134
135
əскердегі билікті жəне чиндер (қызмет) министрлігін өз қолында
ұстаған. Алғаш Джагём жеңіске жетіп, Инджонды қамап қойды.
Бірақ көп өтпей Ли Джагёмді өзінің бір вассалы өлтіріп кетті.
1135 ж. Согёнде будда монағы Мё Чхон басқарған бүлік шықты.
Бұл кэгёндік жəне сэгёндік (солтүстіктің орталығы) ақсүйектер
арасындағы билік үшін күрес еді. Мё Чхон басқарған
феодал-
дар тобы елдің Солтүстік-Батыс облыстарының жеке мемлекетке
бөлінгендігін жариялады. Бірақ көрнекті мемлекет қайраткері Ким
Бусик басқарған өкімет əскері 1136 ж. көктемде Согёнді штурммен
алып, бүлікті басты. Бұл мемлекетті нығайтуды жақтаушылардың
жеңісі болды.
ХІІ ғасырдың екінші жартысында Қытай ықпалына қарсы күрес
тоқтамады. 1170 ж. Ыйджон ванның билігіне наразы феодалдар
тобы төңкеріс жасап, билікті басып алды. Чон Джунбу бастаған
дінбасылары таққа құлатылған ванның інісі Мёнджонды отырғыз-
ды. Іс жүзінде өкімет билігі əскерилердің қолында қалды.
Феодалдар арасындағы, феодалдар мен шіркеу арасындағы
қақтығыстар елдің саяси-экономикалық жағдайына айтарлықтай
зиян келтірді. Əсіресе шаруалар үлкен күйзеліске ұшырады.
Сондықтан олар көтеріліске шығып отырды. Көтерілістер 1162,
1166 жылдары болды. Ал 1176 ж. нағыз шаруалар соғысы бастал-
ды. Оны Мани басқарды. Көтеріліске шыққандар негізінен ноби-
лер — мемлекеттік басыбайлы шаруалар болды. Олар елуге жуық
қалаларды басып алды: 1177 ж. көтерілістің оңтүстіктегі негізгі
ошақтарын басқаннан кейін көтерілістер солтүстік-батыс аудандарға
тарай бастады. Көтеріліс тек 1178 жылдың аяғында ғана толық ба-
сылды. Мани өлтірілді. Сонан кейін ірі көтерілістер Кёнсан провин-
циясында 1193—1194 жж. Ким Сами мен Хё Симнің басшылығымен
болды.
1196 ж. іс жүзіндегі өкімет билігі Чхве Чхун Хэннің қолына
көшті. Сөйтіп, 1258 жылғы моңғол жаулап алушылығына дейін
елде екі əулеттің билігі қатар орнады.
Осындай феодалдық өзара
қырқысулар Корёні əлсіретіп, оны басқа мелекеттердің жаулап алу-
ын жеңілдетті.
1216 жылы Кидандар Кореяға қайта басып кірді. Корея королі
Цой Чхун Хэн монғолдардан көмек сұрады. Монғол отрядтары 1218
жылы Кореяға кіріп, кидандарды қуып шықты. Корея моңғолдарға
салық төлеп тұрудан бас тартқан соң 1231 жылы моңғол əскерлері
жарты аралға басып кірді. Сылтау — Кореядағы моңғол елшісінің
өлімі болды. Моңғол ханы Кореяға Сартай басқарған əскер жіберді.
Корея королі мен үкімет басшысы Цой У
астанадан қашып, Канхвадо
аралындағы қамалға барып тығылды. Дегенмен моңғолдар Кореядан
салық алып тұрумен шектелді. Моңғолдар Кореяны толық басып
алу ойынан қайтқан жоқ. 1259 жылы Цой əулетінің үкімет басшы-
сы өлтірілді, Канхвадо аралындағы қамал талқандалды. Король
мұрагері кепіл ретінде Моңғолияда ұсталды. Кореяның королі
өлген
соң мұрагер еліне қайтып келіп, таққа отырды. Ол Кореяны
Моңғолияның вассалы деп жариялады. Сөйтіп, Кореяда моңғолдар
билігі орнады.
Моңғолдар Кореяны Жапонияға қарсы соғыста өз базасына ай-
налдырды. Бірақ бұл зорлыққа халық көнгісі келмеді. 1270 жылы
моңғолдар өз елін қауіпсіздендіру мақсатымен Кондо аралығындағы
қамалды жойып, оны қорғап тұрған əскерді таратуды талап етті. Бұл
талап «үш корпус əскерлерінің» көтерілісін туғызды. Осы əскерлер
моңғолдарға қарсы үш жыл бойы күресті. Оларға шаруалар да
көмектесті. Бірақ король мен оның одақтасы 1273 жылы көтерілісті
басты.
1274, 1281 жылдардағы Жапонияға сəтсіз жорықтардан кейін
моңғолдар Кореяны оккупациялауын онан əрі жалғастырды. Олар
«Шығыс жорығын басқару» мекемесін құрды. Ол мекеме Корея
үкіметінің үстінен қарайтын орган болды. Кореяның король үкіметі
бұл мекеменің қолжаулығы болды.
Жүз жылдық моңғол езгісі Кореяның экономикасына айтарлықтай
зиян келтірді. ХІV ғасырдың ортасына қарай Кореяның жағдайы
өте қиындап кетті. Шіркеу мен феодалдардың, моңғолдардың
езгісіне жапон шабуылдары қосылды. 1356 жылы жапондықтар
Есонган өзеніндегі Кедон аралын басып алып,
Корея астанасы-
на қауіп төндірді. 1359—1360 жылдары Солтүстік Корея «Қызыл
бастылардың» талан-таражына ұшырады. Елде тап күресі де
шиеленісті.
Кəріс дворяндары шіркеудің, ақсүйек феодалдардың жерлерін
тартып алуды, моңғолдарды қууды, үкімет билігін күшейтуді
мақсат етті. Сондықтан олар армия мен флотты күшейтуді, будда
шіркеуінің жерін тартып алуды талап етті. Кореяның қала халқы —
қолөнершілер мен көпестер дворяндарды қолдады. Бұл талаптарды
король Конминнің /1352—1374/ бірінші министрі Синдун ескерді,
мүмкіндігінше қанағаттандыруға тырысты. 1356 жылы Синдун
«Жер мен халық санын қайта қарау басқармасын» құрды. Ол ірі
жер иеленушілер тарапынан қатты наразылыққа ұшырап, король-
ге қарсы қастандық ұйымдастырды деген айыппен өлім жазасына
кесілді.
136
137
1356 жылы моңғолдардың негізгі күші Кореядан шықты, ал
қалған гарнизондары 1359 жылы толық талқандалды. Кореядағы
моңғолша жыл санау, қызмет баптары жойылды. 1359 жылғы жеңісте
ұйымдастырушылық қабілетімен ерекше көзге түсіп, жеңісті
қамтамасыз еткен Ли Хван Чжо деген феодалға король он мың ша-
руалар отбасын сыйлап, əскердің қолбасшысы етіп тағайындады.
Сөйтіп Ли əулетінің
жұлдызы жанып, шарықтауы басталды. 1368
жылғы Қытайдағы моңғолдар билігінің құлауы Кореяға да əсер етті.
1369 жылы Корея королі Конмин ресми түрде ұлы ханның вассалы
екенін мойындаудан бас тартты.
Патшалығының екінші кезеңінде король будда дінбасыларының
серкесі Син Удың ықпалына түсіп кетті. Бұл 1374 жылғы сарай
төңкерісіне əкеліп соқты. Син У мен король өлтірілді. Бұл төңкерістен
кейін тақ үшін күрес 20 жылға созылды. Ақыры династия құлады.
1389 жылы «Жаңа партияның» басшысы, Ли Хван Чжоның бала-
сы Ли Сон Ге таққа сол партияның өкілі Коньянды отырғызды. Бірақ
партияның əскердегі офицер мүшелері 1392 жылы сарай төңкерісін
жасап, Коньянды тақтан құлатты. Оның орнына Ли Сон Генің өзін
король деп жариялады. Ол мемлекеттің Корё деген атын Чосон деп
өзгертті. 1396 жылы оның астанасы Ханьян /қазіргі Сеул/ қаласына
көшірілді. Жаңа король Ли Сон Ге /1392—1398/ «жаңа партияның»
талабына сай ақсүйек феодалдардың ірі жер иеліктерін конфиске-
леп, орташа жəне ұсақ иелікті дворяндарға таратып берді.
Жаңа тəртіптің нығаюы, сонымен қатар жаңа династияның таққа
түпкілікті бекуі династияның ІІІ-королі Ли Хван Вонның /Тхечжон/
атымен /1401—1419/ тығыз байланысты. Бұл король өте шебер саясат-
шы болды. Ол Қытай императорынан «Чосон королі»
деген грамота
алды. Сондай істерімен Ли Хван Вон Кореяны Шығыс Азиядағы ірі
күштердің біріне айналдырды.
Бұл корольдің тұсында басқару аппараты қайта құрылды. Алты
палаталы орталық өкімет органы құрылды. Жоғарғы үкімет орга-
ны сегіз мүшесі бар Мемлекеттік Кеңес болып табылды. Ел сегіз
провинцияға бөлінді. Оларды король тағайындайтын, тек король-
ге бағынатын уəкілдер басқарды. Провинциялар уездерге бөлінді.
Қызметке орналасу үшін «ғылыми дəреже» қажет болды. Ол ар-
наулы емтиханнан өткен соң берілді. Негізінен үш атақ болды. ІІІ
— төменгі дəреже жергілікті жерде, қалған екі жоғарғы дəреже —
астанада берілді. Қызметтегі адам Янбан деп аталды. Бұл сөз кейін
дворяндардың атына айналып кетті.
1401 жылғы жарлық бойынша будда монастырларының көп жері
тартып алынды. Елдің ішіндегі жағдайды реттеу мақсатындағы ша-
ралар бүкіл ХV ғасыр бойы жүргізілді. Король Сечжонның /1419—
1450/ тұсында бүкіл өңдеуге жарайтын жердің есебі алынып, жи-
налатын салық мөлшері анықталды. Ол жердің сапасына, судың
жақындығына қарай белгіленді.
Жапониямен сауда жасау да реттелді. Сауда үш порт арқылы
жүргізілді. Олардың бастысы Цусима болды. 1420 жылы осы
порттың бастығы Жапония сауда кемелерінің қайсы портқа қанша
рет қатынасатыны жөнінде келісім жасады.
Кореяны əсіресе олардың солтүстік — шығысындағы көршілері
— чжурчжендер қатты мазалады. Онымен күрес көпке созылды.
Тек 1449 жылы Корея Туманган өзені маңында Чжурчжендер жерін
басып алып, онда əскери гарнизонын орналастырды. Бірақ чжурч-
жендермен тайталас ХV ғасырдың екінші жартысында да онан əрі
жалғасты.
Ли əулетінің жетінші королі Сечжо /1456—1470/
тұсында корей
деревнясын қамтыған өзгерістер болды, ашаршылық бола қалған
кезде қажет болатын егін сақтайтын қоғамдық қоймалар салын-
ды, жер жыртуға, көшіп-қонуға керек болатын ірі қара мал басын
көбейтуге қолдаушылық көрсетілді; малды, жібек құртын бағып-
қағу жөніндегі басшылық нұсқау кеңестер жасалды. Ескі суару
жүйесін жөндеп, жаңасын салуға көп мəн берілді. Бұл шаралар елдің
экономикасын дамытуға елеулі үлес қосты. Өңделген жердің көлемі
1391 жылы 798 127 кёл болса, 1404 жылы — 922 677 кёлге жетті. Бұл
кезде қолөнері мен сауда жақсы дамыды. Қолөнершілер мен сауда-
герлер еуропалық цехтар мен гильдиялар сияқты ұйымдарға бірікті.
Ол ұйымдар үкіметтен қажетті тауарлар шығару монополиялары-
на құқ алып отырды. Елдегі сауданың өсуінің куəсі — жергілікті
жəрмеңкелердің көбеюі болды.
Кореяның жаңа астанасы — Сеул ХVІ ғасырдың басын-
да халқының көптігі жағынан елдің ең ірі қаласына айналды. Ол
халықтың басым көпшілігі қолөнершілер мен саудагерлер болды.
Достарыңызбен бөлісу: