С. Г. Тажбаева Редакция алқасы



Pdf көрінісі
бет358/587
Дата06.01.2022
өлшемі7,04 Mb.
#13134
1   ...   354   355   356   357   358   359   360   361   ...   587
Байланысты:
ped and psy 2 nomer 2016.compressed (1)

Вестник КазНПУ им. Абая, серия«Педагогические науки», №2 (50), 2016 г. 
238 
Кеңестік  қоғамда  тарих  ғылымының  маркстік  философиясы  мен  методологиясынан  басқа  ақиқат 
тұжырым жоқ деп есептелді. Тарихшылар теория мен практикада маркстік ілімге адал екендігін д`-
лелдеуге  тиісті  болды.  Сол  себепті  тарих  ғылымының  теориясы  мен  методологиясын  қалыптас-
тыратын  тарих  философиясының  `лемдік  жетістіктері  мен  д`стүрлі  қазақ  тарихи  ой  тұжырымдары 
арнайы зерттелмеді ж`не мамандар дайындауға қатыстырылмады. 
Болашақ  тарихшы  маманның  бойына  танымдық  ж`не  елжандылық  қасиеттерді  сіңіру  үшін  `р 
кезеңде  халқымыздың  басынан  өткен  оқиғалары  мен  құбылыстарын,  тарихи  тұлғалардың  қызмет-
терін айтып, түсіндіру танымдық тұрғыда қажеті іс. Ал, тарихшы маман аталған тарихи оқиғаларға, 
құбылыстарға,  процестерге,  тұлғалардың  қызметі  мен  ең  қарапайым  д`йектерге  баға  беруде,  тұжы-
рым  жасауда  тарих  философиясының  `діс-т`сілдеріне  жүгінеді.Бұл  туралы  Б.Сатершинов  «Адамды 
`лемнің  ғылыми  кескінінентысқа  шығарып  жіберетін  рационалдылықтың  классикалық  типіненбас 
тартқан  қазіргі  ғылым  интеграциясы  п`наралық  синтезді  қажет  етеді.  Нақты  тарихи  айғақтар  мен 
ғылыми м`ліметтерге негізделе отырып, тарихи үдерістердің даму қисыны мен заңдылықтарын тарих 
философиясы  зерттейді  -  дей  келе,  кеңестік  кезеңде  тарихи  уақиғалар  формация,  таптық  құрылыс 
сияқты  мейлінше  жалпы  ж`не  абстрактылы  категориялар  арқылытүсіндірілді  де,  тарих  тұрлаусыз-
данып,  өзінің  индивидуалды  белгілерінен  айрылды.  Б`рінен  бұрын,  адамдардың  көңіл-күйі,  ойлау 
қыртысымен,  яғни  менталитет  деген  жалпы  терминмен  атауға  болатынн`рселермен  түсіндірілетін 
адамдардың шынайы болмысының қыртысы, яғни рухани қырының, рухани м`дениеттің зор зардап 
шеккенін  айта  кету  керек  [6,  291  б.]  деп  тұжырымдайды.  Бұл  ойдан  түйетініміз,қазіргі  тарихи 
білімнің д`стүрлі тарихи ой ж`не тарихи санамен сабақтасып жату керектігі. 
Қазақстанның т`уелсіздік алуымен бірге тарих ғылымының дамуына жаңа мүмкіндіктер ашылды. 
М`селен,  тарихтың  бір  ғана  философиялық  методологиясы  саналып  келген  маркстік  формациялық 
теориядан бас тартып, жаңа теориялық-методологиялық ізденістер қолға алынды. Дегенмен, ғылыми 
зерттеулерді  с`тті  қолданыс  тапқан  тарих  философиясы  жоғары  оқу  орындарындағы  білім  беру 
процесіне  енбей  келеді.  Бұл  өз  кезегінде  тарихшы  маманның  теориялық  білімінің  артуына,  оның 
философиялық ойлау дағдыларының ғылыми негізделуіне кедергі болуда. Қазақстан тарихына қатыс-
ты  деректер  қоры  мен  д`йектер  көптеп  жинақталғанымен,  оны  фактологиялық  деңгейден  терең 
талдаулар  мен  тұжырымдар  беретін  теориялық  деңгейге  көтеру  міндеті  туындады.Бұл  қажеттілік 
жоғары  оқу  орындарындағы  болашақ  тарихшы  маманныңтарихи  білімінің  ғылыми  дүниетаныммен 
ұштасуынан,  тарихи  пайымдауларындағы  методологиялық  бағытын  айқындауға  деген  з`руліктен 
келіп  шығады.  Бұл  туралы  Т.Т.Тұрлығұл  «Мектепте  тарихты  оқытуда  мұғалімдерге  нақты  көмек, 
басшылық болатын `діснамалық ұстанымдар жеткіліксіз. Бұл маңызды м`селені тек тарихшы ғалым 
емес,  оның  `діснамалық  бағыт  бағдарын  анықтауға  философия,  саясаттану  ғылым  салалары  маман-
дарының  қатысқаны  дұрыс»  [8,  40  б.]  деген  ой  түйеді.  Болашақ  тарихшы  маманның  `діснамалық 
бағытын  анықтауға  `лемдік  тарих  философиясының  жетістіктері  ұсынған  үлгілермен  қатар,  қазақ 
тарихи санасында айқындалып,көптеген тарихи шығармаларды дүниеге `келген д`стүрлі философия-
лық `діснамаларды қолдану ұлттық ерекшелігімізді, ойлау жалғастығымызды қамтамасыз етеді. 
Қазақстанда тарихи білім берудің қазіргі кезеңдегі үлгісінің қалыптасуына соңғы кезде қоғамның 
жаңаруындағы тенденциялар да `сер етпей қоймады. Ол тенденциялардың қатарына: 
-  тарихи өткен өмірді айқындаудағы `дістеменің алуан түрлілігінің енуі; 
-  ұлттық ж`не жалпыадамзаттық құндылықтарға бағытталу; 
-  ұлттың төл м`дениетіне деген қызығушылығын арттырып, тарихи сананы жаңғырту ж`не тағы 
да  басқаларын  жатқызуға  болады.  Осылардан  келіп  тарихи  үдерісті  түсіну  қажеттілігі  туындайды. 
Бұл  қажеттілікті  өтеуде  болашақ  тарихшы  маманның  к`сіби  тұлғасының  ұлттық  тарихи-филосо-
фиялық мұраның негізінде қалыптасуының м`ні зор. 
Тарихи ойдың алдында тұрған«біз кімбіз, қайдан шықтық, қайда барамыз?» деген дүниетанымдық 
сұрақтарға  жауап  іздеу  бүгінгі  қоғамдық  сананың  `леуметтік  құрылымы  мен  оны  қалыптастырушы 
ұстындардың  өзгерісі  жағдайында  да  күн  т`ртібінен  түскен  жоқ.  Ол  д`стүрлі  тарихи  ойдың 
жаңғырығы ретінде жалғасын тауып келе жатқан дүниетанымдық м`селе.   
Қазақ  тарихына  қатысты  п`ндерді  оқыту  -  өткен  шақтың  ғылыми  бейнесін  қалпына  келтіруші 
`дістеме негізінде жүзеге асуы қажет екендігіне күм`н жоқ. Қазіргі кезде тарих философиясы таным-
ның ерекше саласы ретінде жоғарғы оқу орындарының оқу бағдарламаларында философиялық білім 
контекстінде  оқытылуда.  Ал,  жоғары  оқу  орындарындарында  тарихты  оқыту  тарих  ғылымының 
қосалқы  салаларымен  қоса,  философия,  `леуметтану,  м`дениеттану,  саясаттану,  педагогика,  психо-
логия,  дидактика,  логика  сынды  ғылым  салаларымен  өзара  п`наралық  байланыста  болып  келеді. 




Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   354   355   356   357   358   359   360   361   ...   587




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет