176
177
ханның /1318—1326/ тұсында етек алған феодалдық қырқысулар ол
өлген соң ұлысты ыдыратты. Ақсақ Темір билігінің /1370—1405/ ор-
науымен Мəуереннахрдағы Шағатай билігі жойылды.
Темірдің жеңісті жорықтарының нəтижесінде Орта Азияда оның
бастауымен қуатты держава құрылды. Темір Иранға, Хорезмге,
Закавказьеге, Кіші Азияға, Индияға жорықтар жасады. Жаулап
алынған елдерден алтын, күміс, бағалы заттар алып келіп, Темір сал-
танатты сарайлар, мешіттер салғызды. Ол Орта Азия қалаларында
қол өнері мен сауданы өркендетуге, суландыру жүйесін кеңейтуге
тырысты.
Темір өзінің əулеттері мен əмірлеріне /өзі де «əмір» атанды/ тұтас
облыстарды мұралық иемденуге /«Союргал»/ үлестіріп беріп от-
ырды. Ол жерлерден түсетін табыстардың біраз бөлігі жергілікті
əкімшілікке, біраз бөлігі мемлекеттік қазынаға өтіп отырды.
Шаруалар XIII—XIV ғасырлардағыдай, «харадж» деп аталған жер
салығын, «джизья» теп аталған жан басы салығын төледі. Сонымен
қатар шаруалар «бегар» деп аталған барщиналық міндеткерліктер
де атқарды.
ХІV ғасырдың екінші жартысында Орта Азияда бірнеше халық
көтерілістері болды. Мысалы, 1365 жылғы Самарқандағы халық
көтерілісін Мəулен-заде деген медресе шəкірті мен Əбу Бəкір Келеви
деген мақта түтуші басқарды. Қаланың еңбекші халқы өкімет
билігін өз қолына алды. 1388 жылы көтеріліс Хорезмде болды. Бұл
қозғалыстарды Темір басып тастап отырды.
1395 жылы Темір өзіне қарсы шыққан Тоқтамысты /Алтын Орда
ханы/ талқандап, орыс жеріне қарай аттанды. Оның қолдарының
орыс жерлеріне келіп кіруі Мəскеуде қауіп-қорқыныш туғызды.
Қала қорғанысқа дайындала бастады. Бірақ Темір Рязань жерінің
шекарасында екі апта аялдағаннан кейін, Азов пен Каспий
бойындағы далаларға қарай бұрылды. Кетер алдында Елец қаласын
талқандады.
Темірдің Алтын Орданы талқандауын Мəскеу өкіметі тиімді
пайдалана қойды: ол Алтын Орда бекіткен алым-салықты тө-
леуін тоқтатты. Темір өлген соң Орта Азиядағы билік үшін өзара
қырқысулар күшейді. Темір империясы бұрын басып алған
жерлерінен қайта айырыла бастады. Темірдің баласы, əрі мұрагері
Шахрухтың (1405—1447) тұсында Темір ұрпақтарының қолында
Орта Азия, Ауғаныстан мен Иран ғана қалды. Шахрух сұлтан аста-
наны Гератқа көшіріп, Мауераннахрды 1409 ж. өзінің үлкен ұлы
Ұлықбектің (1394—1449) еншісіне берді. 1447 ж. Шахрух сұлтан
өлген соң Ұлықбек 1449 жылға дейін атасы Темірден қалған жердің
бəріне билігін жүргізді.
1449 ж. Ұлықбектің баласы Əбділ-Латиф төңкеріс жасап, əкесін
тақтан құлатты. Артынша жалдамалы қаскөйлерді жіберіп, əкесін
өлтірткізді.
1452—1469 жылдары билік құрған Темірдің ұрпағы Əбу-Сеиіттің
тұсында дəруіш шейхтерінің ықпалы күшейді. Ол өлген соң
Темірдің мемлекеті екі сұлтанатқа бөлініп кетті. Біреуі Хорасан мен
Ауғанстанды қамтыса, екіншісі Мауреннахрды қамтыды.
ХV ғасырдың басында Шейбан ұлысы мен Ақ Орда Өзбек
хандығына біріккен болатын. Көшпелі өзбектердің Бұл хандығы
Əбілхайырдың (1428—1468) билігі кезінде нығайды. ХV ғасырдың
50- жылдарының екінші жартысында ол хандықтан Жəнібек пен
Керей сұлтандар басқарған тайпалар бөлініп кетіп, Талас пен Шу
өзендері аралығында Қазақ хандығын құрды.
1500—1510 жылдары билік құрған Əбілхайырдың немересі
Мұхаммед Шейбани бытырып кеткен хандықты қайта біріктірді.
Ол 1499—1500 жылдары Бұхара мен Самарқандты басып алды да,
келесі жылдары Темір ұрпақтарын Мəуераннахрдан қуып жіберді.
Сөйтіп, Мəуераннахрда Шейбанилер билігіндегі Өзбек хандығы
құрылды.
Достарыңызбен бөлісу: