Түйін сөздер: «М`ңгілік Ел» ұлттық идеясы, құндылықтар, тарих философиясы п`ні, тарихшы маманның
к`сіби білімі, құзыреттер
Абай атындағы ҚазҰПУ-нің Хабаршысы, «Педагогика ғылымдары» сериясы, №2 (50), 2016 ж.
237
Елбасымыз Н.d.Назарбаевтың «Қазақстан - 2030» халыққа жолдауында былай деп айтқан болатын
«Толық өркениетті ел болу үшін алдымен өз м`дениетімізді, өз тарихымызды бойымызға сіңіріп,
содан кейін өзге дүниені игеруге ұмтылғанымыз жөн» [1, 7 б.] деген ұстанымы `діснамалық тұрғыда
қазақ тарихының ең ежелгі кезеңінен бүгінгі Қазақстан Республикасына дейінгі аралықтағы тарихты
зерттеулерге жаңаша көзқарас қалыптастырды. Бұл ұстаным қазақ халқының даму болашағын
айқындайды. Н.d.Назарбаев «Қазақстан-2050» Стратегиясы қалыптасқан мемлекеттің жаңа саяси
бағыты» атты жолдауында «Біз ұлттың тарихи санасын қалыптастыру жұмысын жалғастыруымыз
керек. ... Біз болашаққа көз тігіп, т`уелсіз елімізді «М`ңгілік Ел» етуді мұрат қылдық ...» [2] деп
алғаш рет «М`ңгілік Ел» идеясын тұжырымдап, ұсынған еді. Қазіргі кезде уақыт сынынан өткен
қазақстандық жолдың т`жірибесі негізінде «М`ңгілік Ел» ұлттық идеясының мынадай жеті құнды-
лығы айқындалып отыр: Қазақстанның т`уелсіздігі ж`не Астанасы; қоғамымыздағы ұлттық бірлік,
бейбітшілік пен келісім; зайырлы қоғам ж`не жоғары руханият; индустрияландыру мен инновация-
ларға негізделген экономикалық өсім; Жалпыға Ортақ Еңбек Қоғамы; тарихтың, м`дениет пен тілдің
ортақтығы; еліміздің ұлттық қауіпсіздігі ж`не бүкіл`лемдік, өңірлік м`селелерді шешуге жаһандық
тұрғыдан қатысуы [2]. Бұл құндылықтар қоғамның тірегі болатын болашақ ұрпақты тұлғаландыратын
педагог мамандардың б`секеге қабілетті біліктілігін арттыру жұмыстарында басшылыққа алынуы
тиіс.
Елбасының жыл сайынғы Қазақстан халқына жолдау арнауы д`стүрге еніп, т`уелсіз еліміздің
халқын ауқымды да жасампаз істерге жұмылдыруға арналған ұлттық идеялар қалыптастырушы
институтқа айналды. 2014 жылғы 12 қарашадағы мемлекет басшысының «Нұрлы Жол – болашаққа
бастар жол» атты Жолдауында: «Біз Жалпыұлттық идеямыз – М`ңгілік Елді басты бағдар етіп,
т`уелсіздігіміздің даму даңғылын Нұрлы Жолға айналдырдық. М`ңгілік Ел – елдің біріктіруші күші,
ешқашан таусылмас қуат көзі. Ол «Қазақстан 2050» стратегиясының ғана емес, ХХІ ғасырдағы
Қазақстан мемлекетінің мызғымас идеялық тұғыры! Жаңа Қазақстандық Патриотизм дегеніміздің өзі
– М`ңгілік Ел! Ол – барша Қазақстан қоғамының осындай ұлы құндылығы...»[3] деп, «М`ңгілік Ел»
идеясының бастауы тым тереңде жатқандығын атап көрсетті. Шындығында, қазақ тарихының маз-
мұнында осы идеяға тұғыр болатын, ұлттық мақтанышқа айналған тарихи оқиғалар мен құбылыстар
аз емес. Абай атындағы ҚазҰПИ базасында өткен республикалық ғылыми-практикалық конферен-
цияда жоғары оқу орындарында «М`ңгілік Ел» ұлттық идеясын іске асырудың өзекті м`селелері жан
жақты талқыланды [4, 594 б.]. Жоғары оқу орындарының студенттеріне арналған «М`ңгілік Ел»
оқулығы да жарық көрді [5]. Біз мақаламызда тарих философиясының негіздерін меңгерген тарихшы
маманның к`сібилігін ұлттық идея құндылықтары арқылы дамытудың `дістемесін тұжырымдауды
басты мақсат етіп қойдық.
Халықтың ең маңызды рухани құндылығы – тарихы десек, сол тарихты тереңнен түсінудің
танымдық ж`не т`лім т`рбиелік м`ні зор. Яғни, халықтың санасын оятып, оған түрткі болатын тарихи
жадты жаңғыртып, тарихи сана қалыптастыру тарих мазмұнының негізінде жүзеге асады. Ал, «қазіргі
кезеңде қазақ тарихи санасы үш деңгейде – жаһандық деңгейінде, ұлттық деңгейде ж`не тұлғалық
д`режеде» [6, 3 б.] `ртүрлі өзгерістерді бастан кешіріп отыр. Осы орайда, аталған `леуметтік жадты
жаңғырту мен толықтыруға ұлт тарихын баяндап қоя салу жеткіліксіз. Тарихи жад пен ойлау ерекше-
лігіне ие болу арқылы ата-бабалардың өмір жолындағы т`жірибесін игеріп, оны одан `рі жетілдіру
д`стүрлі тарих философиясының негізгі міндеттерінің бірі. Мұны М.Дулатов «Тарих не айтады десе-
ңіз, оның айтатыны мынау: біздің бұрынғы бабаларымыздың кім екендігі, олардың дүниеде не істеп
не бітіргендігі, қандай құты барлығы, ол құтты не орынға жұмсағандығы; істеп жүрген ісінің қайсы-
сынан пайда, қайсысынан зарар көргендігі; бұрынғы бабаларымыздың досы-дұшпаны кім екендігі, не
себептен бағы тайғандығы ж`не соған ұқсас істердің барлығын тарих түсіндіріп тұрады. Бұрынғы
бабаларымыздың басынан кешкен жақсы-жаман қандай уақиға бар болса, оның б`рі де өткендегі бір
істің н`тижесінен туған болады. Со секілді келешекте біздің басымызға түсешек бір оқиға осы күнде
қылып жүрген ісіміздің н`тижесі болмақшы. Тарих оқысақ, оның сөзін оқысақ, қандай істен қандай
н`тиже туатынын анық білеміз» [7, 59 б.]деп ой қорытады. ХХ ғасыр басындағы қазақ зиялысының
тарихи дүниетанымынан туындаған осы бір ой оның тарихты философиялық ұғынуы ж`не ұлттық
негіздегі көзқарасы, азаматтық ұстанымы еді. Тарихи-философиялық бағыттылығымыздың д`стүрлі
негізден бастау алып, ғылыми-теориялық дамуға қадам басарын меңзейді.Ұлттың тарихи сана-сезімі
ұлттық ж`не жалпыадамзаттық құндылықтармен байытылуы үшін тарих философиясының отандық
ж`не `лемдік тұжырымдарымен қатар оқытылуын қажет етеді.
|