С. Г. Тажбаева Редакция алқасы



Pdf көрінісі
бет374/587
Дата06.01.2022
өлшемі7,04 Mb.
#13134
1   ...   370   371   372   373   374   375   376   377   ...   587
Байланысты:
ped and psy 2 nomer 2016.compressed (1)

Абай атындағы ҚазҰПУ-нің Хабаршысы, «Педагогика ғылымдары» сериясы, №2 (50), 2016 ж. 
249 
Оқу-т`рбие үдерісінде құқықтық м`дениетті қалыптастыру тек студенттерді құқықтық білім ж`не 
түсініктермен қаруландыруды ғана білдірмейді, сонымен қатар іс-`рекетте жүзеге асатын күнделікті 
заңды  мінез-құлық  дағдылары,  біліктері  мен  `деттері  негізінде  құқықтық  салада  белсенді  ұстаным-
дарын т`рбиелеуді білдіреді. Құқықтық т`рбие – бұл т`рбиеленушілерде терең ж`не тұрақты сенім-
дер мен сезімдерді, жоғары құқықтық м`дениетті, заңдық қарым-қатынас дағдыларын қалыптастыру 
мақсатында олардың санасына, психологиясына, барлық қоғамдық өмір құрылысына, идеологиялық 
факторларға нақты бағытталған жүйелі `сер ету [6]. 
Құқықтық  м`дениет  мазмұны  жалпы  адамзаттық  рухани  м`дениет  мазмұнына  енеді.  Оны  екі 
тұрғыда  қарастыруға  болады.  Біріншісі  –  кең  м`нінде  алғанда,  құқықтық  межелер,  құқықтық  қаты-
настар,  құқықтық  мекемелер  `рекетінің  ауқымын  қамтиды.  Ал  екіншісі  –  тұлғалық,  психологиялық 
ж`не  педагогикалық  м`нінде  қарастыру.  Құқықтық  т`рбие  адамның  құқықтық  м`дениетімен  тығыз 
байланысты. 
Құқықтық  м`дениетті  қалыптастыруға  қатысты  заң,  философия  ғылымдары  саласында  мейлінше 
жақсы  зерттелсе,  педагогика,  психология,  `леуметтану  ғылымдары  саласында  `лі  де  `р  қырынан 
зерттеуді қажетсінеді деп есептейміз. 
Жастардың құқықтық м`дениетін қалыптастыру дегеніміз – олардың жас ерекшеліктеріне с`йкес, 
құқықтық  м`дениет  элементтерін  қоғамдағы  шынайы  құбылыс  ретінде  қабылдатуды  мақсат  ететін, 
арнайы  ұйымдастырылған  педагогикалық  `рекет.  Жастардың  құқықтық  м`дениетін  қалыптастыру-
дың табысты жүруі оның жалпы м`дениетінің даму деңгейі мен осыған с`йкес білім беру ұйымында 
оларға өзін-өзі танытуға ж`не шығармашылығына мүмкіндік беретін, құқықтық кеңістіктің болуымен 
тікелей байланысты. 
Жастардың  бойында  құқықтық  м`дениетті  қалыптастыру  олардың  құқықтық  санасы  мен  құқық-
тық  мінез-құлқын  жетілдірудің  басты  жолы  болып  табылатындықтан,  оның  негізі  құқықтық  білім 
беруде  десек,  гуманитарлық  п`ндер  шеңберінде  құқыққа  ерекше  орын  береміз.  Құқық  п`нінің 
т`рбиелік `леуеті де өте жоғары. 
Оқу  орындарында  құқықтық  м`дениетті  қалыптастыру  жұмысының  жүйесі  білім  беру  техноло-
гияларын, оқу іс-`рекетінде ақпараттық-коммуникативтік технологияларды, жеке тұлғаға бағдарлан-
ған  амал,  жобалар  `дісі  ж`не  т.б.  қолдану  арқылы  жүзеге  асырылады.  Зерттеу  м`селесін  зерделеу 
барысында құқықтық т`рбие берудің түрлері мен `дістері одан `рі жетілдіруді талап ететіндігіне көз 
жеткіздік.  Жастардың  құқықтық  м`дениетін  қалыптастыру  жұмысының  тиімділігін  диагностикалау 
`дістері теориялық жағынан `рі қарай зерттеуді қажетсінеді. 
Педагог  ғалымдар  К.Қожахметова,  М.Демеуова  ж`не  т.б.  еңбектерінде:  «Құқықтық  м`дениет  – 
қоғамның  қазіргі  даму  кезеңінде  құқықтық  жетістіктерін  айқындайтын  азаматтардың  құқықтық 
білімінің мазмұны, сипаты, деңгейі мен дағдысы» деп атап көрсетеді [7].  
Теориялық `дебиеттерде жастардың т`рбиелік деңгейін өлшеуде үш - жоғары, орташа, төмен дең-
гейлер  алу  қалыптасқан.  Дамудың  жоғары  деңгейі  деп  біз,  осы  барлық  көрсеткіштердің  қойылатын 
талаптарға  с`йкес  келуін,  ал  орташа  деңгей  деп  осы  өлшем  көрсеткіштердің  жартысына  немесе 
жартысынан көбірегіне с`йкес келуін, төмен деңгейде өлшемнің жалпы санының жартысынан азымен 
немесе  олардың  мүлдем  болмауы  деп  қарастырамыз.  Ол  белгілердің  маңыздылық  деңгейі  `рбір 
өлшем  көрсеткішінен  тұрады.  Көрсеткіштер  мотивациялық  (бағалаушылық),  танымдық  ж`не  мінез-
құлықтық салада қарастырылады. 
Құқықтық  м`дениетті  құқықтық  сана  мен  іс-`рекеттің  бірлігі  ретінде  анықтаймыз,  яғни  мотива-
циялық (қажеттілік, түрткі, қызығушылық), танымдық (білімдік), мінез-құлықтық (іс-`рекет, қылық, 
т`ртіп) компоненттерін қалыптастыру арқылы жүзеге асатын, адамдардың қылықтары, сөздері ж`не 
істерінде заттанған сана ретінде сипаттаймыз. 
Т`жірибелік  жұмысымыздың  айқындаушы  кезеңінде  теориялық,  `дістемелік  зерттеулерімізге 
сүйене отырып, жастардың құқықтық м`дениетін қалыптастырудың жүзеге асыру жолдарын ұсына-
мыз. Заң мамандығында білім алатын студенттер «Заң клиникасын» оқытушылар мен құқық қорғау 
органдарының қатысуымен ұйымдастыру. 
Оқу  орындарында  «Заң  ж`не  біз»  үйірмелерін  оқытушылардың  бақылауымен  студенттердің 
өткізуі.  Мысалы,  студенттер  құқықтық  тақырыпта  семинарлар,  конференциялар,  іскерлік  ойындар, 
жеке тақырыптар бойынша сабақтар, құқық қорғау органдарына экскурсия т.б. өткізілуі тиіс. 
Қорыта айтқанда құқықтану материалдары мақсатты бағытталып, жүйелі жүргізілетін болса, онда 
жастардың  құқықтық  м`дениетін  қалыптастыру  м`селесінің  оңтайлы  шешімін  табады.  Құқықтық 
м`дениет  деңгейінің  жоғары  болуы  білім  беру  жүйесінің,  қоғам,  елдің  дамуы  қажеттілігінен 
туындайды. 


Вестник КазНПУ им. Абая, серия«Педагогические науки», №2 (50), 2016 г. 
250 
1  Қазақстан  Республикасы.  Конституция  (1995)  Қазақстан  Республикасының  Конституциясы:  ресми 
мeтін. – А. : Заң eдебиеті, 2008. 
2 Ағдарбеков, Т Мемлекет жeне құқық теориясы: оқу құрал / Т. Ағдарбеков. – Қарағанды: Болашақ баспа, 
2001. 
3 Баққұлов, С. Д. Құқық негіздері: оқу құрал / С. Д. Баққұлов А. : Атамура , 2004. 
4 Баянов, Е.К. Қазақстан Республикасының мемлекеті мен құқығының негіздері: Оқулық /Е.К. Баянов. – А.: 
Юрист, 2003. 
5 Маймақов, Ғ.С. Қазақстан Республикасының саяси құқықтық тарихы: оқулық /Ғ.С. Маймақов. – А: Жеті 
жарғы, 2000. 
6  Сапарғалиев,  Ғ.  Қазақстан  Республикасының  Конституциялық  құқығы:  оқу  құрал  /  Ғ.Сапарғалиев.  -  А: 
Жеті жарғы, 1997 . 
7 Сапарғалиев, Ғ. Мемлекет жeне құқық теориясы: оқу құрал / Ғ. Сапарғалиев. - А. :Атамұра, 1998. 
 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   370   371   372   373   374   375   376   377   ...   587




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет