Вестник КазНПУ им. Абая, серия«Педагогические науки», №2 (50), 2016 г.
114
демалыс орны да болып табылатындығын аңғартады.
Осы айтылғандарға қазақ тілінің сөздік қорында кездесетін мынадай сөздер тіркесімі, тұрақты
тіркестер д`лел бола алады: дастарқанның жағымды түсінікте ғана қолданылуы:
қасиетті дастар-
қан, киелі дастарқан, ақ дастарқан, дастарқанды аттамау; мол дастарқан; қонақты ерекше қадір-
леуі:
қырықтың бірі – қыдыр; құтты қонақ келсе, қой егіз табады; қонақты қусаң ырыс, береке
қашады; қонақпен бірге құт, береке еріп келеді; келгенше қонақ ұялады, келген соң үй иесі ұялады.
Осымен байланысты болса керек, қазақ үйіне келген қонаққа есік ашып, алдымен қонақты кіргізеді,
өзі соңынан кіреді, ал қонақты шығарып салғанда керісінше, қонақты бірінші шығарып, артынан өзі
шығады, есікті жабады. Бұл қонақпен шаңыраққа келген береке-ырыс үйге кірсін дегені.
Жалпы қазақтың қонақжайлық қасиеті оның ұлттық менталитетінің негізгі көрсеткіші деуге
болады. Біз ұлты қазақ азаматтары арасында сауалнама жүргіздік. Мақсат –
қазіргі қонақжайлық
дeстүрінің қазақ мeдениетіндегі дeстүрлі қонақжайлықтан қандай айырмашылықтары бар? ж`не
ол немен байланысты? оның салдары қандай? деген сауалдарға жауап іздеу болды. Бұл сауалдарға
жауап ала отырып, біз «дастарқан» концептісінің бейнелеуіштік-ассоциациялық құрылымын
анықтадық.
Достарыңызбен бөлісу: