156
157
ноянының басқа нояндармен күресіне қатысу болды. Нөкерлер текті
тұқымдардан таңдап алынды. Нөкерлер жер, шаруалар алды. Бұл
үлестер еуропалық бенефицидің баламасы болды. Монғолша бұл
үлес «хуби» деп аталды. Қарапайым халық «харачу» деп аталды.
Нөкер ноянға адалдығы жөнінде ант-су ішіп, ауызша уəде беретін.
Феодалдық қатынастардың онан əрі дамуына рулық қауымның
қалдықтары кедергі жасады. Əрбір атаның тұқымдары бірге көшіп-
қонатын. Қоныста ортада үлкен үй орналасатын да,
қалғандары
сол үйдің айналасына тігілетін. Əскерді де əр атаның тұқымдары
жасақтайтын. Жеті атаға дейін бір тұқымның ұрпақтарына үйленуге
тыйым салынды. Сондықтан келін басқа атадан айттырылатын, ал
қалың малға шамасы келмейтіндер қалыңдықты ұрлап алып қашуға
мəжбүр болатын. Əр атаның өз таңбасы болды. Соғыс кезінде əр
атаның жауынгерлері жауға қарсы өз сардарларының басшылығымен
топ-топ болып шабатын.
Əр ата — бір ауыл болатын. Əйелдерді ерекше сый-құрметке
бөлеген. Ол жайында ХІV ғасырдағы араб саяхатшысы Ибн Батута
жақсы жазған. Əр атаның өз қонысы болатын. Ата ішінде өкпелеген
отбасылар басқа жерге көшіп кететін. Ата ішіндегі билік, байлық
үшін таластар көрші аталармен талас-тартыстарға ұласты. Бірнеше
рулар, ата тұқымдары бірлесіп, Монғолиядан
тыс жерлерге жорық-
тар жасай бастады. Бірақ ең басты мəселе — бүкіл Монғолияға билік
орнату болды. Тайшыжуттар мен татарлар, керейлер мен найман-
дар, татарлар мен меркіттер арасындағы қақтығыстардың мақсаты
— Монғолияны бір рудың қол астына біріктіру болды.
Əсіресе ХІІ ғасырдың екінші жартысында талас-тартыс
шиеленісіп кетті. Өндіргіш күштердің онан əрі дамып жетілуі
қорғауды қажет етті, яғни бір орталыққа бағынған тəртіп орнатып,
ол тəртіптің қатаң сақталуын бақылайтын мемлекетке мұқтаж
болды. Мұндай мемлекеттің құрылуы Есугей
батырдың баласы
Темужіннің қызметімен байланысты болды. 1164 жылы Есугей
батыр өлді. Оның жұбайы Оэлун бес баламен /4 ұл, 1 қыз/ жесір
қалды. Баласының үлкені Темужін тоғыз жаста болатын. Ол ер
жетіп, ат жалын тартып мінгенше жесір отбасының көрмеген азап-
қорлықтары жоқ.
Темужіннің аты ХІІ ғасырдың 90 жылдары шыға бастады. Ол
əкесінің досы, керейттердің ханы Тұғырылдың көмегімен көзге түсіп,
көтеріле бастады. Бірте-бірте өз ұлысын құрып, бүкіл Монғолияны
біріктіруге кірісті. Бірақ мұндай ойды тек Темужін емес, басқа
ұлыстың басшылары да ойлайтын. Солардың тарапынан Темужін
үлкен қарсылыққа кездесті. Ең бірінші қарсыласы тайшыжуттарды
өз жағына тартып алған меркіттер болды. Тұғырыл ханның жəне
жаджират руының батыры, досы Жамуханың көмегімен Темужін
меркіттерді талқандады. Бұл жеңістен
кейін Темужін мен Жамуха
арасында араздық туды. Бір пікір бойынша, Жамуха бұрынғы
рулық құрылыс пен тəртіпті жақтап, қарапайым халықтың мүддесін
қорғады. Ол Темужін орнатпақшы қатаң тəртіпке, бір орталыққа
бағынған мемлекетке қарсы болды. Басқа бір пікір бойынша,
Жамуханың өзі билікке ұмтылды, сол билік үшін күресті.
1200 жылы Темужін Тұғырыл ханмен бірге татарларды
талқандады. 1202 жылы Темужін əскер басыларына соғыста түскен
олжаны өз бетімен талан-таражға салуға тыйым салды. Олжа соғыс
біткен соң тең бөлінуге тиіс болды. Темужіннің бұл жеңісі оның
қарсыластарын бірлесуге, күш жинауға мəжбүр етті.
Татарлар
меркіттермен, тайшыжуттармен, ойраттармен бірігіп, Жамуханы
хан сайлап, Темужінге қарсы соғыс бастады.
1203 жылғы көктемде бұл соғыс Темужіннің толық жеңісімен
аяқталды. Бұл жеңістен кейін Темужін мен керейт ханы (ваны)
Тұғырылдың арасындағы бақталастық басталды. Олардың ара-
сында соғыс болмай қоймайтын болды. Соғысқа Ван-ханды бала-
сы итермелей түсті. 1203 жылы күзде Ван-хан əскері талқандалып,
ұлысы Темужіннің қолына көшті.
Енді Темужінге қарсы тұрған бір ғана ұлыс-наймандар қалды.
Екі жақ та соғысқа мықтап дайындала бастады. Темужінге қарсы
күштердің бəрі наймандар тобына барып қосылып жатты. 1204
жылы Темужін əскері Орхон өзенінің батысында наймандардың
Таян-хан бастаған қолын талқандады. Таян-хан ұрыс кезінде өлді.
Бұл жеңістен соң бүкіл Монғолияны билеу жолында Темужіннің
бақталасы қалмады. Наймандар батысқа қашып барып,
қазақ
халқының негізін қалауға үлесін қосты.
1206 /1202/ жылы Онон өзені бойындағы Делюн-бұлдақ деген
жерде ашылған ру-тайпа шонжарларының құрылтайы Темужінге
Шыңғысхан деген атақ беріп, оны монғолдардың ұлы қақаны деп
жариялады. Əбілғазы «Тəңірінің беті келіп: «Маған тəңірден иша-
рат болды. Темужінге бар. Елге, халыққа: «Бұл күннен соң Темужін
демесін, Шыңыз десін, жер жүзінің патшалығын Шыңызға, оның
балалары мен тұқымдарына бердім» деп айт дейді. «Шыңның»
мағынасы «ұлық жəне қатты» деген болар, «ыз» — оның көпшесі»
1
,—
десе, Құрбанғали Халид: «...Соғыс ғылым тəсіліне қарап-ақ «жың
1
Əбілғазы. Түрік шежіресі.— Алматы, 1991.— 59 б.