С. Г. Тажбаева Редакция алқасы



Pdf көрінісі
бет359/587
Дата06.01.2022
өлшемі7,04 Mb.
#13134
1   ...   355   356   357   358   359   360   361   362   ...   587
Байланысты:
ped and psy 2 nomer 2016.compressed (1)

Абай атындағы ҚазҰПУ-нің Хабаршысы, «Педагогика ғылымдары» сериясы, №2 (50), 2016 ж. 
239 
Интеллектуалды  тарихтың  қалыптасуы  д`стүрлі  тарихи  деректер  негізінде  гуманитарлық  ғылым-
дардың  теориялары  мен  `дістерін  пайдаланатын  тарих  пен  `леуметтану  арасындағы  п`наралық 
байланыстарға жаңа мүмкіндіктер береді. «Теориялық тарихтың п`ндік ерекшелігі» `леуметтік өмір-
дің  барлық  қырларын  зерттейтін  мейлінше  `р  алуан  п`ндерге  жүгіне  алатындай  тарихи  танымда 
тиімді  пайдаланылатын  п`наралық  сипатқа  ие  болады.  Мұндай  сипат  тарихшыны  тарих  филосо-
фиясымен жақындастырады. Бұл тұрғыдан алғанда теориялық тарих д`стүрлі эмпирикалық тарих пен 
тарих  философиясының  арасын  байланыстырушы  буын  болып  табылады  немесе  оны  эмпирикалық 
тарихтың миы деп бағалауға болады. Бүгінгідей тарихнамалық төңкеріс заманында теориялық білім 
қазіргі тарихнамалық практиканың қажетті компонентін құрайды» [6, 232 б.]. Бұл тұжырымдар тарих 
философиясының  п`ні  мен  нысанын,  зерттеу  т`сілдерін  ж`не  тарихи  танымдағы  оның  қызметін 
танытады. 
Болашақ  тарихшы  маманның  тарихи  ж`не  гуманитарлық  п`ндерден  алған  к`сіби  білімін  қоры-
тындылап,  оны  теориялық  тұрғыда  негіздеуінде  тарих  философиясының  маңыздылығы  жоғары. 
Тарих  философиясының  жетістіктерін  пайдалану  болашақ  тарихшы  маманның  шығармашылық, 
ғылыми  танымдық,  `дістемелік,  болжаушылық  дағдыларын  қалыптастырады.  Ал,  д`стүрлі  тарих 
философиясының  негіздерімен  таныс  болғанда  болашақ  тарихшы  маман  қазақ  жеріндегі  ежелгі 
дүниеден  бастап,  д`стүрлі  қазақ  тарихиойының  генезисі  мен  оның  бүгінгі  күнге  дейінгі  дамуына 
дербес  тарихи-философиялық  тұжырымдар  жасай  алады.  Сонымен  қатар,  `лемдік  деңгейдегі  тарих 
теориясы  мен  методологиясының  концепцияларымен,  категорияларымен,  зерттеу  `дістерімен  таны-
сып, отан тарихындағы олардың үлгілерін меңгереді. 
Болашақ  тарихшы  маманның  елжандылық  қасиеттері  мен  ұлттық  тарихи  санасының  ғылыми 
негіздерін қалыптастыруға отандық тарих философиясы ықпал етеді. Тарих пен оның қосалқы п`нде-
рінің  материалдарын  көзқарастық,  дүниетанымдық  тұрғыда  пайымдау  т`жірибесімен  толықтыра 
отырып,отан  тарихының«М`ңгілік  Ел»  ұлттық  идеясына  өзек  болған  басты  құндылықтарының  м`ні 
мен  мазмұнын  анықтауға  көмектеседі.  Сонымен,  жоғары  оқу  орнында  тарих  философиясын  оқыту 
мынадайміндеттерге қызмет етеді: 
-  болашақ  тарихшы  маманды  тарих  философиясының  үлгілерімен,  негізгі  түсініктері  ж`не 
қағидаларымен таныстыру; 
-  қазақ  тарихнамасындағы  тарихи  таным  мен  оның  принциптерін  ғылыми  зерттеулер  мен 
педагогикалық т`жірибеде қолдануға бағыт беру; 
-  тарих  философиясындағы  белгілі  теориялық  бағыттармен,  ғылыми  мектептермен,  концепция-
лармен  ж`не  оның  өкілдерімен  таныстырып,  отан  тарихындағы  үлгілердің  ерекшеліктері  мен  орны 
туралы білім беру; 
-  адамзат  тарихы  мен  отан  тарихының  дамуын  циклдік  ж`не  прогресс  пен  регресс  тұрғысында 
түсіндіретін теориялардыигеру; 
-  қазақ  тарихындағыұлттық  құндылықтарды  жалпыадамзаттық  құндылықтар  аясында  талдап, 
бағалай алу дағдысын меңгеру; 
-  төл тарих т`жірибесі негізінде болашақты болжамдау. 
Жоғары  оқу  орындарында  білім  алатын  қазіргі  жастар  көз  жетерлік  болашақта  қоғамның  саяси, 
экономикалық  ж`не  ғылыми  элитасын  қалыптастырады.  Сондықтан  қазақстандық  қоғам  дамуының 
табысы  жастардың  жеке  тұлға  ретінде  қалай  бейімделуіне,  қазақстандық  м`дениеттің,  тарихтың 
қандай  құндылықтары  оның  тұлғасының  дүниетанымдық  өзегін  құрайтынына,  оның  азаматтық 
жауапкершілігінің деңгейі қандай болатындығына байланысты [9, 4 б.]. Тағы бір айта кететін м`селе, 
«Тарих»  мамандықтарында  тарихи  зерттеулерде  қолданылатын  нақты  т`сілдерімен  бірге  жалпы 
ғылымдық  т`сілдер  де  оқытылады.  Бұл  жерде,  кез-келген  т`сілді  теориялық  тұрғыда  меңгеріп  қою 
жеткіліксіз,  оны  практикада  қолдана  алу  дағдыларын  игеру  де  маңызды.  Осы  тұста,  д`стүрлі  қазақ 
тарихнамасында  қолданылған  ұстанымдармен  `діс-т`сілдерді  анықтау  студенттің  ұлттық  дүние-
танымға  сай  түсінігін  қалыптастыруына  септігін  тигізеді.Д`стүрлі  тарих  философиясында  түркілік 
кезеңдегі  тарихи  білімдердің  пайда  болуы  мен  жинақталуы  ж`не  исламдық  мазмұнның  ықпалы 
д`стүрлі  қазақ  тарихи  ойының  дамуы,  қазақ  тарих  ғылымының  қалыптасуы  ж`не  тарихнамалық 
еңбектердегі  тарихи  философиялық  тұжырымдардың  дамуы,  қазақ  халқының  тарихи  санасы  мен 
тарихи  танымы  сынды  келелі  м`селелер  қамтылады.  «М`ңгілік  Ел»  ұлттық  идеясында  негізделген 
құндылықтардың арасында «Қазақстанның т`уелсіздігі ж`не Астана», қоғамымыздағы ұлттық бірлік, 
бейбітшілік  пен  келісім,  зайырлы  қоғам  ж`не  жоғары  руханият,  тарихтың,  м`дениет  пен  тілдің 
ортақтығы  сияқты  құндылықтарға  түсіндірме  беру,  олардың  ара-жігін  айқындап,  қоғамдық-саяси 


Вестник КазНПУ им. Абая, серия«Педагогические науки», №2 (50), 2016 г. 
240 
ж`не  м`дени-`леуметтік  қызметін  бағдарлау,  ең  соңында  осы  бағдардағы  жұмыстың  н`тижесін 
болжамдауда  гуманитарлық  ғылымдардың  ішінде  тарих  философиясының  ж`не  осы  ғылымның 
заңдылықтары,  категорияларымен,  қағидаттарымен  қаруланған  к`сіби  маманның  мүмкіндігі  өте 
жоғары. 
Осындай  ұлттық  идеяларды  іске  асыру  мақсатында  «Интеллектуалды  ұлт  2020»  ұлттық  бағдар-
ламасының қабылдануы білім беру жүйесінің мазмұнын кеңейтіп, оқу-`дістемелік технологияларды 
саралап,  жаңа  деңгейге  көтерудің  міндеттерін  алға  тартады.  «М`ңгілік  Ел»  ұлттық  идеясын  іске 
асырудың  бір  міндеті  –  интеллектуалды  ұлт  қалыптастыру,  ал  білім  беру  –  ұлттық  б`секеге  қабі-
леттілікке негізделген интеллектуалдық `леуетін қалыптастыратын сала екендігін ескерер болсақ, бұл 
міндетті іске асыруда тарихи сана қалыптастыру басты миссиясы болып саналатын тарихшы маман-
дардың  к`сібилігін  дамытуды  қажет  етеді.  Бірқатар  оқу  орындарының  оқу  жоспарларына  жасалған 
талдау  көрсетіп  отырғандай,  тарихшы  маман  дайындаудың  білім  беру  бағдарламасының  педагоги-
калық  стратагиясында  белгіленген  Құзіреттерге  негізделген  білім  беру  модульдеріндегі  негізгі 
міндетті  ж`не  к`сіби  модульдерде  «Тарих  философиясы»  п`ні  қамтылмағаны  белгілі  болып  отыр. 
dйтсе  де,  тарих  ғылымының  теориялық-методологиялық  негіздері  мен  білім  мазмұнының  Жалпы 
м`дени  ж`не  К`сіби  құзыреттері  мен  дағдыларын  жете  меңгеруімен  бірге  тарихшы  маманға  отан 
тарихының құндылықтарын `лемдік тарихпен ұштастыруға қабілеті барынша ауқымды көзқарастық, 
дүниетанымдық  біліктіліктерді  меңгеру  қажеттілігі  туындайды.  Бұл  қажеттілікті  тарихи  п`ндердің 
арасында  «Тарих  философиясы»п`нінің  мазмұны  өтей  алар  еді.  Содан  да,  п`ннің  мемлекеттік 
стандарты  мен  оқу-`дістемелік  кешенін  дайындау  жоғары  білім  саласындағы  жүйе  құраушы  п`ннің 
бірі ретінде шұғыл түрде атқарылуы тиіс деп білеміз. 
 
1 Назарбаев Н.n. «Қазақстан - 2030» - Алматы: Білім, 1997. – 7 б. 
2  «Қазақстан  Республикасының  Президенті  –  Елбасы  Н.n.Назарбаевтың  «Қазақстан  –  2050»  Страте-
гиясы  қалыптасқан  мемлекеттің  жаңа  саяси  бағыты.»  атты  Қазақстан  халқына  Жолдауы»  //  Егемен 
Қазақстан. 14 желтоқсан 2012 ж. 
3 Назарбаев Н.n. «Нұрлы Жол – Болашаққа Бастар Жол». Астана. 12 қараша 2014 ж. 
4  «Мeңгілік  Ел»  ұлттық  идеясы  Қазақстан  Республикасының  жоғары  білім  саласындағы  жүйе  құрушы 
фактор: оның мeселелері мен іске асыру перспективалары»: Қазақ хандығының 550 жылдығы, Қазақстан Рес-
публикасы Конституциясының 20 жылдығы, Қазақстан халқы Ассамблеясы жылына арналған республикалық 
ғылыми-практикалық конференция материалдары. 18 маусым 2015 жыл. – Алматы: Абай атындағы ҚазҰПУ, 
«Ұлағат».- 2015. – 594 б. 
5 «Мeңгілік Ел». – Учебник. – Алматы: «Ұлағат». – 2015. – 336 с. 
6 Сатершинов Б.М. Тарихи сана тeуелсіздіктің рухани тұғыры. – Алматы: ҚРБҒМ ҒК ФжСИ КБО, 2011. – 
291 б. 
7 Дулатұлы М. Алты томдық шығармалар жинағы. 2-том: /Құраст: Г.Дулатова, С.Иманбаева. – Алматы: 
Мектеп, 2013. – 392 б. 
8  Тұрлығұл  Т.Т.  Мектепте  Қазақстан  тарихын  оқытудың  теориясы  мен  eдістемесі.  –  Алматы:  Ғылым, 
2003. – 256 б. 
9  Ғазалиев  А.М,  Есім  Ғ,  Ферхо  С.И,  Бұрханов  К.Н.  Қазақстандық  патриотизмді  қалыптастыру:  теория 
жeне практика: Монография. – Қарағанды: Қарағанды МТУ, 2009. -122 б. 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   355   356   357   358   359   360   361   362   ...   587




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет