Байланысты: ped and psy 2 nomer 2016.compressed (1)
ДЕНЕ Т,РБИЕСІ САБАҒЫН ӨТКІЗУДІҢ ҰЙЫМДАСТЫРУ Ж,НЕ ,ДІСТЕМЕЛІК НЕГІЗДЕРІ Қ.Қ. Дуйсенов – Қожа Ахмет Ясауи атындағы Халықаралық қазақ-түрік университеті,
Өнер факультетінің «Дене т`рбиесі» кафедрасының аға оқытушысы, dene-tarbiesi@mail.ru
Бұл мақалада салауатты өмір сүру бейнесі көптеген қозғаушы күштерге (экономикалық, `леуметтік,
адамның жеке басының т`рбиесі мен біліміне) байланысты екені толығымен анықталды. Кез-келген таңдаған спорт түрімен, дене шынықтыру жаттығуларымен шұғылдану кезінде мектеп жасын-
дағы балалар өздерінің жеке гигиенасына ұқыптылықпен қарауы керек. Бұған тек дененің тазалығы ғана емес,
сонымен қатар күн т`ртібін сақтау, зиянды `деттерден бас тарту ж`не т.с.с. кіреді. Егер өмір сүру стилі дене
шынықтыру жаттығуларымен шұғылдануды дұрыс ұйымдастыруға с`йкес келмесе, онда оны өзгерту қажет.
Дегенмен, `рбір мектеп жасындағы бала дені сау, күшті, қуатты, сергек болуды, жақсы қимылдауды, неғұрлым
ұзақ жасауды қалайды. Денсаулықты сақтауға `рбір жас жеткіншек өзіне жауапты, дегенмен қоғамға да
жауапкершіліктер жүктелген. Ел Президентінің Қазақстан – 2030 жолдауында `рбір адамға өз денсаулығын
сақтауға жауапкершілік жүктеледі. Аурулардың алдын алып, салауатты өмір салтын орнықтыру – мемлекеттің
негізгі басымдылық саясаттарының бірі. Ұлттың саулығы `рбір адамның денсаулығын сақтап, нығайту ж`не
салауатты өмір салтын орнықтырумен анықталады.