ХVІ—ХVІІ ғасырлардағы Конго өзені бойындағы мемле-
кеттер. ХVІ ғасырға қарай бұл регионның халықтары алғашқы
қауымдық қоғамның ыдырау сатысында еді. Тек аз бөлігі ғана
алғашқы таптық қоғам сатысына өтіп, өз мемлекеттерін құрған
болатын. Экватордың оңтүстігіндегі банту халқы ол жерге біздің
ғасырымыздың мың жылдығында қоныстанды. Олардың басқа
халықтардан ерекшелігі бар еді. Құпия қоғамдарға бірігу, жас
ерекшелігіне қарай топтасу, құдай соты дегендер кең өріс алды. Бұл
институттар жалпы қоғам мүддесін емес, билеп төстеуші топтардың
артықшылықтарын нығайтуды көздеді. Жоғарғы басшының билігі
ақсүйектер кеңесінің шешімімен шектеулі болды.
ХІІІ—ХІV ғасырларда баконго халқы құрған Конго мемлекеті
көрші халықтарды бағындырып, оларды салық төлеп тұруға мəжбүр
етті. Конго мемлекеті халқының негізін ерікті диқандар құрады.
Жер қауымның иелігі деп саналды, ал шын мəнінде қауым басшыла-
ры арқылы жерді үкімет басшысы Мани-Конго өз қолында ұстады.
Шаруалар түскен өнімнің жəне аңшылықтағы олжасының белгілі
бір мөлшерін деревня басшысына беріп отырды. Сонымен қатар
əрбір қауым арнаулы бөлініп берілген жерді өңдеп, одан түскен
өнімді мемлекет қазынасына өткізіп отырды. Аңшылық пен балық
аулау қосымша, қол боста айналысатын жұмыс болды. Колөнері
кəдімгідей дамыды: балшықтан ыдыс жасау, өсімдіктерден ыдыс-
аяқ тоқу, ағаштан, сүйектен ойып бұйымдар, əшекейлер /зергерлік
бұйымдар/ жасау кең өріс алды. Ұсталық ісі үлкен құрметке бөленді.
Таққа таласушы алдымен өзінің ұсталық өнерін көрсетуі керек бол-
ды.
Сауда да кең қанат жайды. Жағалаулардан керуендер елдің ішіне
тұз тасыды, ал жағаға қарай пілдің сүйегі, аң терілері, өріп жасалған
бұйымдар тасылатын. Сыртқы саудаға үкімет пен ақсүйектер билік
етті.
Ерікті шаруалармен қатар құлдардың бірнеше категория-
сы болды. Əскери тұтқындар мен ауыр қылмысы үшін құлға
айналдырылғандардың жағдайы өте ауыр болды. Олардың сұрауы
жоқ болды: қожайын ондай құлды өлтірсе де өзі білді, сатып та
жіберуге құқылы болды. Құлдан туғандар мен қарызы үшін құлға
айналғандар «үйдің құлы», «отбасы ошақ құлы» деп аталды. Олардың
жағдайы біртабан жақсырақ болды. Байлардың еуропалықтармен
құл саудасына қатысуы еріксіз құлдардың жағдайын бұрынғыдан
бетер қиындатып, қожайындар құқын өсіріп, елдегі құлдардың
қатарын көбейтті.
ХV ғасырдың аяғында Конго жағалауында португалдықтар
қоныс тебе бастады. Ең алғашқы экспедиция бір топ жергілікті
тұрғындарды өздерімен ала кетті. Олар португал тілін үйреніп,
христиан дінін қабылдады да, қайтып оралған соң отаршылдардың
одақтастары болды. Ол кезде Португалия «бейбіт бағындыру» сая-
сатын ұстанған болатын. Жер басып алмай, Конго аумағында ме-
кендер салмай, португалдықтар Мани-Конгоны /елдің басшысы/
өз ықпалына бағындырып, қалаған саясатты сол арқылы жүзеге
асырып отырмақ болды. Алғашында Конго басшыларына мұндай
одақтастар пайдалы да болды. Конголез билеушілері өз вассалда-
рын бағыныштылықта ұстау үшін күш қолдануға мəжбүр бол-
374
375
ды. Күшпен бытыраңқылыққа ұмтылу пиғылын басып отырды.
Шекаралас күшті тайпалардың шабуылына тойтарыс беру үшін
де күш керек болды. Сондай-ақ кезекті тақ үшін күрес те күшті
одақтасты қажет етті.
Сол себепті Конгоның билеуші тобы өзін оқпен атылатын
қарумен қамтамасыз ететін португалдықтармен достық қатынаста
болуға тырысты. 1491 жылы Конгоға католик миссионерлері келді.
Елдің басшысы Нзинга-а Нкуву христиан дінін қабылдап, есімін,
Жоао да Сильва деп өзгертті. Мбанза-Конгоның астанасы онда
салынған католик шіркеуінің атымен Сан-Сальвадор деп атала-
тын болды. Көсемнің Энрике деген баласы онбір жасынан бастап
Лиссабонда тəрбиеленіп, ең алғашқы африкандық епископ болды
/1518 ж./. Билеуші топ еуропалықтардың құл саудасына белсене ара-
ласты.
Бірақ оған бақылауды өз қолдарында ұстап тұра алмады.
Португалдық құл саудасымен айналысушылардың тонаушылығын
шектеу үшін Конго көсемдері ХVІ ғасырдың бірінші жартысын-
да Ватиканнан көмек сұрай бастады. Бірақ еш нəтиже шықпады.
Келімсектер зорлығына қарсы халық көтеріліске шығып тұрды. Оның
қысымымен португалдықтардың құқтары мен артықшылықтарын
шектеу саясаты жүргізілді.
Құл саудасы елдің экономикасын əлсіретті. ХVІ ғасырдың
екінші жартысында көптеген Конго вассалдары тəуелсіздігін
алды, көршілердің шапқыншылығы күшейді. 1568 жылы көрші
тайпалардың бірі астананы басып алды. Елдің басшылары тағы
да португалдықтардан көмек сұрауға мəжбүр болды. Мани-Конго
1-Алвару Португалия королінің вассалы болуға келісті. 1641 жылы
португалдықтардың тірегі болған Луанда қаласын голландтар басып
алды. 1642 жылы Конго Голландиямен достық бітім жасады. Бірақ
1649 жылы португалдықтар күш жинап, голландтарды Луандадан
қуды.
Соғыстардан, ішкі талас-тартыстан əлсіреген Конго 1651 жылы
Португалиямен «патронаж» жөнінде келісім жасады. Португалдықтар
ықпалынан құтылу жолындағы соңғы əрекет І-Антониу тұсында
/1663 жылдан кейін/ жасалды. Луандалық Португал үкіметімен
қырғиқабақтық əскери қақтығысқа жетті. 1665 жылғы 29 қазанда
Амбуилдегі шешуші шайқаста Конго əскері толық жеңілді.
Конгоның жеңілу себебінің бірі — онда күшті мемлекеттің
құрылмауы болды. Армия мен полиция сияқты зорлау аппараттары
халықтан толық қол үзіп, өзінің жетілу шыңына жетіп үлгермеген
еді.
Ə д е б и е т т е р:
1. История стран Азии и Африки в средние века. В 2 ч.— М.: МГУ,
1987.— 249—277 бб.
2. История тропической Африки [с древнейших времен до 1800]
Пер. с фр.— М., 1984.
3. Хэир П. Встреча с Африкой: европейские контакты и свиде-
тельства 1450—1700 гг.— М., 1997.
376
377
Достарыңызбен бөлісу: |