С. История Востока. В 2-х т. Т. 1.— М., 1998.—
433—438 бб.
2. История Востока. В 6 т. Т. II — Восток в средние века.— М.:
Восточная литература РАН, 1995.— 90—93, 180—192 бб.
3. История Японии. В 2-х т.— М.: ИВ РАН, 1999.
4. Кузнецов Ю. Д., Навлицкая Г. Б., Сырицын И. М. История
Японии.— М., 1998.— 13—71 бб.
Достарыңызбен бөлісу: