С. Г. Тажбаева Редакция алқасы



Pdf көрінісі
бет373/587
Дата06.01.2022
өлшемі7,04 Mb.
#13134
1   ...   369   370   371   372   373   374   375   376   ...   587
Байланысты:
ped and psy 2 nomer 2016.compressed (1)

eлеуметтік негізі – адамдар мінез-құлқы мен психологиясындағы өзгерістерге байланысты. Экономи-
калық  негізі  –  бірте-бірте  өнерк`сіп  пен  сауда  айналымының  өсуі  алынған  өнімді  жеке  иелену 
т`жірибесін дүниеге `келді, яғни жеке меншік пайда болды. Жеке меншіктік қатынастарды реттеудің 
ең  икемді  құралы  ретінде  құқық  дүниеге  келді.  Өйткені,  моральдық,  діни  нормалар  мен  д`стүр  өз 
табиғатында  жеке  меншіктік  қатынастардан  аулақ  болды.  Саяси  негізі  –  қоғамдық  қатынастардың 
дамуы  өмірге  мемлекет,  `леуметтік  топтар  ж`не  т.б.  адамдардың  ұйымдасу  құрылымдарын  `келді. 
Нақты басқару жүйесі бар мемлекет бір қалыпты жүйеге түсірілген мінез-құлық ережелерін бекітті. 
Құқықтың саяси негізі осылайша қаланды. Мораль, дін, не д`стүр ережелері өздерін сақтау үшін күш 
қолдануды қажет етпейтін, тіпті олар көптеген жағдайларда күш қолдануға қарсы болды. Сондықтан 
олар мемлекетке құқық сияқты тірек бола алмады. 
 


Вестник КазНПУ им. Абая, серия«Педагогические науки», №2 (50), 2016 г. 
248 
Заң ғылымында «құқық» термині бірнеше мағынада қолданылады: 
 - біріншіден, құқық –ресми түрде танылған жеке ж`не заңды тұлғалардың заңға сүйене отырып, 
`рекет жасау мүмкіндігі. Мысалы, азаматтардың еңбек ету бостандығы, білім алу, меншік иесі болу, 
к`сіпкерлікпен шұғылдану құқығы. Бұл субъективтік мағынада қолданылуы деп түсінеміз;  
-екіншіден, құқық дегеніміз құқық нормаларының жүйеге келтірілген жиынтығы. Бұл объективтік 
мағынадағы құқық, себебі олардың жасалуы жеке адамның еркіне байланысты емес; 
 - үшіншіден, құқық термині оқу п`нін білдіретін ұғым ретінде қолданылады. Құқық п`ндері түрлі 
салаларға  бөлінеді:  конституциялық  құқық,  `кімшілік  құқық,  еңбек  құқығы,  отбасы  құқығы,  аза-
маттық құқық, қылмыстық құқық, қаржылық құқық т.б.;  
- төртіншіден, «құқық» термині тұлғалық құқық пен объективтік құқықтың жиынтығы ретінде де 
қолданылады [4].  
Осыған байланысты «құқық жүйесі» деген түсінік бар. Мысалы, қазіргі жағдайда елімізде Қазақ-
станның  құқық  жүйесі  қалыптасуда.  Біздің  тұжырымымыз  бойынша,  «құқық  -  мемлекет  бекітіп, 
жүзеге  асырылуын  қадағалайтын,  жалпыға  міндетті  т`ртіп  ережелерінің  жиынтығы  ж`не  қоғам 
өмірінде тұлғалардың заңға сүйеніп `рекет етуінің көрсеткіші» деген анықтама ұсынамыз. 
Мемлекеттік  құқық  жүйесінің  тарихы  туралы  сөз  еткенде  ежелгі  заң  ретінде  Вавилонның  «Хам-
мурапи заңы», Үндінің «Ману заңы», көне Римнің «ХІІ кестесі» заңдары айтылады. 
Құқық жүйе болып қалыптасқанға дейін оның дамып, қалыптасуына белгілі тұлғалар ықпал етіп, 
үлес қосып отырды. Периклдің тұсында мемлекеттік құрылысты, сот құрылысын ж`не сот ісін жүр-
гізу жүйелерін жетілдіру заң шаралары белгіленген. Платон – саяси ғылымның, құқық пен заң ғылы-
мының  ең  алғашқы  негіздерін  жасады.  Заң  шығарушы,  атқарушы  ж`не  сот  билігін  бөлу  идеясы  – 
Аристотельдің  негізгі  құқықтық  тұжырымдамасы.  Цицерон  мемлекетті  барлық  еркін  адамдардың 
келісілген  құқықтық  қатынасы  деп  түсінеді.  Юстиниан  таққа  отырған  екінші  жылы-ақ  Азаматтық 
құқықтар жинағын жасауға кіріскен. Джефферсон Солтүстік Америкада т`уелсіздік үшін соғыс жүріп 
жатқан тұста Конгресс қабылдаған атақты Т`уелсіздік декларациясының авторы. Джефферсон Декла-
рациясының негізгі қағидалары барлық кезеңде, барлық халықтар үшін пайдалы болып шықты. 
ХVІІ-ХІХ  ғғ.  қазіргі  заманғы  құқықтық  жүйелердің  негізі  қаланды  деуге  болады.  Жаңа  д`уірде 
адамзат  тарихында  тұңғыш  рет,  жалпыға  бірдей  бостандық  пен  теңдік  ұстанымдарына  шақырған 
«Адам  ж`не  азамат  құқықтарының  Декларациясы»  өмірге  келді.  Ол  1789  жылы  қабылданды.  «Есім 
ханның ескі жолы», «Қасым ханның қасқа жолы», «Жеті Жарғы» заңдары көшпелілердің талай мың 
жылдар түзген, адамның адам ретінде өмір сүруіне кепілдік беретін ережелерге негізделген еді. Бұл 
ережелер  мыңдаған  жылдар  көшпелілердің  мемлекет  пен  құқықтық  кодекстеріне,  билеріне  үлгі 
болып  келді,  көшпелілермен  қарым-қатынасы  бар  көптеген  отырықшы  елдердің  заң  ережелерінің 
қалыптасуына ықпал етті. 1867-1868 жылғы «Уақытша ережелердің» енуі қазақ қоғамының д`стүрлі 
құрылымын  түбегейлі  өзгерістерге  ұшыратып,  қоғамдық  қарым-қатынастарды  реттеуші  заң  жүйе-
сінің  де  өзгерісін  талап  етті.  Осы  уақыт  талабына  сай,  70-ші  жылдардан  бастап  «Ережелер»  келді. 
Кеңес  империясы  ж`не  коммунистік-тоталитарлық  режим  қалыптастырған  Жеке  адамның  басына 
табынушылық,  бір  партиялық  жүйенің  диктатурасы,  мемлекеттің  демократиялық  институттары 
құзырларының шектелуі, адам құқығының аяққа тапталуы сияқты көріністер мемлекеттік құқықтық 
идеяларға  тікелей  `серін  тигізді.  Т`уелсіз  Қазақстанда  құқықтық  реформаларды  іс  жүзіне  асыруда 
прогрессивтік,  халық  мүддесіне  сай  келетін  мемлекеттік-құқықтық  идеялардың  рөлі  өлшеусіз 
мағынаға ие болып отыр. 
Мемлекеттік-құқықтық идеялардың дамуы мемлекет пен құқықтың пайда болуымен тікелей бай-
ланыстылығын айта отырып, құқықтанушы отандық ғалым С`кен Өзбекұлы құқық ұғымының гене-
зисіне талдаудың н`тижесін, бірнеше кезеңге бөліп қарастырған жөн деген қорытынды жасайды [5]. 
1  кезең.  Қазақ  хандығы  құрылғанға  дейінгі  аралықта  Қазақстан  территориясында  қалыптасқан 
`скери демократия санатындағы мемлекеттік құрылымның мемлекеттік – құқықтық идеялары. 
2  кезең.  Қазақ  хандығы  кезінде  дамыған  мемлекеттік  құқықтық  идеялар.  ХV-ХVІІІ  ғасырлар 
аралығында дамыған мемлекеттік - құқықтық идеяларды қамтыған заң жинақтары дүниеге келді. 
3 кезең. Ресей империясының отарына айналған Қазақстанда қалыптасқан мемлекеттік -құқықтық 
идеялар ХІХ-ХХ ғасырды қамтиды. 
4  кезең.  Кеңес  империясы  ж`не  коммунистік-тоталитарлық  режим  қалыптастырған  мемлекеттік-
құқықтық идеялар. (1917-1991ж.ж.) 
5  кезең.  Т`уелсіз  Қазақстан  мемлекетінің  мемлекеттік-құқықтық  идеялары.  (1991жылдан  бастап 
қазіргі кезеңге дейін) 




Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   369   370   371   372   373   374   375   376   ...   587




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет