Қала, қолөнері, сауда. Деканда қолөнері мен сауда жақсы
дамыған қалалар көп болды. Олардың ең ірілері, əрине, астаналар мен
əкімшілік орталықтары, теңіз жағалауларындағы портты қалалар,
қасиетті храмдар маңындағы елді мекендер болды. Қолөнері алуан
түрлі болды. Конкан жағалауындағы Барангал, Танджер, Пайтхан
жəне басқа қалаларда тоқыма өнеркəсібі жоғары дəрежеде дамы-
ды. Малабар жағасында кокос пальмасынан май өндіріп, циновка
тоқыды, арқан есті. Қазіргі Майсұр аумағындағы қолөнершілер
піл сүйегінен қымбат бұйымдар жасады. Қазіргі Хайдарабадта,
Майсұрда, Мадрас штатының аумағында алтын, алмас, т.б. асыл
тастар, мыс пен темір көптеп өндрілді. Сол себепті бұл жерлерде
зергерлік, əшекей бұйымдар шығару кең өріс алды. Сондай-ақ қару-
жарақ, ыдыс-аяқ та көптеп жасалды. Əр қалада тері өңдеушілер,
одан аяқ киім тігушілер, тартпа, жүген жасаушылар жеткілікті бол-
ды. Тас қашаушылар, құрылысшы жұмысшылар да жеткілікті еді.
Қолөнершілер мен саудагерлердің «шрени» деген ұйымы болды.
Ол кəсіптік каста іспеттес еді. Кейде бұл ұйым бірнеше касталарды
біріктірді. Шренидің басында старейшина немесе бірнеше старейши-
надан құрылған кеңес тұрды. Шрени органдарының шешімін оның
мүшелері қайда жүрсе де бұлжытпай орындауға тиіс болды. Əсіресе,
бұл сауда шрениіне қатысты болды. IX ғасырда бір сауда шрениінің
300 қалада өз өкілі болды. Қалаларды князь тағайындайтын воево-
да басқарды. Ол қаланы полиция бастығымен, көпестер шрениінің
өкілімен бірлесе отырып басқарды.