УДК: 378.091.12:81 ЖОҒАРЫ ОҚУ ОРЫНДАРЫНДА БОЛАШАҚ К,СІБИ МАМАННЫҢ АҚПАРТТЫҚ ҚҰЗЫРЕТТІЛІГІН ҚАЛЫПТАСТЫРУ МАҢЫЗЫ
А.Ж. Кушербаева – Алматы Технологиялық Университетінің оқытушысы, anar_zhumabek@mail.ru
Мақалада жоғары оқу орнында болашақ маманның ақпараттық құзыреттілігін қалыптастыру м`селелері
қарастырылады. Мақалада «ақпараттық қоғам», «ақпарат» «ақпараттық құзыреттілік» түсініктеріне филосо-
фиялық, педагогикалық тұрғыдан анықтама берілді. Қазіргі таңда білім беруді дамыту ақпараттық технология-
ларды меңгерумен, ақпараттың барлық түрімен жұмыс істей алуымен тығыз байланысты. Бұл тұрғыда
студенттердің ақпараттық-технологиялық құзыреттілігін қалыптастыру қажеттілігі алдыңғы кезекте оқу
үдерісін ақпараттандыру ж`не оқу іс-`рекетінің барлық түрінде ақпараттық технологияларды пайдалану үдеріс-
терін үлгілеумен байланыстыруға болады. Қазіргі жағдайда ақпарат кеңістігінің ұлғаюы қол жетімді Интернет,
электронды кітапхана, қашықтықтан білім беру, жеке компьютерді қолдану деңгейін көтеру сияқты ерекшелік-
терге ие болып отыр. Осыған орай ақпараттық құзыретті қалыптастыру - саналы шешім қабылдауға, өз бетінше
мақсат қоюға, оны негіздеуге, жоспарлауға, осы мақсаттарға жету үшін танымдық қызметтерді жүзеге асыруға,
табуға, талдауға, іріктеу жасауға, қайта құруға, сақтауға, түсіндіруге ж`не оларды жүзеге асыру үшін ақпарат-
тарды қолдануға мүмкіндік береді.