С. Ə. Тортаев орта ғасырлардағы азия жəне африка тарихы алматы 2009



Pdf көрінісі
бет12/162
Дата06.01.2022
өлшемі7,49 Mb.
#14221
түріОқулық
1   ...   8   9   10   11   12   13   14   15   ...   162
Байланысты:
учебник Азия и Африка

Корея. VII ғ.


32
33
бөлінді. Оларға əкімдер астаналық аристократтар арасынан 
тағайындалып отырды. Мемлекеттің астанасы Кымсон ірі калаға 
айналды. Оның барлық елді мекендермен байланысын нығайту 
мақсатымен пошта стансалары көптеп салынды.
Корей жарты аралындағы мемлекеттерге Қытай жиі-жиі шабуыл 
жасап тұрды. Ол шабуыл б.з.д. ІІ ғасырда, Хань империясы тұсында 
басталған болатын. 342 ж. Солтүстік Қытайда Янь мемлекетін 
құрған сяньбиліктер Когуреге баса көктеп кіріп, астанасын басып 
алды. Ерлік күрестің нəтижесінде когуреліктер бірнеше жылдан 
соң  сяньбиліктерді  өз  жерінен  куып  шықты.  IV  ғасырдың  аяғы 
мен V ғасырдың басында Квангэтхо королі кезінде Когуре аумағы 
бұрынғыдан бетер ұлғая түсті.
475 ж. когуреліктер пэкченің астанасы Хансонды басып алды. 
Пэкче Силламен одақтасып, 551 ж. Когурені Ханган өзенінің 
бассейнінен ығыстырды. Бірақ Когуреден қайтарылған жер Пэкченің 
өзіне тимей, Силланың қолына көшті. Пэкче наразы болып Силламен 
одағын бұзды. Енді ол Когуремен одақтасып, Силлаға қарсы шықты. 
Ал Силла Қытаймен одақтаса бастады.
Когуре мен Пэкчедегі Қытай шапқыншылығына қарсы күрес 
Силла мемлекеті тарапынан алғаш қолдау тауып отырды. Когуреге 
қытай шабуылы 598 жылы басталды. Осы жылы Суй əулеті Корей 
жартыаралының солтүстігіне үлкен армия мен флот жіберді. Бірақ 
қытайлықтар кəрістерден жеңіліп қалды.
612 жылы қытай əскері Когуреге тағы да басып кіріп, қайтадан 
жеңіліс тапты. Суй əскерлерінің 613 жəне 614 жылдардағы жо-
рықтары да сəтсіздікке ұшырады. Когуре мен Пэкче бірлесіп, 
Силлаға қарсы соғыс ашқанда ол Қытайдан көмек сұрады. 645 
жылы қытай əскері Когуреге басып кірді. Бірақ олар мақсатына жете 
алмады. 660 жылы Силла мен Қытай əскерлері Пэкчені талқандап, 
оны Тан империясының провинциясына айналдырды. 663 жылы 
пэкчеліктер тəуелсіздік жолындағы көтеріліске шығып, жеңілді. 
668 жылы Тан жəне Силла əскерлері Когуренің астанасы Пхеньянды 
басып алды. Сөйтіп, Корей жартыаралындағы үш мемлекет 676 ж. 
біртұтас Силла мемлекетіне бірікті. (Тан империясының үстемдігі 
676 жылы құлатылды).
Кореяның Силла мемлекетінің құрамына бірігуінің тарихи 
маңызы — осы кезден бастап аумағы бір, тілі ортақ біртұтас кəріс 
халқының қалыптасуы болды.
Силландық Кореядағы (668—935) əлеуметтік құрылымның 
жоғарғы баспалдағында чингольдар — яғни ақсүйектер, онан кейінгі 
баспалдағында  янъиндер — мейірімді адамдар, əскери міндеткер-
лер; келесі, төменгі баспалдақта — чхониндар, яғни опасыз адамдар 
тұрды. Олар толық құқылы болмады. Чхониндердің ең төменгі тобы 
— құлдар ноби деп аталды. Олар негізінен үйдегі күңдер (малайлар) 
болды. Нобилер мемлекеттік жəне жеке меншік болып бөлінді.
Салықтың негізгі түрлері оброк (азық-түлікпен өтеу) жəне ең-
бекпен өтеу (барщина) болды. Жалпыға бірдей əскери міндеткерлі-
гін өтеушілер тегін жұмысқа салынып отырды.
897 жылы Когуреде шаруалар көтерілісі басталды. Ол жеңіске 
жеткен соң Ху Когуре /кейінгі Когуре/ мемлекетінің құрылғандығы 
жарияланды. 918 жылы ол мемлекеттің басшылығына Ван Гон 
тағайындалды. Ол шаруалардың бұрынғы салықтарын жойды. 
Сонымен қатар Ван Гон Силла королімен келісімге келді. Сол 
«еңбегі»  үшін  Коре  (Когуренің  қысқартылған  аты)  король  деген 
атақ алды. Сол жылдан бері жарты арал «Корея» деп атала бастады. 
935 жылы Силла мемлекеті Кореның құрамына кіріп, дербестігін 
жойды. Сөйтіп, 935 жылдан кейін біртұтас Коре мемлекеті өмір сүре 
бастады. Оның астанасы Сонгдо (қазіргі Кэсон) қаласы болды.
X  ғасырдың  аяғы  —  XI  ғасырдың  басында  Коре  кидандар 
шапқыншылығына тойтарыс берді. Өзара қырқысулармен ішкі 
соғыстардың тоқтауы, Қытаймен, Жапониямен жəне басқа да ел-
дермен экономикалық байланыстардың күшеюі елдің өндіргіш 
күштерінің өсуіне қолайлы жағдай жасады.
Суару  жүйелерінің  құрылысы  едəуір  ұлғайып,  ауыл  шаруашы-
лығы дақылдарының түсімі өсті. Феодалдық қатынастардың да-
муы жерге мемлекеттік меншіктің базасында өрістеді. Жалпы 
мемлекеттік жер қорының көп бөлігін шаруалардың пайдаланып 
отырған кішігірім, майда үлестері құрады. Мұндай үлестік жүйе 
«чонджон» деп аталды. Ол Силла мемлекетінде 722 ж. енгізілген 
болатын. Үлесі үшін шаруалар мемлекетке рента салығын төлеумен 
қатар, мемлекет пайдасына барщина өтеп тұрды.
Мұндай майда үлестерден тұратын мемлекеттік жерден басқа 
ірі феодалдық жер иеліктері де жеткілікті болды. Шенеуніктер 
мен əскерилерге сый ретінде жер үлестіруге тыйым салған 685 
жылғы арнаулы король жарлығына қарамастан, елдегі жердің 
едəуір бөлігі силландық қуатты чиновниктер мен буддалық мо-
настырлар сияқты ірі жер иеленушілердің қолында болды. Бұл 
жерлер байлардың шаруаларының күшімен игеріліп отырды. 
Шаруаларды үстем таптардың пайдасына орындалатын əр түрлі 


34
35
феодалдық міндеткерлікті өтеуге күшпен мұқтаждап отыру үшін 
елді басқаратын əскери-əкімшілік аппарат құрылды. Барлық ел 
аумағы 9 əкімшілік облысқа /чжу/ бөлінді де облыс əкімдерін ко-
роль тағайындады. Əкім облыстағы əскердің де басшысы болды. 
Силла мемлекетінің астанасы Кенчжу қаласында 170 мыңға жуық 
үй болды.
Астана байларының үйлері сəнді де салтанатты болатын. Үйле-
рінің төбесіндегі черепицалары алтынмен апталатын. Астанада 
үстем таптар мұқтаждығын өтейтін қолынан өнер тамған шеберлер 
тұратын.
Силла мемлекеті сыртқы саудамен қызу айналысты.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   8   9   10   11   12   13   14   15   ...   162




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет