150
151
Хо-кюи-Лидiң реформалары аяғына жеткiзiлмедi. Оны 1407—
1427 жылдардағы Қытай басып алушылығы тоқтатты.
Қытай басқыншыларына қарсы күрестiң орталығы Тханьхоа
провинциясындағы Ламшон ауылы болды. Сол ауылдан 1418 ж.
көтерiлiсшiлер Ле Лой мен оның серiгi Нгуен Чайдың басшылығымен
жаудың əскерiне қарсы шабуыл бастады.
Он жылдық соғыстың барысында вьеттiктер жеңiске жетiп, от-
анын толық азат еттi. 1428 ж. өкiмет билiгiнiң Ле əулетiнiң қолына
көшкендiгi жарияланды. Ол əулет 1788 жылға дейiн билiк құрды.
Жаңа əулет басқарған өкiмет ең алдымен ауыл шаруашылығын
қалпына келтiрiп, онан əрi дамытуды қолға алды. Iрi жер иелерi
Қытай басқыншыларымен ынтымақтастықта болғаны үшiн олардың
иелiктерi қазынаға алынды. Ал Ле Лой əскерi негiзiнен шаруалардан
тұрғандықтан қазынаның жері жері жоқ немесе жерi аз шаруаларға
бөлiнiп берiлдi. Ол жерлердi сатуға тыйым салынды. Алдағы екi
жыл бойына шаруалар салықтан босатылды. Бұл шаруалар соғыста
зардап шеккен экономиканы жандандыруға зор үлес қосты.
Өкiмет шаруаларды жаңа қазыналық жəне жеке меншiктiк
жерлердi игеруге ынталандырып отырды. Тек салықты төлеп отыру
талап етiлдi. Бiрақ шаруалардың бəрi бiрдей өз шаруашылықтарын
дамытып кете алмады. Кейбiр шаруалар бақуатты шаруашылық
иелерiне тəуелдiлiкке түсiп, жалдануға əрекет жасады. Бiрақ салық
төлеушiлер қатары кемiп кететiн болғандықтан мұндай əрекеттерге
тыйым салынып отырды.
Ле Нян Тон (1442—1454) билiгi кезiндегi жарлықтар ұсақ отба-
сыларының жеке меншiк жерлерiн нығайтуға бағытталды. Мұндай
шаралар XV ғасырдың 50- жылдарының аяғына қарай Дайвьетте
жер иеленудiң тұрақтылығын қамтамасыз еттi.
Ле Тхань Тон (1460—1497) корольдiң тұсында реформалар
толықтырылып, “Хонг-дык” кодексiмен бекiтiлдi. Ол орталық-
тандырылған монархияны құруды көздеп, XV ғасырдың ортасына
қарай аграрлық қатынастарда орын алған өзгерiстердi бейнеледi.
Оның көптеген баптары жердi иелену, мұраға алу, сату тəртiптерiн,
ол тəртiптердi бұзғаны үшiн қолданылатын жазаларды белгiледi.
Ауыл шаруашылығы өнiмдерiнiң өсуi қолөнерi мен сауданың да-
муына ықпал еттi. “Жүз бiрлестiк өндiрiс” деп аталған мемлекеттiк
шеберханаларда əскерге қажеттi қару-жарақтар, өндiрiс құрал-
саймандары, сəндiк бұйымдар жасалды, киiм-кешек тiгiлдi. Ауылдар
егiншiлiктен қол үзбестен жiбек жəне мақтадан тоқылған маталар
шығарды, қағазбен күйдiрiлген қыш бұйымдарын жасады. Вьеттiк
шеберлердiң бұйымдары тек iшкi рынокта ғана емес, сондай-ақ
сыртқы рынокта да, əсiресе Қытайда үлкен сұранысқа ие болды.
Дайвьет сыртқы саясатта да елеулi табыстарға қол жеткiздi. 1471
ж. Тьямпа жаулап алынды да, тəуелсiздiгiнен айырылды. 1479—
1480 жылдары Лангсангқа сəттi жорық жасалды. Оның нəтижесiнде
Лангсанг бiраз уақыт Дайвьеттiң сюзеренитетiн мойындауға мəжбүр
болды.
Достарыңызбен бөлісу: