С. Г. Тажбаева Редакция алқасы



Pdf көрінісі
бет487/587
Дата06.01.2022
өлшемі7,04 Mb.
#13134
1   ...   483   484   485   486   487   488   489   490   ...   587
Байланысты:
ped and psy 2 nomer 2016.compressed (1)

Түйін сөздер: Дене дайындалғандығы,  дамыту, білім беру, диагноздау, руханият, жетілдіру, дағды. 
 
Дене т`рбиесі сабағының н`тижелілігі оқытушының алдын-ала белгілеген жоспарын қаншалықты 
жүзеге  асыруына  көп  жағдайда  байланысты.  Оқытушы  шұғылданушылардың  қызметін  ұйымдасты-
рудың  барынша  ұтымды  `дістері  мен  `дістемелік  т`сілдерін  қолдануы,  бар  қондырғыларды,  құрал-
жабдықтарды,  оқытып,  үйретуге  арналған  техникалық  құралдарды,  тиімді  пайдаланып,  сонымен 
бірге  сабақ  өткізілетін  орынның  (спорт  зал  немесе  мектеп  жанындағы  спорт  алаңы,  стадион  немесе 
парк,  тегіс  немесе  ойлы-қырлы  жер),  ауа  райының  температуралық  жағдайы,  оқушылардың  дайын-
дық деңгейі, олардың жас, жыныстық ж`не жеке ерекшеліктері ескерілуі тиіс. 
Сабақтың ұйымдастырылуының қамтамасыз етілуінде мыналар қарастырылады:  
1/ санитарлық – гигиеналық жағдай жасау;  
2/ материалдық-техникалық қамсыздандыру;  
3/  сабақта  алға  қойылған  мақсатты,  міндетті  барынша  жақсы  орындауға  мүмкіндік  туғызатын 
шұғылданушылардың қызметін ұйымдастыру `дісін таңдау [1,2]. 
Сабақты өткізу үшін санитарлық-гигиеналық жағдайды қамтамасыз ету барысында дене жаттығу-
ларымен  шұғылданудан  сауықтырудың  тиімді  `серін  алуды  қамтамасыз  ететін  шаралардың  барлық 
кешені алдын ала қарастырылады. 
Осыған  байланысты  сабақ  өтілетін  орынның  санитарлық-гигиеналық  жағдайы  белгіленген  талап 
өлшемдеріне қатаң түрде с`йкес келуі тиіс. Мысалы, спорт залдары үшін ауаның барынша қолайлы 
температурасы +14+16қ  С. 
Мектептегі  сыныптар  мен  өткізілген  `рбір  сабақтан  кейін  барлық  үзілістер  кезінде  спорт  залдың 
ауасын тазартып, дымқыл матамен еденді сүрту қажет. Адам өкпесіндегі ауаның алмастырылуының 
тыныс  алу  кезіндегі  мөлшері  минутына  4  тен  6  ретке  дейінгі  аралықта  болады,  ал  жоғары  қарқын-
дылықтағы жаттығу кезінде (жүгіру, спорт ойындары ж`не т.б.) ағзаның ауаны сіңіруі 10 ретке ж`не 
одан да көпке артады. Сондықтан, дене жаттығуларымен шұғылдану өтетін орындарда ауаның қажет-
ті деңгейдегі тазалығын үнемі біріңғай қамтамасыз ету маңызды. 
Залдағы еденнің, гимнастикалық жұмсақ төсеніштердің, қондырғылардың, спорт құрал-жабдықта-
рының тазалығын қалыпты ұстауға үнемі өте үлкен назар аудару қажет. dрбір сабақтан кейін залдың 
еденін дымқыл матамен тазалау, гимнастикалық төсеніштерді суланған шүберекпен сүрту, аптасына 
бір  рет  күрделі  тазалық  күнін  өткізіп,  зал  еденін,  спорт  қондырғыларын,  құрал-жабдықтарын  кір 
жуатын ұнтақ қосылған сумен тыңғылықты жуып, соңынан құрғақ матамен мұқият сүрту қажет. 
Бұл  маңызды  санитарлық-гигиеналық  талаптарды  сақтамау  спорт  ғимаратында  көп  мөлшерде 
шаңның басып қалуына `келеді. Мұндай жағдайда шұғылдану денсаулыққа үлкен зиян келтіреді, өйт-
кені  өкпеге  шаң  аралас  лас  ауа  кіреді.  Бұдан  да  басқа,  тазаланып  жиналмаған  залда  шұғылданушы-
лардың денесі ж`не спорт киімдері ыластанады. 
 


Вестник КазНПУ им. Абая, серия«Педагогические науки», №2 (50), 2016 г. 
330 
Сабақтың  материалдық-техникалық  жағынан  қамтамасыз  етілуі,  үйлесімді  тығыздықпен  барлық 
кешенді  міндеттерді  түбегейлі  шешуге  жауап  беретін  оқу  тапсырмаларын  орындайтын,  яғни  сабақ 
өтілетін  орынды,  құрал-жабдықтардың,  қажетті  қондырғылардың  санымен  оқу  т`рбие  процесін 
қамтамасыз етуді алдын ала қарастырады.  
Соңғы жылдары республиканың көптеген дене т`рбиесі мұғалімдерінің бастамашылдығымен, ата 
аналардың  демеушілігімен  мектептердің  спорт  залдары  мен  спорт  алаңдарын  стандартты  емес  қон-
дырғылармен,  `ртүрлі  құрылғылар  ж`не  тренажерлермен  жабдықтауға  қол  жеткізді.  Мұндай  қон-
дырғыларды  пайдалану  сабақ  тығыздығын  елеулі  арттырады,  оқушыларды  қызықтырып  тартады, 
сабақтың  барынша  тиімді  ұйымдастыру-`дістемелік  түрін  қолдану  үшін  мол  мүмкіндік  туғызады, 
соңғы есепте көбіне сабақтың н`тижелілігіне жағдай жасайды. 
Шұғылданушылардың сабақтағы қызметін ұйымдастыру `дістері. Дене т`рбиесінің т`жірибесінде 
шұғылданушылардың сабағын ұйымдастырудың келесі `дістері қолданылады. 
1. Фронтальды `діс оқушылардың сапқа тұру формасынан (лекпен, бірнеше қатармен, шеңбермен) 
т`уелсіз,  сыныптың  барлық  құрамымен  барлық  тапсырмаларды  бірдей  орындауымен  сипатталады. 
Бұл  `діс  сабақтың  барлық  бөлімдерінде,  `сіресе  дайындық  ж`не  қорытынды  бөлімдерінде  кең 
ауқымда пайдаланылады. Алайда фронтальды `дісті сабақтың негізгі бөлімінде де мүмкіндігінше көп 
қолдануға  қол  жеткізу  қажет.  Бұлай  сабақтың  моторлы  тығыздығы  қамтамасыз  етіледі  (үйренуші-
лердің қозғалыс `рекетіне тікелей уақытты арттыру есебінен көп қимылды жасауға үлгеруге болады). 
Фронтальды `діс бір текті қызметін басқаруда, яғни сақтандыру қажет болмаған жағдайда қолда-
нылады.  Мысалы,  қысқа  қашықтыққа  жүгіруде  жоғарғы  ж`не  төменгі  сөреден  шығу  `дістерімен 
орындауды  үйрету  ж`не  жетілдіру  кезінде,  сол  сияқты  бірқатар  қарапайым  жаттығуларда  (алға, 
жанымен аунап, домалау), волейбол ойынында жұбымен `дістік т`сілдеріне жаттығуда допты беруде 
қолданылады [3,4]. 
Сабақтағы  маңызды  педагогикалық  талап  шұғылданушыларды  бір-біріне  кедергі  жасамайтындай 
орналастыру, яғни оқытушы оқушыларды, ал олар өз кезегінде оқытушыны анық көруі тиіс. 
2.  Топтық  `діс  бір  уақытта  бірнеше  топтарда  оқытушының  `ртүрлі  тапсырмаларын  орындауды 
алдын  ала  қарастырады.  Шұғылданушыларды  топтарға  бөлу  ж`не  тапсырманың  мазмұнын  анықтау 
жынысы,  дайындық  деңгейі  ж`не  басқа  белгілері  (мысалы,  баскетбол,  күрестегі  салмақ-бой  көрсет-
кіштері) арқылы іске асырылады. Бұл `діс орта ж`не жоғарғы сыныптарда пайдаланылады. 
Алайда бұл `дісті қолдануда оқушылардың ішінен барынша жоғары дайындығы бар көмекшілерді 
мұғалімнің  арнайы  дайындауы  ж`не  оларды  алдағы  өтілетін  сабақтағы  оқу  материалы  бойынша 
уақтылы нұсқау беруі талап етіледі. 
3.  Жеке  `діс  оқушыға  өздігінен  орындайтын  жеке  тапсырма  ұсынылуымен  тұжырымдалады. 
Т`ртіп  бойынша,  жеке  тапсырма  сынып  оқушыларының  негізгі  құрамынан  өзінің  дайындығымен, 
қабілетімен ж`не ерекшеліктерімен, ал кейде денсаулық жағдайымен елеулі айырмаланатын шұғыл-
данушылар  үшін  арналған.  Бұл  `діс  спорт  ойындарында  жоғары  сынып  оқушыларымен  басымырақ 
өткізіледі. 
4. Айналма `дісте арнайы дайындалған бекеттерде шұғылданушылардың жаттығулар сериясымен 
берілген  тапсырмаларды  бірізділікпен  жүйелі  орындауы  алдын  ала  қарастырылады,  яғни  т`ртіп 
бойынша залдың ішінде немесе спорт алаңында шеңбер бойынша орналасқан қондырғыларда. dдетте 
шеңберге  4-10  бекеттік  жаттығулар  кіреді.  dрбір  бекетте  бір  жаттығу  түрі  немесе  қозғалыс  `рекеті 
орындалады.  Олардың  құрамы  дене  сапаларын  дамытатын  ж`не  ағзаның  қызметтік  мүмкіндіктерін 
арттыру  ескеріліп  іріктеледі.  Айналма  шеңбер  аралықсыз  немесе  бекеттер  арасындағы  белгілі  бір 
демалыс аралығымен орындалады. Бұл `діс орта ж`не жоғары сыныптарда қолданылады. Сабақтың 
маңыздылық  жағы  дене  т`рбиесінің  бағдарламасымен  анықталады,  яғни  онда  сабақтың  мақсаты, 
міндеттері, оқу тақырыптары, талаптары ж`не нормативтері нақтылы айқындалған. Ол оқушылардың 
дене  т`рбиесі  сабағында  белгіленген    тарауларын  (оқу  жылында  68  немесе  102  сағат)  меңгерілуі 
есептеліп жасалынған. 
Сабақтың  педагогикалық  құрылуын  дене  жұмысын  орындау  кезіндегі  жұмыс  қабілеттілігінің 
фазалық өзгеруімен байланысты физиологиялық заңдылықтарымен анықтайды. Бұл заңдылық сабақ-
тың  құрылымында  үш  қызметтік  байланысқан  құрамдас  бөліктердің  бөлінуін  қамтамасыз  етеді: 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   483   484   485   486   487   488   489   490   ...   587




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет