С. Г. Тажбаева Редакция алқасы



Pdf көрінісі
бет357/587
Дата06.01.2022
өлшемі7,04 Mb.
#13134
1   ...   353   354   355   356   357   358   359   360   ...   587
Байланысты:
ped and psy 2 nomer 2016.compressed (1)

Түйін  сөздер:  «М`ңгілік  Ел»  ұлттық  идеясы,  құндылықтар,  тарих  философиясы  п`ні,  тарихшы  маманның 
к`сіби білімі, құзыреттер 
 
 


Абай атындағы ҚазҰПУ-нің Хабаршысы, «Педагогика ғылымдары» сериясы, №2 (50), 2016 ж. 
237 
Елбасымыз Н.d.Назарбаевтың «Қазақстан - 2030» халыққа жолдауында былай деп айтқан болатын 
«Толық  өркениетті  ел  болу  үшін  алдымен  өз  м`дениетімізді,  өз  тарихымызды  бойымызға  сіңіріп, 
содан кейін өзге дүниені игеруге ұмтылғанымыз жөн» [1, 7 б.] деген ұстанымы `діснамалық тұрғыда 
қазақ тарихының ең ежелгі кезеңінен бүгінгі Қазақстан Республикасына дейінгі аралықтағы тарихты 
зерттеулерге  жаңаша  көзқарас  қалыптастырды.  Бұл  ұстаным  қазақ  халқының  даму  болашағын 
айқындайды.  Н.d.Назарбаев  «Қазақстан-2050»  Стратегиясы  қалыптасқан  мемлекеттің  жаңа  саяси 
бағыты»  атты  жолдауында  «Біз  ұлттың  тарихи  санасын  қалыптастыру  жұмысын  жалғастыруымыз 
керек.  ...  Біз  болашаққа  көз  тігіп,  т`уелсіз  елімізді  «М`ңгілік  Ел»  етуді  мұрат  қылдық  ...»  [2]  деп 
алғаш  рет  «М`ңгілік  Ел»  идеясын  тұжырымдап,  ұсынған  еді.  Қазіргі  кезде  уақыт  сынынан  өткен 
қазақстандық  жолдың  т`жірибесі  негізінде  «М`ңгілік  Ел»  ұлттық  идеясының  мынадай  жеті  құнды-
лығы  айқындалып  отыр:  Қазақстанның  т`уелсіздігі  ж`не  Астанасы;  қоғамымыздағы  ұлттық  бірлік, 
бейбітшілік  пен  келісім;  зайырлы  қоғам  ж`не  жоғары  руханият;  индустрияландыру  мен  инновация-
ларға негізделген экономикалық өсім; Жалпыға Ортақ Еңбек Қоғамы; тарихтың, м`дениет пен тілдің 
ортақтығы;  еліміздің  ұлттық  қауіпсіздігі  ж`не  бүкіл`лемдік,  өңірлік  м`селелерді  шешуге  жаһандық 
тұрғыдан қатысуы [2]. Бұл құндылықтар қоғамның тірегі болатын болашақ ұрпақты тұлғаландыратын 
педагог  мамандардың  б`секеге  қабілетті  біліктілігін  арттыру  жұмыстарында  басшылыққа  алынуы 
тиіс. 
Елбасының  жыл  сайынғы  Қазақстан  халқына  жолдау  арнауы  д`стүрге  еніп,  т`уелсіз  еліміздің 
халқын  ауқымды  да  жасампаз  істерге  жұмылдыруға  арналған  ұлттық  идеялар  қалыптастырушы 
институтқа  айналды.  2014  жылғы  12  қарашадағы  мемлекет  басшысының  «Нұрлы  Жол  –  болашаққа 
бастар  жол»  атты  Жолдауында:  «Біз  Жалпыұлттық  идеямыз  –  М`ңгілік  Елді  басты  бағдар  етіп, 
т`уелсіздігіміздің даму даңғылын Нұрлы Жолға айналдырдық. М`ңгілік Ел – елдің біріктіруші күші, 
ешқашан  таусылмас  қуат  көзі.  Ол  «Қазақстан  2050»  стратегиясының  ғана  емес,  ХХІ  ғасырдағы 
Қазақстан мемлекетінің мызғымас идеялық тұғыры! Жаңа Қазақстандық Патриотизм дегеніміздің өзі 
– М`ңгілік Ел! Ол – барша Қазақстан қоғамының осындай ұлы құндылығы...»[3] деп, «М`ңгілік Ел» 
идеясының  бастауы  тым  тереңде  жатқандығын  атап  көрсетті.  Шындығында,  қазақ  тарихының  маз-
мұнында осы идеяға тұғыр болатын, ұлттық мақтанышқа айналған тарихи оқиғалар мен құбылыстар 
аз  емес.  Абай  атындағы  ҚазҰПИ  базасында  өткен  республикалық  ғылыми-практикалық  конферен-
цияда жоғары оқу орындарында «М`ңгілік Ел» ұлттық идеясын іске асырудың өзекті м`селелері жан 
жақты  талқыланды  [4,  594  б.].  Жоғары  оқу  орындарының  студенттеріне  арналған  «М`ңгілік  Ел» 
оқулығы да жарық көрді [5]. Біз мақаламызда тарих философиясының негіздерін меңгерген тарихшы 
маманның  к`сібилігін  ұлттық  идея  құндылықтары  арқылы  дамытудың  `дістемесін  тұжырымдауды 
басты мақсат етіп қойдық. 
Халықтың  ең  маңызды  рухани  құндылығы  –  тарихы  десек,  сол  тарихты  тереңнен  түсінудің 
танымдық ж`не т`лім т`рбиелік м`ні зор. Яғни, халықтың санасын оятып, оған түрткі болатын тарихи 
жадты жаңғыртып, тарихи сана қалыптастыру тарих мазмұнының негізінде жүзеге асады. Ал, «қазіргі 
кезеңде  қазақ  тарихи  санасы  үш  деңгейде  –  жаһандық  деңгейінде,  ұлттық  деңгейде  ж`не  тұлғалық 
д`режеде» [6, 3 б.] `ртүрлі өзгерістерді бастан кешіріп отыр. Осы орайда, аталған `леуметтік жадты 
жаңғырту мен толықтыруға ұлт тарихын баяндап қоя салу жеткіліксіз. Тарихи жад пен ойлау ерекше-
лігіне  ие  болу  арқылы  ата-бабалардың  өмір  жолындағы  т`жірибесін  игеріп,  оны  одан  `рі  жетілдіру 
д`стүрлі тарих философиясының негізгі міндеттерінің бірі. Мұны М.Дулатов «Тарих не айтады десе-
ңіз, оның айтатыны мынау: біздің бұрынғы бабаларымыздың кім екендігі, олардың дүниеде не істеп 
не бітіргендігі, қандай құты барлығы, ол құтты не орынға жұмсағандығы; істеп жүрген ісінің қайсы-
сынан пайда, қайсысынан зарар көргендігі; бұрынғы бабаларымыздың досы-дұшпаны кім екендігі, не 
себептен  бағы  тайғандығы  ж`не  соған  ұқсас  істердің  барлығын  тарих  түсіндіріп  тұрады.  Бұрынғы 
бабаларымыздың басынан кешкен жақсы-жаман қандай уақиға бар болса, оның б`рі де өткендегі бір 
істің н`тижесінен туған болады. Со секілді келешекте біздің басымызға түсешек бір оқиға осы күнде 
қылып жүрген ісіміздің н`тижесі болмақшы. Тарих оқысақ, оның сөзін оқысақ, қандай істен қандай 
н`тиже туатынын анық білеміз» [7, 59 б.]деп ой қорытады. ХХ ғасыр басындағы қазақ зиялысының 
тарихи  дүниетанымынан  туындаған  осы  бір  ой  оның  тарихты    философиялық  ұғынуы  ж`не  ұлттық 
негіздегі  көзқарасы,  азаматтық  ұстанымы  еді.  Тарихи-философиялық  бағыттылығымыздың  д`стүрлі 
негізден бастау алып, ғылыми-теориялық дамуға қадам басарын меңзейді.Ұлттың тарихи сана-сезімі 
ұлттық  ж`не  жалпыадамзаттық  құндылықтармен  байытылуы  үшін  тарих  философиясының  отандық 
ж`не `лемдік тұжырымдарымен қатар оқытылуын қажет етеді. 
 




Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   353   354   355   356   357   358   359   360   ...   587




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет