76
77
қарсы шыға бастады. Олармен соғыста алдымен Чалукилер, кейін
— Паллавтар жеңілді. IX ғасырдың ортасында иелігі қазіргі Берарда
болған Раштракуттер деген
феодалдар Чалукилерді құлатып, X
ғасырдың аяғына дейін билікті қолдарында ұстады. IX ғасырдың
екінші жартысында Чола деген феодалдар Паллавтарды құлатты.
Араб жазушыларының айтуынша, Раштракуттер мемлекеті сол
кездегі Индияның ең күшті мемлекеті болды. Раштракуттер көрші
Декан князьдарымен, шығыста — чалукилермен жəне чолалар-
мен, канаудждың пратихараларымен,
сондай-ақ өз вассалдарымен
соғысып отырды. X ғасырда, ІІІ Кришна тұсында, Раштракуттер
Деканның қиыр оңтүстігінде ірі жеңістерге жетті. Олар бір кез-
де Цейлоннан да алым-салық жинап тұрды. Тынымсыз соғыстар
Раштракуттерді əлсіретті. Оны чалукилер пайдаланып қалды.
Раштракуттер жеңіліп, чалукилер билігі орнады. Чалукилердің
əскери қуаты XI ғасырдың ортасында өте жоғары дəрежеге жетті.
Осы кезде олар Мальваның басшысын өз вассалына айналды-
рып, Солтүстік Индияға қарақшылық жорық жасады. Чалукилер
Канауджды алып, онан соң шығысқа бет бұрды. Қазіргі Ассамға
дейін жетті. Чалукилер Деканның батысын
XII ғасырдың басына
дейін қолдарында ұстады.
Чалукилер мемлекетімен бір мезгілде Деканның оңтүстігінде
Чолалар мемлекеті құрылды. Оның аумағы, əсіресе I Раджендраның
/1016—1044/ тұсында əлдеқайда ұлғайды. Раджендраның сəтті
соғыстарының нəтижесінде Чола державасы Оңтүстік Индиядағы
тамиль жерлерін, Бенгал шығанағы жағалауын өзіне қаратып алды.
Үлкен флотының күшімен Раджендра Цейлонды, Никобар жəне
Андаман аралдарын басып алды. Раджендраның мұрагерлері XI
ғасыр бойы Чалукилермен жиі-жиі соғысып отырды. Бұл соғыстар
XII ғасырда Чолалар билігін əлсіретті. Халық
көтерілістері, сек-
танттар қозғалысы, феодалдар қуатының өсіп, олардың бүліктерінің
жиілеуі — осының бəрі Чолалар державасын құлатып тынды.
Чалукилер, Раштракуттер, Чолалар патшалары елді ұлы князь
тектерінен шыққан жəне сарай маңындағы жоғарғы сановниктер-
ден тұратын кеңес арқылы басқарды. Кеңестің бір мүшесі
бас ми-
нистр болды. Ол
махапрадхан деген титул алатын. Патшаның ең
жақын көмекшісі, əрі мұрагері — оның баласы болатын. Мемлекет
облыстарға бөлінді. Облыстар мен округтердің көлемі əртүрлі бол-
ды. Облыс басшыларының билігі де зор еді. Олардың өз əскерлері,
салық жинау аппараттары болды, облысты басқаруда толық ав-
тономиялы болды. Олардың тəуелділігінің белгісі — сюзереніне
салық төлеу болды. Сондай-ақ олар жерді сюзереннің рұқсатынсыз
үлестіріп бере алмады.
Князь қазынасына түсетін феодалдық
оброкты жинайтын адам-
дар өлгенде олардың бұл қызметін балалары жалғастыратын. Жақсы
қызметі үшін жер сыйлау кең етек алды. Ондай жерлер көбінесе
феодалдық оброктан босатылатын.
Достарыңызбен бөлісу: