198
199
Тоғалақтың патшалық құруындағы сəтсіздіктің негізгі екі себебі
болды. Біріншісі: астананы елдің дəл ортасына орналасқан Дева-
гири деген қалаға көшіруі болды. Ол қаланың атын Дəулет-Абад
деп өзгертті. Қанша қаржы шығындап, зəулім сарайлар салғанымен
жаңа қала саяси өмір орталығына айналмады. Патша басқа қалаға
көшкенімен Делиде қалып қойған мықтылар ел тағдырын шешуде
бұрынғы ықпалынан айырылмады. Ақыры Тоғалақ бірнеше жыл-
дан соң Делиге қайта көшуге мəжбүр болды.
Тоғалақтың екінші сəтсіздігі — ақша реформасына байланысты
болды. Ол алтын-күміс монеталарды мыстан жасалған монетамен
ауыстырды. Алтын монетаның құны сол мыстан жасалған монета-
да көрсетілетін: «он алтындық», «жүз алтындық» деп. Мұндай мо-
неталар көбейіп кетті. Əр үй монета сарайына айналды. Бара-бара
мұндай ақшаның құны балшықтың құнымен бірдей болып қалды.
Монета көбейгенімен мемлекеттік қазына қаңырап бос қалды.
Тоғалақ ызаға булыға отырып, бұрынғы ақша жүйесіне қайта
көшуге жарлық шығарды. Қазынаны қайта толтыру үшін Тоғалақ
алым-салықтарды өсірді.
Ол халық наразылығын туғызып, көтерілістер басталды. 1339
жылы Бенгалия, бір екі жылдан соң Декан жарты аралы Дели
сұлтандығынан бөлініп шығып, тəуелсіздігін жариялады. Осындай
қиын-қыстау кезде таққа Фироз-Шах Тоғалақ /1351—1398/ отыр-
ды. Ол ихта иеліктерін жекеменшікке айналдыруға рұқсат беріп,
феодалдарға біраз жеңілдіктер жасауға мəжбүр болды. Шаруалар
жағдайын жақсартуға да көніл бөлді. Əскерге бөлінетін қаржы
қысқартылды. Делидің Солтүстік-батысында Джамна мен Сатледж
арасында канал салына бастады. Жылына екі рет егін егіп, жинауға
мүмкіңдік туды. Бір қарыс жер бос қалмайтын болды. Сөйтіп, ауыл
шаруашылығы жандана бастады.
ХІV ғасырдың аяғында феодалдық өзара қырқысулар жаңа қар-
қын алды. Сұлтанаттан Мальва, Гуджарат, Хандеш бөлініп шықты.
Осындай жағдайда 1398 жылы Солтүстік Индияға Тимур əскерлері
басып кірді. Ол Делиді алды. Қаланы талқандап, талан-таражға са-
лып, олжаларын алып, Тимур Орта Азияға қайтып кетті. Осыдан
кейін Дели сұлтандығы қайтып оңала алмады. Сейіттер тұқымы
сұлтандық құрған /1414—1451/ жылдары Дели сұлтандығы Делидің
өзінен басқа шығыс Пенджабты ғана қамтыды. ХV ғасырдың орта-
сында Делидегі үкімет билігін Афғандық Лоди Бахлул кландары
басып алды.
Оның арғы аталары Индияға ХІV ғасырдың аяғында қоныс
аударған болатын. Оның жиырма мыңдық əскері ауғандықтардан
құрылған болатын. Бахлул Лоди 1451—1489 жылдар аралығында
патшалық құрды. Ал оның тұқымы Делиде 1526 жылға дейін билік
құрды. Соңғы сұлтан Ибрайым Лоди орталық өкіметті нығайтуға
тырысты. Ол сарай кызметкерлерін қатаң тəртіп бойынша ұстады.
Олар ұлы тақсырдың малайы деп саналды. Мұндай менмендік сарай
қызметкерлерінің, ірі ақсүйек феодалдардың наразылығын туғызып,
биліктің құлауына себеп болды. 1526 жылы Индияны Бабыр басып
алып, ұлы моғолдар тұқымының билігін орнатты.
Достарыңызбен бөлісу: