С. Г. Тажбаева Редакция алқасы



Pdf көрінісі
бет252/587
Дата06.01.2022
өлшемі7,04 Mb.
#13134
1   ...   248   249   250   251   252   253   254   255   ...   587
Байланысты:
ped and psy 2 nomer 2016.compressed (1)

Вестник КазНПУ им. Абая, серия«Педагогические науки», №2 (50), 2016 г. 
162 
Коммуникативтік  құзыреттілік:  нақты  өмірлік  жағдайларда  өзінің  міндеттерін  шешу  үшін  қазақ 
ж`не басқа тілдерде ауызша ж`не жазбаша коммуникациялардың түрлі құралдарын қолдануға; стиль 
мен  жанрды  қатысымдық  міндеттердің  барабар  шешімдерін  таңдауға  ж`не  қолдануға;  `деп  норма-
сына  с`йкес  өзіндік  пікірін  білдіруге;  өнімді  өзара  іс-қимылды,  оның  ішінде  басқа  да  көзқарас  пен 
бағыттарды  ұстанатын  басқа  ұлт  өкілдерімен  қарым-қатынас  диалогына  түсе  отырып,  жанжалдық 
ахуалды  шешуді  жүзеге  асыруға;  жалпы  н`тижеге  қол  жеткізу  үшін  түрлі  позициядағы  адамдармен 
топта қарым-қатынас орнатуға мүмкіндік береді. 
Құзыреттіліктер  п`ндік  (п`наралық  ж`не  т.б.)  ж`не  түйінді  болып  көрсетіледі.  Еуропа  Кеңесі 
түйінді құзыреттіліктердің бес тобын айқындаған, соларға ерекше м`н беріледі. 
1) Көпм`дениетті қоғамда өмір сүру қабілетіне қатысты құзыреттіліктер: расизм мен ксенофобия-
лар тууына, таралуына жол бермеу, білім беру жастарды өзгешелікті түсіну, бірін-бірі сыйлау, басқа 
м`дениет тілдері ж`не діндегі адамдармен бірге өмір сүру қабілеті сияқты м`дениетаралық құзырет-
термен қаруландыруы керек. 
2) Саяси ж`не `леуметтік құзыреттіліктер: өзіне жауапкершілікті ала білу қабілеті, бірлесіп шешім 
қабылдауға  қатысу,  дау-жанжалды  зорлық-зомбылықсыз  жолмен  реттеу,  демократиялық  институт-
тардың қызмет етуіне қатысу ж`не оны жақсарту. 
3) Қоғамдық ақпартты пайдалану ж`не мойындаумен байланысты құзыреттіліктер жаңа техноло-
гияны  меңгеру,  оны  қолдануды  түсіну,  оның  күшті  ж`не  `лсіз  жақтарын  айқындау,  БАҚ  тарататын 
ақпараттар мен жарнамаларға сыни көзқарас. 
4)  Қарым-қатынастың  ауызша  ж`не  жазбаша  формаларын  меңгеруге  қатысты  құзыреттіліктер, 
соңғысының  жұмыста  ж`не  қоғамдық  өмірдегі  маңыздылығы  соншалық,  оны  меңгермеген  адамға 
қоғамнан аластау қаупі төнеді. Осы топқа бүгінгі күні маңызы артып отырған бірнеше тілді білу де 
жатады. 
5)  Өмір  бойы  оқуға  қабілеттілік  –  үздіксіз  даярлықтың  ж`не  к`сіби  даярлықтың,  сонымен  қатар 
жеке ж`не қоғамдық өмірдің негізі ретінде [5, 53 б.]. 
Қазіргі  жағдайда  ақпараттық  құзыреттілік  ақпарат  кеңістігінің  ұлғаю  жағдайына  байланысты 
ерекше мағынаға ие болып отыр: 
-  қолжетімді  Интернет,  аудиовизуалдық  бұқаралық  ақпарат  құралдары  ж`не  мультимедиалық 
бағдарламалармен жұмыс жасау мүмкіндігі; 
-  кітапхананың  (соның  ішінде  электронды)  ақпаратқа  қол  жеткізуді  қамтамасыз  етуші  құралы 
ретінде рөлінің нығаюы; 
- қашықтықтан білім беру ж`не оқытудың жаңа `дістемесін дамыту; 
- ғылыми байланысты жаһандандыру, ғылыми ж`не білім беретін  электрондық жүйені дамыту; 
- жеке компьютерді қолдану деңгейін көтеру. 
Сонымен, ақпараттық құзыреттілік - бұл құзыреттілік білім алушылар іс-`рекетіндегі оқылатын 
п`н ж`не білім саласында, сонымен қатар, қоршаған ортада болатын ақпаратқа деген қатынас дағды-
сын қамтамасыз етеді. Ақпараттық технология көмегімен (аудио-видео жазылым, БАҚ, электрондық 
почта, Интернет) ақпаратты өз бетімен іздеу, талдау, іріктеу, қажет ақпаратты жинақтау, түрлендіру, 
сақтау ж`не оны беру сияқты іскерліктер қалыптасады. 
Қазіргі таңда ақпартты құзыреттілікті қалыптастыру маңызы `р жыл сайын артып барады. Осыған 
орай, ақпараттық құзыретті қалыптастыру: 
- Сыни тұрғыдан ұсынылған ақпараттар негізінде саналы шешім қабылдауға; 
-  Ақпаратты  өз  бетімен  табуға,  талдауға,  іріктеу  жасауға,  қайта  құруға,  сақтауға,  түрлендіруге 
ж`не тасымалдауға, соның ішінде қазіргі заманғы ақпараттық – коммуникациялық технологиялардың 
көмегімен аталған жұмыстарды жүзеге асыруға; 
-  Логикалық  операцияларды  (талдау,  жинақтау,  жалпылау,  құрылымдау,  тікелей  ж`не  жанама 
д`лелдеу, аналогия бойынша д`лелдеу, моделдеу, ойша эксперименттеу, материалды жүйелеу) қолда-
на отырып, ақпаратты өңдеуге; 
-  Өзінің  оқу  қызметін  жоспарлау  ж`не  жүзеге  асыру  үшін  ақпараттарды  қолдануға  мүмкіндік 
береді [6, 18 б.]. 
Біздің пайымдауымызша, ақпараттық құзыреттілік – ізденпаздықпен, жауапкершілікпен `рекет 
етуге  адамның  еңбегінің  н`тижесінде  байқалатын  (көрініс  табатын),  белгілі  бір  еңбек  функциясын 
қабілеттілікпен ж`не біліктілікпен АКТ-ны меңгеруіне мүмкіндік беретін (жасайтын) психологиялық 
жағдай. 
 


Абай атындағы ҚазҰПУ-нің Хабаршысы, «Педагогика ғылымдары» сериясы, №2 (50), 2016 ж. 
163 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   248   249   250   251   252   253   254   255   ...   587




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет